
- •Информатика пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар және ақпараттық процесстер туралы ұғым.
- •2. Ақпарат түрлері және қасиеттері.
- •3. Ақпараттық процесстер: ақпаратты қабылдау, жіберу, түрлендіру және қолдану.
- •4.Ақпараттық жүйенің және технологиялардың дамуы.
- •5. Ақпарат ж/е оның өлшемі
- •6. Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
- •7. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау және өңдеу құралы.
- •8. Операциялық жүйелердің классификациясы, дамуы.
- •9.Файлдық жүйелердің мінездемесі және операциялық жүйелердің ішкі құрылғыларының драйверлері.
- •10.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды және дискларды басқару амалдары.
- •11. Архивтеу және антивирустық программалар.
- •12.Windows операциялық жүйесі. Бас мәзір.
- •14.Жұмыс үстелі және оның құрылымы.
- •14.Файлдар және бумалар. Сілтеме.
- •15.Windows-ты баптау.
- •16. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
- •17.Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
- •18.Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсатымен міндеті.
- •19.«Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.
- •20.Мемлекеттік басқару тиімділігі және акт
- •21. Электрондық үкімет (эү) анықтамасы.
- •22.Файлдық құрылымдық операциялар, обьектімен жұмыс істеуді үйрену, программаны іске қосу.
- •24.Интернет-технологияның элементтері.
- •25.Www баптауы және электрондық поштаның негізгі жұмысы.
- •26.Құжаттарды өңдеуде автоматтандыру құралдары және қолдануы.
- •27.Мәтіндік редакторда обьектілерді басқару түрлері.
- •28.Электрондық кесте құралдарымен мәліметті өңдеу.
- •29.Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
- •30.Базалық кестелерді құру.
- •31.Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары.
- •32.Мәліметтер қорын ms access-те қолдану.
- •33.Мәліметтер қорын құру, түрлері және қасиеттері.
- •34.Компьютерлік желілердің түсінігі және архитектурасы, классификациясы.
- •35.Компьютерлік желілерді программалық жабдықтау. Ауқымды есептеу желісі.
- •37.Html тегтері.: контейнерлер, атрибуттар және қабатталған тегтер.
- •38. Гиперсілтемелерді және фреймдерді құру (html).
- •39.Желілердің құрылымы және негізгі компоненттері.
- •41.Жергілікті желідегі компьютерлерде мәлметтердің алмасуы.
- •42.Кестелік процессорда мәліметтер қорын құру.Функциялар.
- •43.Тізімді, кітапты құру, бетпен жұмыс, диаграммалар.
- •44.Ms access-те параметірлік және айқастырылған сұраныстарды құру және таңдамалы сұраныс құру.
- •45.Сұраныстармен жұмыс, жобалау, басқару, пішінмен жұмыс.
- •46.Сызықтық, тармақталған және қайталанған алгоритмдерді құру.
- •47.Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы.
- •48.Базалық программалау құралы және алгоритімдер.
- •49.Компьютерлік ақпараттарды қорғаудың түсінігі, қорғаудың объектілері және элементтері.
- •50.Ақпаратты қорғауда компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалық құралдардың рөлі.
- •51.Ақпаратты вирустан қорғаудың тәсілдері және амалдары.
- •52.Ақпаратты қорғаудың Криптографиялық әдістері.
- •53.Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •54.Вирусқа қарсы программалар
- •55.Мультимедиялық технология.
- •56.Мультимедияны қолдану аумағы.
- •57.Қазіргі мультимедиялық программалар түрлері.
- •58.Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •59.Мультимедиялық компьютердің архитектурасы.
- •60.Қазіргі мультимедиялық технологияларды пайдаланып құжаттарды құру.
24.Интернет-технологияның элементтері.
Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет –бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес. Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC). ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді. Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде:
Бүкіләмдік Тор: әдетте WWW (World Wide Web атауынан).
WWW – Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады. Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін.
Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP) сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар: белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын, программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі.
Жаңалықтық топтар (newsgroups): USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады.
Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлері арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс. Әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Яғни хаттама - екі желінің мәлімет алмасуының принципін анықтау заңдылығы. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:
Базалық хаттамалар: ТСР мен ІР. Әдетте Интернет серверлері бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқалары түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. TCP/IP хаттамалар тобы – бұл Internet-тегі компьютерлердің арасындағы “қатынас тілі” болып табылады. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCP/IP -(Transmission Control Protocol /Internet protocol - тасымалдауды басқару хаттамасы /желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.
Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде боп есептеледі, бұлар: HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) - Интернеттің арнайы қызмет баптарының гипермәтінді тасымалдау хаттамасы;
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Олады қабылдап, экранға шақыру үшін FTP (File Transfer Protocol - файлдарды тасымалдау хаттамасы) атаулы қызметші хаттама сы пайдаланылады. Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.
Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL адрестер (Uniform Resource Locator - ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) деп атайды. Мұндай адрес желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі. URL адреске мысалдар: http://WWW.internet.ru (internet журналы);
http://WWW.intellicast.com/weather/intl (дүние жүзіндегі ауа райы);
http://WWW.Microsoft com/games (Microsoft компаниясының ойындары);
http://- Веб-ке ену кілттік сөзі, одан кейін торап серверінің адресі, домен аттары каталогтар мен ішкі каталогтардың жазылуы, ең соңында файл аты жазылуы мүмкін.
Домен (Domain)- Компьютерлік желідегі логикалық түрде біріктірілген серверлер мен қорлар (ресурстар) тобы. Бір компьютермен басқарылатын немесе желідегі бір жұмыс станциясының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін ақпараттық желі қорларының (ресурстарының) тобы.
DNS-адрес (Domain Name System) – Аттардың домендік жүйесі, домендік аттарды санмен жазылатын IP-адреске түрлендіреді. Осындай түрлену ісін атқаратын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады немесе URL (Universal Resourse Locator). DNS-адресі жеке информациялық блоктарда нүктемен көрсетіледі. DNS-адресін бергеннен соң, компьютер DNS-серверге сұраныс жасайды , ол IP-адресті жеткізеді, ол былай жазылады:
DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды ІР – адреске ауыстыруға қажетті ақпарат Host файлында сақталады.
Host (хост) - басты компьютер:
Желідегі басқа комльютерлер (клиенттер) пайдалана алатын программалар мен файлдарды сақтайтын орталық компьютер.
Желі жүйесімен (мыс., Интернет желісімен тікелей байланысқан, өзіндік жеке адресі бар компьютер. Тұтынушылар үшін бұл адрес ішкі мазмұны сандармен кескінделетін домен аты (domain name) түрінде болады. Желідегі қызмет ету компаниясының, яғни провайдердің (service provider) компьютері және де желімен тұрақты байланыстағы компьютерлер (permanent connection) хост-компьютер рөлін атқарады.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары.