
- •Информатика пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар және ақпараттық процесстер туралы ұғым.
- •2. Ақпарат түрлері және қасиеттері.
- •3. Ақпараттық процесстер: ақпаратты қабылдау, жіберу, түрлендіру және қолдану.
- •4.Ақпараттық жүйенің және технологиялардың дамуы.
- •5. Ақпарат ж/е оның өлшемі
- •6. Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
- •7. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау және өңдеу құралы.
- •8. Операциялық жүйелердің классификациясы, дамуы.
- •9.Файлдық жүйелердің мінездемесі және операциялық жүйелердің ішкі құрылғыларының драйверлері.
- •10.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды және дискларды басқару амалдары.
- •11. Архивтеу және антивирустық программалар.
- •12.Windows операциялық жүйесі. Бас мәзір.
- •14.Жұмыс үстелі және оның құрылымы.
- •14.Файлдар және бумалар. Сілтеме.
- •15.Windows-ты баптау.
- •16. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
- •17.Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
- •18.Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсатымен міндеті.
- •19.«Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.
- •20.Мемлекеттік басқару тиімділігі және акт
- •21. Электрондық үкімет (эү) анықтамасы.
- •22.Файлдық құрылымдық операциялар, обьектімен жұмыс істеуді үйрену, программаны іске қосу.
- •24.Интернет-технологияның элементтері.
- •25.Www баптауы және электрондық поштаның негізгі жұмысы.
- •26.Құжаттарды өңдеуде автоматтандыру құралдары және қолдануы.
- •27.Мәтіндік редакторда обьектілерді басқару түрлері.
- •28.Электрондық кесте құралдарымен мәліметті өңдеу.
- •29.Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
- •30.Базалық кестелерді құру.
- •31.Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары.
- •32.Мәліметтер қорын ms access-те қолдану.
- •33.Мәліметтер қорын құру, түрлері және қасиеттері.
- •34.Компьютерлік желілердің түсінігі және архитектурасы, классификациясы.
- •35.Компьютерлік желілерді программалық жабдықтау. Ауқымды есептеу желісі.
- •37.Html тегтері.: контейнерлер, атрибуттар және қабатталған тегтер.
- •38. Гиперсілтемелерді және фреймдерді құру (html).
- •39.Желілердің құрылымы және негізгі компоненттері.
- •41.Жергілікті желідегі компьютерлерде мәлметтердің алмасуы.
- •42.Кестелік процессорда мәліметтер қорын құру.Функциялар.
- •43.Тізімді, кітапты құру, бетпен жұмыс, диаграммалар.
- •44.Ms access-те параметірлік және айқастырылған сұраныстарды құру және таңдамалы сұраныс құру.
- •45.Сұраныстармен жұмыс, жобалау, басқару, пішінмен жұмыс.
- •46.Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
- •47.Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы.
- •48.Базалық программалау құралы және алгоритімдер.
- •49.Компьютерлік ақпараттарды қорғаудың түсінігі, қорғаудың объектілері және элементтері.
- •50.Ақпаратты қорғауда компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалық құралдардың рөлі.
- •51.Ақпаратты вирустан қорғаудың тәсілдері және амалдары.
- •52.Ақпаратты қорғаудың Криптографиялық әдістері.
- •53.Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •54.Вирусқа қарсы программалар
- •55.Мультимедиялық технология.
- •56.Мультимедияны қолдану аумағы.
- •57.Қазіргі мультимедиялық программалар түрлері.
- •58.Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •59.Мультимедиялық компьютердің архитектурасы.
- •60.Қазіргі мультимедиялық технологияларды пайдаланып құжаттарды құру.
5. Ақпарат ж/е оның өлшемі
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .
Қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мəліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір əс-ірекеттер т.б. туралы.
Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі əлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мəдениетін қалыптастыруда жəне т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді."Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нəрсені хабарлауды" білдіреді;
• техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;
• кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді əрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код.
Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады. Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=28).
Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.
Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.