
- •Информатика пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар және ақпараттық процесстер туралы ұғым.
- •2. Ақпарат түрлері және қасиеттері.
- •3. Ақпараттық процесстер: ақпаратты қабылдау, жіберу, түрлендіру және қолдану.
- •4.Ақпараттық жүйенің және технологиялардың дамуы.
- •5. Ақпарат ж/е оның өлшемі
- •6. Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
- •7. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау және өңдеу құралы.
- •8. Операциялық жүйелердің классификациясы, дамуы.
- •9.Файлдық жүйелердің мінездемесі және операциялық жүйелердің ішкі құрылғыларының драйверлері.
- •10.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды және дискларды басқару амалдары.
- •11. Архивтеу және антивирустық программалар.
- •12.Windows операциялық жүйесі. Бас мәзір.
- •14.Жұмыс үстелі және оның құрылымы.
- •14.Файлдар және бумалар. Сілтеме.
- •15.Windows-ты баптау.
- •16. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
- •17.Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
- •18.Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсатымен міндеті.
- •19.«Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.
- •20.Мемлекеттік басқару тиімділігі және акт
- •21. Электрондық үкімет (эү) анықтамасы.
- •22.Файлдық құрылымдық операциялар, обьектімен жұмыс істеуді үйрену, программаны іске қосу.
- •24.Интернет-технологияның элементтері.
- •25.Www баптауы және электрондық поштаның негізгі жұмысы.
- •26.Құжаттарды өңдеуде автоматтандыру құралдары және қолдануы.
- •27.Мәтіндік редакторда обьектілерді басқару түрлері.
- •28.Электрондық кесте құралдарымен мәліметті өңдеу.
- •29.Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
- •30.Базалық кестелерді құру.
- •31.Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары.
- •32.Мәліметтер қорын ms access-те қолдану.
- •33.Мәліметтер қорын құру, түрлері және қасиеттері.
- •34.Компьютерлік желілердің түсінігі және архитектурасы, классификациясы.
- •35.Компьютерлік желілерді программалық жабдықтау. Ауқымды есептеу желісі.
- •37.Html тегтері.: контейнерлер, атрибуттар және қабатталған тегтер.
- •38. Гиперсілтемелерді және фреймдерді құру (html).
- •39.Желілердің құрылымы және негізгі компоненттері.
- •41.Жергілікті желідегі компьютерлерде мәлметтердің алмасуы.
- •42.Кестелік процессорда мәліметтер қорын құру.Функциялар.
- •43.Тізімді, кітапты құру, бетпен жұмыс, диаграммалар.
- •44.Ms access-те параметірлік және айқастырылған сұраныстарды құру және таңдамалы сұраныс құру.
- •45.Сұраныстармен жұмыс, жобалау, басқару, пішінмен жұмыс.
- •46.Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
- •47.Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы.
- •48.Базалық программалау құралы және алгоритімдер.
- •49.Компьютерлік ақпараттарды қорғаудың түсінігі, қорғаудың объектілері және элементтері.
- •50.Ақпаратты қорғауда компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалық құралдардың рөлі.
- •51.Ақпаратты вирустан қорғаудың тәсілдері және амалдары.
- •52.Ақпаратты қорғаудың Криптографиялық әдістері.
- •53.Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •54.Вирусқа қарсы программалар
- •55.Мультимедиялық технология.
- •56.Мультимедияны қолдану аумағы.
- •57.Қазіргі мультимедиялық программалар түрлері.
- •58.Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •59.Мультимедиялық компьютердің архитектурасы.
- •60.Қазіргі мультимедиялық технологияларды пайдаланып құжаттарды құру.
48.Базалық программалау құралы және алгоритімдер.
Алгоритм – қатаң алғышарттар – орындаушы үшін мақсатқа жеткізетін, яғни есепті программа құру арқылы шығаруға мүмкінді беретін бұйрықтардың жиынтығы. Ол – арнайы іс-әрекеттердің белгілі бір кезекпен орналасқан тәртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады.
Алгоритм құру кезінде орындаушының құрылғыларын емес, оның командалар жүйесін білу қажет, яғни алгоритмді орындаушы түсініп, жүзеге асыра алатын көптеген алғышарттармен таныс болу абзал. Орындаушыларды формальды емес (адам) және формальды (робот, машина немесе программалау тілдері) деп бөлуге болады.
Алгоритм қасиеттері
Есептерді шешу алгоритміне қойылатын талаптар жоғары. Ол дискреттілік, жалпыламалық, компактілік, анықталғандық және нәтижелілік деген қасиеттерге ие болу керек.
Дискреттілік әрбір алгоритм үздікті, дискретті сипатқа ие, яғни бірінен кейін бірі орындалатын бөле аяқталған қадамдар тізбегін құрайды. Алгоритмнің әрекеттері бір-бірінен бөлек және олардың әрқайсысының орындалуы өзінің алдындағысынан кейін ғана мүмкін болуы–дискреттілік қасиет болады.
Жалпыламалық бир типтес есептерің кең класын шығаруға жарайтындай болу қабілеті.
Алгоритмнің компактілігі дегеніміз – оның қысқалығы, инструкцияларының минимальдығының қасиеті. Өте жақсы құрылған алгоритм болып қысқа және есептеу санының минимальды қасиетіне ие алгоритм саналады.
Анықталғандық – алгоритм дәл анықталған болуы керек жөнінде және орындаушыға кез-келген алғышарттар қоюға жол бермейтіндей оны сипаттайтын алгоритмнің қасиеті.
Нәтижелілік – алгоритмнің орындалуы белгілі бір нәтижеге жеткізетін түрі. Алгоритмнің бұл қасиеті қажет нәтижені қадамдардың ақырлы санынан кейін қамтамасыз етеді.
Түсініктілік – бұл орындаушының командалар жүйесін есепке алғандағы алгоритм құрылуының міндеттілігі, яғни алгоритм орындаушыға түсінікті түрде бекітілу қажет.
Алгоритмнің әр әрекетінің орындалу ережесін кез-келген орындаушы бірмәнді түсінуі керек. Бұл бірмәнділік қасиет деп аталады.
Алгоритмдердi графика жолымен жазу, онан кейiн оны программаға айналдыру iстерi мемлекеттiк стандартпен бекiтiлiп ақпарат өңдеу жұмысында кеңiнен қолданылып келедi.
Алгоритмдерді келесі түрлерге бөлуге болады:
Есептеуіш (ДК-де есептеу процестерін беретін);
Сұхбаттық (ДК-мен сұхбат жүргізу алгоритмдері);
Графикалық (ДК дисплейінде графикалық бейнелерді құру алгоритмдері);
Мәліметтерді өңдеу;
Роботтар, станоктарды және т.б. басқару.
Алгоритмдерді жазу әдістері
Алгоритмдерді жазудың бірнеше әдістері бар, олар бір-бірінен көрнектілігімен, компактілігімен, формализация дәрежесімен және т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Кең тараған әдістер: графикалық, сөздік, алгоритмдік тілдегі және ЭЕМ үшін программалар.
Графикалық – блок-сызбалар түрінде.
Сөздік – табиғи тілде жазу.
Алгоритмдік тілде – арнайы тілде.
Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді бірыңғай және дәл жазып және оларды орындау үшін арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
ЭЕМ үшін программалар түрінде – программалаудың кез-келген алгоритмдік тілінде (Бэйсик, Паскаль, Си++ және т.б.), орындаушы компьютер болып табылады.
Блок-сызба – алгоритмдерді жазудың ең кең тараған және түсінікті әдісі. Блок - сызба – тасымал сызықтарымен байланысқан болктар тізбегі.
Алгоритмдер 3 типті болады (есептеу үрдістер типтері): сызықты, тармақталған, циклдық.
Сызықты алгоритм – орындалу барысында операциялар тізбегі алгоритм жазбасындағы тәртібімен сәйкес және енгізілген нақты мәндерден тәуелсіз (жоғарыдан төменге қарай орындалады) болатын тип.
Тармақталған алгоритм – операциялар тізбегі шарттың тексерілуімен анықталатын алгоритм.
Циклдық алгоритм – бір алғышарт бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
Алгоритм ұғымы есепті шешу әдісі, түсінігімен тығыз байланысты. Әдіс деп қатаң негізделген есепті шешу тәсілі мен оны қолдануға болатын берілген мәліметтер бойынша есептер тобын анықтау мақсатында құрылған тәсілді зерттейді. Алгоритм есепті шешу ж/е практикада қолдану өдісін сипаттау болып табылады. Ол әдісті зерттеу нәтижесі бойынша құрылады. Алгоритм есепті шешу үшін орындалатын әрекеттердің қатаң жазбаларының реттелген тізбегі болып табылады. Бұл әрекеттер шешу әдісінен туындайды. Алгоритмнің қасиетті сапаларының бірі- орындаушыдан шешу әдісін, яғни жазылған әрекеттерді не үшін орындау қажеттігін түсінуді талап етеді. Алгоритм әрқашанда орындаушы үшін жазылады. Ол адам, ЭЕМ ж/е тағы басқа өқрылғы болуы мүмкін. Алгоритмді сипаттау, орындаушыға жазылған әрекеттер түсінікті болуы үшінсоның тілінде жүзеге асырылады. Программалау тілі деп орындаушы ЭЕМ үшін жазылған алгоритмді сипаттайтын тілді атаймыз. Ал бағдарламау деп алгоритмді бағдарлама деп алгоритмдерді бағдарламалау тілінде жазу процесін атайды. Алгоритмге 3 түрге бөлінеді. Олар сызықты, тармақталушы ж/е циклдік.. Мысалы, Формула бойынша есептеу керек: |x= ay+ | bz+ c|
a) алгоритмді сөз түрінде жазайық мұндағы: a, b, z- аргументтер; x- соңғы нәтиже; P, S- аралық айнымалылар; 1. Басы
2. P: = a*y
3. S: = b*x
4. S: = S+Z
5. x: p + s
6. Жауабы: X
7. Соңы
ә) алгоритмді блок схема түрінде жазайық. Бұл алгоритм сызықты түрдегі алгоритм болып табылады. Себебі, әрбір команда алгоритмнің орындалу барысында тек 1 рет орындалады.
Базалық программалау құралы: базаны қадағалау басқару ж/е ондағы мәліметтер сақтау істерінде маңызды рөл атқарады.