Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпаратты технология Емтихан 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
501.25 Кб
Скачать

25.Www баптауы және электрондық поштаның негізгі жұмысы.

Интернеттегі электрондық пошта. Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі электрондық пошта болып табылады . Егер Интернет басқа желілердің ақпараттық ресурстарымен байланыста екенін ескерсек, онда оны пайдаланып әр түрлі халықаралық компьютерлік желілерге хабар жіберіп және қабылдауға болады. Интернеттегі электрондық поштаның мүмкіндіктерін пайдалану үшін ,WWW – қосылған компьютерге поштаны беретін машинаға қатынас құру мүмкіндігі болуы керек .Мұны (e-mail ) электрондық пошта жүйесі арқылы , мысалы, Lotus cc: Mail немесе Microsoft Mail , пошталық BBC арқылы немесе Интернет қызметтерінен қамтамасыздандырушыға қосылған компьютер арқылы (оларды Интернет провайдерлері деп атайды ) жасауға болады. Электрондық поштаның ұйымдастыру принциптері көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Пайдаланушы корреспонденцияны жұмыс орнында пошта дайындау программасымен немесе кәдімгі мәтіндік редакторда дайындайды. Содан кейін поштаны жіберу программасы шақырылады ( мысалы, Send Mail ). Ол кәдімгі поштаны әрі қарай жан-жаққа жіберу үшін байланыс бөліміне жеткізетін пошта курері ретінде жұмыс істейді. Unix жүйелерінде Send Mail байланыс бөлімшесі рөлін атқарады. Программа пошта хабарларын сұрыптап, оларды адресаттарға жібереді. Машиналарында пошталық жәшіктер бар және пошталық серверлермен коммутацияланған телефон желілері арқылы жұмыс істейтін пайдаланушыларға қосымша әрекеттер қажет болуы мүмкін. Мысалы Relkom пошталық қызметін пайдаланушылар поштаны пошталық серверге жеткізетін uupc программасын іске қосулары керек , ал пошталық хабарды хабарлардың сақталуын да қамтамасыз ететін bml программасының көмегімен дайындауға болады. Кез келген пошталық байланыстың негізгі адрестер жүйесі болып табылады. Нақты адресі болмаса, адресатқа поштаны жеткізу мүмкін емес.

26.Құжаттарды өңдеуде автоматтандыру құралдары және қолдануы.

Енгізу:   Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті , кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға кусорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорының басқа латын әрпін еске түсіретін тыщқан сілтемесі көрінеді.

    Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.

    Назар аударыңыз, Word-та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter пернес қолданылады.

     Қатені жөндеу үшін батырмаларды пайдалануға болады:

     Backspace - курсордың сол жағындағы символды жояды.

     Delete -  курсордың оң жағындағы символды жояды.

     Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты пайдалануға болады.

Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:

-         курсордың ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;

-         бірдей уақытта Shift және курсорды жылжыту батырмасын (фрагментт бояуға арналған) басыңыз.

 Өңдеу:   мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертклер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.

    Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орнын ауыстыру немес құжаттық мазмұнын түзету.

   Форматтау: Мәтінді форматтау - құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқа пішінін де көп нәрсені анықтайды. Соныдқтан құжаттың мазмұнынының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішініде көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз -  мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

   Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

  

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

        әр түрлі қаріптерді пайдалану;

        құжат өндірісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

        мәтінд бағандарға бөлу;

        сиволдық, абзацтық, беттің сипатын тағайындау.