
- •Информатика пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар және ақпараттық процесстер туралы ұғым.
- •2. Ақпарат түрлері және қасиеттері.
- •3. Ақпараттық процесстер: ақпаратты қабылдау, жіберу, түрлендіру және қолдану.
- •4.Ақпараттық жүйенің және технологиялардың дамуы.
- •5. Ақпарат ж/е оның өлшемі
- •6. Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
- •7. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау және өңдеу құралы.
- •8. Операциялық жүйелердің классификациясы, дамуы.
- •9.Файлдық жүйелердің мінездемесі және операциялық жүйелердің ішкі құрылғыларының драйверлері.
- •10.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды және дискларды басқару амалдары.
- •11. Архивтеу және антивирустық программалар.
- •12.Windows операциялық жүйесі. Бас мәзір.
- •14.Жұмыс үстелі және оның құрылымы.
- •14.Файлдар және бумалар. Сілтеме.
- •15.Windows-ты баптау.
- •16. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
- •17.Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
- •18.Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсатымен міндеті.
- •19.«Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.
- •20.Мемлекеттік басқару тиімділігі және акт
- •21. Электрондық үкімет (эү) анықтамасы.
- •22.Файлдық құрылымдық операциялар, обьектімен жұмыс істеуді үйрену, программаны іске қосу.
- •24.Интернет-технологияның элементтері.
- •25.Www баптауы және электрондық поштаның негізгі жұмысы.
- •26.Құжаттарды өңдеуде автоматтандыру құралдары және қолдануы.
- •27.Мәтіндік редакторда обьектілерді басқару түрлері.
- •28.Электрондық кесте құралдарымен мәліметті өңдеу.
- •29.Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
- •30.Базалық кестелерді құру.
- •31.Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары.
- •32.Мәліметтер қорын ms access-те қолдану.
- •33.Мәліметтер қорын құру, түрлері және қасиеттері.
- •34.Компьютерлік желілердің түсінігі және архитектурасы, классификациясы.
- •35.Компьютерлік желілерді программалық жабдықтау. Ауқымды есептеу желісі.
- •37.Html тегтері.: контейнерлер, атрибуттар және қабатталған тегтер.
- •38. Гиперсілтемелерді және фреймдерді құру (html).
- •39.Желілердің құрылымы және негізгі компоненттері.
- •41.Жергілікті желідегі компьютерлерде мәлметтердің алмасуы.
- •42.Кестелік процессорда мәліметтер қорын құру.Функциялар.
- •43.Тізімді, кітапты құру, бетпен жұмыс, диаграммалар.
- •44.Ms access-те параметірлік және айқастырылған сұраныстарды құру және таңдамалы сұраныс құру.
- •45.Сұраныстармен жұмыс, жобалау, басқару, пішінмен жұмыс.
- •46.Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
- •47.Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы.
- •48.Базалық программалау құралы және алгоритімдер.
- •49.Компьютерлік ақпараттарды қорғаудың түсінігі, қорғаудың объектілері және элементтері.
- •50.Ақпаратты қорғауда компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалық құралдардың рөлі.
- •51.Ақпаратты вирустан қорғаудың тәсілдері және амалдары.
- •52.Ақпаратты қорғаудың Криптографиялық әдістері.
- •53.Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •54.Вирусқа қарсы программалар
- •55.Мультимедиялық технология.
- •56.Мультимедияны қолдану аумағы.
- •57.Қазіргі мультимедиялық программалар түрлері.
- •58.Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •59.Мультимедиялық компьютердің архитектурасы.
- •60.Қазіргі мультимедиялық технологияларды пайдаланып құжаттарды құру.
46.Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
1.Сызықты немесе тізбекті алгоритм.Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм-сызықтық деп аталады. 2.Тармақталу алгоритмі.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі.Егер ол орындалса,онда алгоритм бір тармақпен,ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да,соңында екі тармақ қайта бірігеді.Мұнда алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы д.а.Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер,әйтпесе,онда,бітті түйінді сөздері пайдаланады. Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы таңдау,және аттап өту болып 2ге бөлінеді.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады,мұнда берілген шарт тексеріледі,егер ол шарт орындалса,онда 1-серия жүэеге асырылып.содан кейін келесі амалдарға көшеді.Күрделі тармақталу.Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ,яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеру.
3.Циклдік алгоритм.Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттерді тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады.Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып,ондағы айнымала мәннің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді.Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады.Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталану командасы құрайды.Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше,цикл басы және цикл соңы түйінді сөздер қолданылады.Қайталану саны алдын ала белгілі цикл-арифметикалық цикл деп,ал орындалу саны белгісіз цикл-қадамдық цикл деп аталады.
47.Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы.
Бірінші кезекте есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтайтын программалау тілдері қолданылады.
Бірінші буын – 50-ші жылдардың аяғына дейін программалау командаларының ұзақ тізбегі екілік, сегіздік жəне он алтылық сандармен мұқият бөліктеп кодталған. Бұл қызмет түрі кодтау деп аталған, программалауға бұдан гөрі күрделірек мəселе қойылған – ол алгоритмдерді құрылымдау.
Екінші буын – Ассемблер тілдері, онымен машина тілдеріне қарағанда жұмыс істеу жеңілірек болған. Оларда командалар үшін нақты мнемоника қолданылады.Мыңдаған есе жылдам есте сақтауқұрылғылары бар есептеу машиналарының пайда болуыменкодтау күрделілігінің өсуі соншалықты, бұл жұмысты адамның орындауының əсері едəуір төмендеді.\Əрбір нақты машинаның аппараттық құрылымын есепке алу, яғни бір машинадан екінші машинаға ауыстыру кезінде программалауды қайта кодтау қажеттілігі туындады – программалауды бір машинадан басқаға ауыстырғанда алгоритмдердің жиі өзгеріп кетуі байқалды.Тəжірибе жүзінде басқа программаның құрылу қағидаларын түсіну мүмкіншілігі көрінбеді.Машина кодында жазылған программаларда кодтаудың формальды қателіктерін табуға мүмкіндік беретін артық мəлімет аз болған. Нəтижеде программаны жүктеу кезінде техникалық ақаулар түсініксіз жағдайларға əкеп соғуы мүмкін болған, ал ол қателіктерді табу өте қиын еді.Бұл қиыншылықтар «жоғары деңгейлі» программалау тілдерінің құрылуына алып келді.Үшінші буын – тілдердің ең «көлемді» буыны. Оның басы 1955 жылы ФОРТРАН(формулаларды аударушы) тілінің пайда болуымен сипатталады. Бұл тілдің қолданылуы бүгінгі күнге дейін жалғасуда.1960 жылы АЛГОЛ (алгоритмдік тіл) тілі пайда болды. 1965 жылы осы кезге дейін ең танымал программалау тілдердің бірі – БЭЙСИК (бастаушылар үшін символдық инструкциялардың көпмақсатты коды).1970 жылы Никлаус Вирт Pascal (Паскаль) тілін құрды. Бұл программалау тілі аса дамыған құралдарға ие, олар қазіргі кезде де өз мəнін сақтауда.1980 жылы программалаудың ең күшті тілдерінің бірі – ADA (Ада) тілі пайда болды. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінің есептеуіш орталықтарындағы негізгі тіл ретінде қабылданған.Осы кезде тағы бір күшті программалау тілі – С (Си) тілі қоладныста жүреді.Тілдердің төртінші буыны – бұл программалық жабдықтаманы басқару тілдері, немесе оларды басқаша «программалар генераторы» деп атайды. Мысал ретінде Clipper, dBase, SuperCalc деген сияқты тілдерді келтіруге болады.Аталған тілдердің барлығы продецуралық тілдерге жатады, олар декларативті деп аталатын «Бесінші буын» тілдеріне қарама-қарсы. Бұл буынның негізгі программалау тілдері – LISP тізімдерді өңдеу тілі жəне PROLOG–логика терминдеріндегі программалау тілі.Программалау тілдерінің барлығын үш категорияға бөлуге болады: ТӨМЕН деңгей тілдері – машиналық тілдер жəне Ассемблер тілі; ЖОҒАРЫ деңгей тілдері – барлық процедуралық тілдер, жəне АСА ЖОҒАРЫ деңгей – бесінші буын тілдері.Программалау –машинадан жауап ала білу өнері дейді, егер біз есеп шығаруда компьютерді қолдануды шешсек, негізгі үш сатыдан өту қажет:Бірінші саты ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗ деп аталады. Екінші саты – ПРОГРАММАНЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ.Үшінші саты – «ПРОГРАММАЛАУ» сатысы. Алгоритмдерді жазу əдістері Алгоритмдерді жазудың бірнеше əдістері бар, олар бір-бірінен көрнектілігімен, компактілігімен,формализация дəрежесімен жəне т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Кең тараған əдістер: графикалық, сөздік, алгоритмдік тілдегі жəне ЭЕМ үшін программалар.
• Графикалық – блок-сызбалар түрінде.
• Сөздік – табиғи тілде жазу.
• Алгоритмдік тілде – арнайы тілде.
Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді бірыңғай жəне дəл жазып жəне оларды орындау үшін
арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
• ЭЕМ үшін программалар түрінде – программалаудың кез-келген алгоритмдік тілінде (Бэйсик,
Паскаль, Си++ жəне т.б.), орындаушы компьютер болып табылады.
Блок-сызба – алгоритмдерді жазудың ең кең тараған жəне түсінікті əдісі. Блок - сызба – тасымал
сызықтарымен байланысқан болктар тізбегі.