Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпаратты технология Емтихан 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
501.25 Кб
Скачать

8. Операциялық жүйелердің классификациясы, дамуы.

Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

  2. Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:

Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);

Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп шығарыла алатын есептер саны);

ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);

Адрестік шинаның разрядтарының саны (16,32 немесе 64);

Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз көлемдері, микропроцессорлар классы қажет.Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:

IBM фирмасы үшін OS/2;

  1. Microsoft фирмасы үшін Windows;

  2. Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

Әрбір компьютерлік бағдарлама ОЖ-нің қызметтерін пайдаланады,сондықтан өзі үшін осы қызметтеді қамтамасыз ете алатын ОЖ-нің басқаруымен ғана жұмыс істейді. Осылайша, ОЖ-ні таңдаудың маңызы өте зор, өйткені Сіздің өз компьютеріңізді қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатыныңызды тек сол ғана анықтайды. ОЖ-ні таңдауға сіздің жұмысыңыздың өнімділігі,мәліметтеріңіздің қорғалу деңгейі, қажетті аппараттық жабдықтар да ОЖ-ні таңдауға тәуелді.

Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылатын IBM PC типті компьютерлерде бертінге дейін MS DOS операциялық жүйесі орнатылған. Қазір де көбінесе Windows 98,Windows NI,Windows 2000 және Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істейміз.

Windows 98 операциялық жүйесі IBM PC платформалы компьютерлердің графикалық ОЖ болып табылады. Windows 98,Windows 95 ОЖ-жүйелері негізінде автаномды компьютерлерді басқаруға арналған. ОЖ-ң көмегімен кішігірім компьютерлік желілер құруға, компьютерді бүкіләлемдік Интернет желісіне қосуға болады. Windows NT жүйесі (Windows 2000) глобальді желілерді басқаруда тамаша мүмкіндіктер берді. Windows XP – бұл бұрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft ОЖ. Windows XP – ң 2 нұсқасы бар:жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған. Window XP Home және неғұрлым күрдел есептеулерді жүргізуге арналған едәуір жетілдірілген Windows XP Professional.