Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпаратты технология Емтихан 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
501.25 Кб
Скачать

52.Ақпаратты қорғаудың Криптографиялық әдістері.

Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ өңделген н/е есте сақтау құрылғысының әр түрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдар бойынша әр түрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.1.Шифрлеу.2.Кодтау.3.Басқа түрлері.Шифрлеу-қорғалатын хабардың әрбір символы өзгертуге жатады. Кодтау- қорғалатын элементтердің кейбір элементтері, алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады. Басқаларға н/е жеке түрлеріне-кесу, тарату ж/е мәліметтерді қысу әдістерә кіреді.

Крипто жүйелер 2 классқа жүктеледі: 1. Симметриялы криптосистемелар; 2. Ассиметриялық криптосистемалар. Ассиметриялық криптожүйеде қормалған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялық орнында сақтайды. Симметриялық криптожүйенің құпия кілтті жіберуші мен алушыға кілттерді тараудың қорғаушы каналы бойынша беру керек. Шифрлеу тәсілдері: ауыстыру, алмастыру, аналитикалық өзгерту, гаммирлеу, аралас шифрлеу. Кодтау тәсілдері: мағыналық кодтау, символдық кодтау.

Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты- қауіп-қатерге әрекеттер: 1. Өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері. 2.Өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері. 3.Жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері. Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тәсілі бойынша ағымдық ж/е блоктық цифрлеу деп бөледі. Ағымдық шифрлеуде бастапқы мәтіннің әр символы басқалардан тәуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мәліметтерді берумен біруақытта жүзеге асуы мүмкін. Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мәтіннің кейбір символдар блогі біруақытта өзгереді, сонымен қатар блогтар негізіндегі символдардың өзгеруі өзара тәуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тәуелділік болуы мүмкін. Криптоталдау- кілтке шифрленген хабардың бастапқы мәтініне ашу жайлы ғылым. Криптожүйелерге негізінде бірнеше тараптар да қойылады.

53.Компьютерлік желі вирустарының түрлері.

Компьютерлік вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа.Ол өздігінен басқа программалар соңына н/е алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріселі. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.Белгілі вирустарды келесі түрлерге бөлуге болады;Файылдық вр,Тиелмелі вр, Желілік вр, Троян аттары. Файлдық вирустар өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында таралды.Мұндай вирустар вирус жұңылңан файлды ашқан кезде тарайды, бірден орындалатын файлдарды, типі com жіне exe болып келетін файылдарды зақымдайды.Желілік вирустардың негізгі “тұратын” орны локальдық желі.Желілік вирус бір компьютерге кіріп, өзі қалаған компьютерлерге таратыла береді.Тиелмелі вирустар дискі бөлігіне зақым келтіреді.Қазіргі уақытта тиемелі вирустардың негізгі таралатын орны дискет бодғандықтан олар көп тараған.Макро вирустар макростарда н/е Visual Basic Application пограммалау тілінде жазылған программаларда ж\е программа кодының мәтінінде кездеседі. Макростар Word ж/е Excel қосымшаларында олардың мүмкіндігін кеңейту мақсатында қолданылады.Windowsтың соңғы нұсқаларында макровирустардан қорғау дұрыс шешіәмін тапқан, әйтсе де бұл жеткіліксіз болып отыр. Visual Basic Application программалау тілімен таныс қолданушы программа кодының құрамындағы зиян кодты өздігінен танып біле алады.Троян аттары көп таралған вирустар түрі, ерекшелігі-олар компьютерге н/е оның ішіндегі сақталған ақпараттарға зақым келтірмейді.

Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

• программалық вирустар;

• жүктелетін вирустар;

• макровирустар;

Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодалардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық кода іске қосылады. Бұл кода қатты дискіде және басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы, вирустық кода басқа программалар денесінде өзін - өзі қайталайды. Бұл процесті көбейу деп атайды. Белгілі бір уақыт өткенне соң көшірмелердің белгілі бір санын құрған соң, программалық вирусты бүлдіру әрекетіне көшеді: - программамен ОЖ –ның жұмысын бұзады, қатты дискідегі ақпаратты жояды. Бұл процесті вирустік шабуыл деп атайды.

Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. «Іске қосу» деген сөзге ерекше көңіл аудару қажет. Вирус жұқтырған файлдарды көшіргенде компьютерге вирус жұпайды.

Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың ж‰ктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды емес, магниттік тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.

Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе, онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нәтижесі арқылы болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын бүлдіруге дейін апара алады.