Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпаратты технология Емтихан 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
501.25 Кб
Скачать

54.Вирусқа қарсы программалар

Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар:

1. Детекторлар программалары (McAfee Associates-тен Scan, Norton Antivirus және “Диалог-МГУ”-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.

2. Флаги немесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді. Фаг-программалар – зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары.

3.Ревизор (тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt) – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.

4.Ревизор (тексеруші) докторлар – ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.

5.Фильтр программалары (-D, FlueShot Plus) резидентті түрде компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.

6.Вакцина – программалары (немесе иммунизаторлар), дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, бірақ вирус оны, яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екен деп түсінеді.

55.Мультимедиялық технология.

Мультимедия – компьютерде дыбысты,ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология.

«Мультимедия» - екі жай сөзден тұратын күрделі сөз: «мульти» - көп, «медиа» - алып жүруші немесе тасымалдаушы. Осылайша, «мультимедия» те компьютерлік терминін «көптеген тасымалдаушылар деп аударуға болады, яғни мультимедия ақпаратты (дыбыс, графика, анимация және т.б.) сақтаудың және көрсетудің көптеген амалдары дегенді білдіреді.

Егер мультимедияны ақпаратты көрсетудің белгілі-бір технологиясы деп айтар болсақ, екі аспектіні еске түсірген де жөн – құрылғылық немесе аспаптық және бағдарламалық.

Мультимедияның құрылғылық жағы қалыпты амалдармен де (графикалық, адаптер, монитор, дыбыс картасы, CD-ROM жетегі және т.б.), қосымша амалдармен де (бейнекарта телевизиялық кіру/шығумен, CD-R, CD-RW, DVD жетектері және т.б.) таныстырылуы мүмкін.

Мультимедияның бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама және мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы программа – 1) пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа. Әдетте, кеңірек айтылса, бұған командалық процессордан басқа программалардың барлығы жатады; нақты мағынада айтылса, оған мәтіндік процессорды, мәліметтер базасын, электрондық кестені және т.б. жатқызуға болады; 2) нақты есепті шығару ‰шін қолданылатын программа.

Мультимедия технологиясы күнделікті өмірімізге нық енді. Алайда, осындай қолданбалы бағдарламамен дұрыс жұмыс істеу үшін мультимедия мен компьютер де барлық талапқа сәйкес болуы тиіс.