Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпаратты технология Емтихан 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
501.25 Кб
Скачать

9.Файлдық жүйелердің мінездемесі және операциялық жүйелердің ішкі құрылғыларының драйверлері.

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:

  • Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;

  • Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;

  • Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;

  • Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;

  • Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;

Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:

  • Файлды ашу;

  • Файлды сақтау;

  • Файлды қиып алу;

  • Файлды көшіру;

  • Дискіден файлды өшіру;

  • Файлдың атын өзгерту;

  • Файл үшін жарлық құру;

Файлдық жүйелерді өңдеушілерге, файлдарға дискіден қалай орын бөлінетінін, әртүрлі файлдарда блоктардың орналасуын жүйе қалай бақылайтынын білуге тура келеді. Файлдық жүйелер бір-бірімен ерекшеленеді. Мысалы котолог құрылысымен, бос дискті кеңестегі басқаруымен, файлдармен блоктарды есепке алу әдістерімен ерекшеленеді. Төменде көп тараған файлдық жүйелердің мысалдары келтірілген.

  • CD-ROM Файлдық жүйесі

  • CP|M Файлдық жүйесі

  • MS DOS Файлдық жүйесі

  • Windows Файлдық жүйесі

  • UNIX Файлдық жүйесі

Windows жүйесінде АСРІ – деп аталатын егжей тегжейлі ойластырылған энергия жұмсалуды басқарудың механизмі болады. ОЖ осы интерфейсті қолдайтын кезде кез келген драйвеге оның құрылысының мүмкіндігін ж\е олардың ағымдағы күйін жібере алады. Бұл қабілеттілік Plug and play стандартты комбинациясын қолданғанда маңызды, өйткені ОЖ іске қосылган кезде комп–р тіпті энергия жұмсалу не оларды басқаруға қатысты қасиеттерді айтпағанның өзінде кандай құрылғылар бар екенін білмейді.

Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.

10.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды және дискларды басқару амалдары.

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі файлдармен жұмыс істейді. Windows жүйесі әрбір адамды дискідегі файлдарды пайдалану кезінде оларды үнемі қадағалау қажеттігінен босатты. Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған мәліметтер жиыны файл деп аталады да дискіде сақталады. Файл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біптектес информациялар жиыны. ОС жұмысы үшін керекті мәліметтер ролін әртүрлі типетгі файлдар атқарады. Файл программадан не оларңа қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың өзңндңк аты болуы керек.

Қатты дискіге ақпараттар өте күрделі жолмен сақталады, бірақ оларды оқу өте жеңіл іске асады. Файлдардың сақталған орны жөніндегі ақпарат «Файлдардың орналасу кестесі» (ҒАТ) деп аталатын дискінің арнайы аумағында жинақталған. Әрбір файлды ашу кезінде, мысалы, программаны ңыке қосқанда операциялық жүйе мәліметтердің дискінің қай жерінде сақталғанын осы кесте кқмегімен анықтайды. Дискідегі қателерді түзету әрекетін СКан диск программасы орындағанмен де оның тиімді түрде жұмыс істеуіне кепілдік бере алмайды. Қатты дискінің жұмыс жасау жылдамдығын оныұ әлсіз жерінің бірі болып саналады. Шын мәніндегі қатты дискідегі ақпаратты оқу жылдамдығы. Процессордың оны қңдеу жылдамдығынан біршама кем.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру үшін жұмыс үстелінің кез- келген бос жеріне тышқан көрсеткішін апарып, оның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Егер басқа буманың ішінде бума құру қажет болса, онда ең алдымен жаңа буманы құратын буманы ашып, оның ішіне өз бумаңызда құру үшін, терезенің жұмыс аумағының бос жеріне апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басасыз. Пайда болған динамикалық менюден Создать командасын таңдайсыз.