Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акпаратты технология Емтихан 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
501.25 Кб
Скачать

12.Windows операциялық жүйесі. Бас мәзір.

WINDOWS файлдар , диск лер және т.б. операциялар үшін ыңғайлы және көрнекті интерфейс қана  емес, сонымен қатар WINDOWS ортасында іске асырылатын программаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Операциялық жүйелер WINDOWS-қа: WINDOWS 3.Х,  WINDOWS 9х, WINDOWS NT, WINDOWS 2000 және WINDOWS ХР жатады.

Қазіргі кезде WINDOWS- барлық дербес  компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. WINDOWS -тің  кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі ,  графикалық интерфейс , бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау  мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде басталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. WINDOWS   бірнеше операциялық жүйелерд біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған. WINDOWS тобы  жүйелерінің барлығы бір ғана принципке құрылған,  сондықтан WINDOWS-ке арналып программалар осы жүйелердің бәріне жұмыс жасайды. Әйгілі WINDOWS операциялық жүйеі нің жаңа нұқасының атауындағы ХР әріптергeXP erience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол "өмір тәжірибесі", "білім" дегенді білді реді . Егер Windows XP-д компьютерді өшірмей іске қосыларың келсе, Презагрузка (Кайта жүктеу) батырмасын басыңдар.

Windows XP- графикалық операциялық  жүйе, оның негізгі объектілер терезе мен белгішелер түрінде  бейнеленеді .

Windows XP-дің объектілер мен төмендегі әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қасу, созу, ашу, жабу.

Жұмыс үстелінде Windows -тың объектілер мен  басқару элементтері орналасқан. Объект-олармен Windows  жұмыс істейтіндерің барлығы.

Объект-ұғым. Әр объектінің өзіне тән қасиеттер болады.Олар бір-бірінен осы қасиеттер бойынша ажыратылады. Windows -тің объектілерін қапшықтар, файылдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.

WINDOWS ОЖ кең ауқымды мүмкіндікті, күрделі ақпараттық жүйе. Бұл ОЖ-нің ең негізгі артықшылығы – бір уақытта бірнеше программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сол себепті ОЖ - көп функционалды, көп терезелі. WINDOWS ОЖ-де файлды импорттауға, экспорттауға болады. Буферде бір уақытта 12 файл сақтауға болады.

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады. Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әр түрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орын ала береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

  • толық экранды Терезе, яғни экранды толығымен алып тұрады;

  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранының белгілі бір бөлігін алып тұрады;

  • шартбелгі түріндегі, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып тұрады.

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс столында мәліметтер салынған бумалар, жарлықтар, қоржын, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін.

Құжат – бұл қолданбалы программа көмегімен өңделетін кез келген файл ; Кез-келген ақпараттың дискіде жазылуы файл болып табылады. Құжатты баспаға шығару командасы: Файл Печать ОК.

Файл дегеніміз- атау берілген кез келген ұзындықтағы байттар тізбегі.

Операциялық жүйенің файлдармен, каталогтармен жұмыс ұйымдастыруы файлдар жүйесі деп аталады. Файл префиксі дегеніміз файл жүйесі бойынша оған өту маршруты. Іздеу маршруты көрсетіліп жазылған файл атын оның толық аты немесе толық адресі деп атайды.

Қоржын (Себет – Корзина) – бұл дискілердегі жойылатын мәліметпен жұмыс істейтін жүйелік бума; Жойылған файл қоржынға түседі.

Сілтеу (Проводник) программасы файлдарды басқаруға, қосалқы программаларды жүктеуге, құжаттарды ашу тәрізді мүмкіндіктерге жағдай жасап, дербес компьютердің барлық мазмұнын көру мүмкіндігін туғызады.