
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырдан жаңа заманға өту дәуірі болды. Қайта өрлеу дәуірі Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда,әсіресе теңіз жағалауындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, алғашқы капиталистік қарым-қатынастардың дамуына әкелді. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістен жаратылыстану ғылымдарына бетбірыстың пайда болуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы – ол тәжірибелік зерттеу – эмпиризм бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм бағытын әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалауына, әсіресі оқыған, көзі ашық интелекцияның дүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады. Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әртүрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды. Табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мақсаттары мен мүдделеріне сай суретші, мүсінші, дәрігер т.б. болуға тырысты. Ал мұның өзі ресми ғылымға сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызды, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесізімі, шығармашылық ізденістері діннің шеңберінен шығып, жаңа көзқарасты талап етті. Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі – орта ғасырдығы университтер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда болуы. Оларды гуманитарлық ғылымдарды зерттеу деп атады. Сонымен Қайта өрлеу дәуірінің өшпес нәтижесі – гуманистік ағымның сол кездегі қоғам мәдениетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты әсерін тигізуінде болды.
4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
Гегель уақытында айтқандай, Күннің өзі шығыстан шаққаннан кейін, біз де философияның тарихын Шығыс елдернен бастаймыз.философия бір уақытта Дүниежүзінің үщш жерңнде-Қытай,Үнді,Грецияда дүниеге келдіүФилософияның мәселесі бір болғанмен,бұл үш түрлі цивилизация оларға үш түрлі жауап береді.Сол үш түрлі цивилизацияның бірі-осы Қытай елі.
Қытай философиясы өз бастауын б.д.д.VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, көрнекті философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының незңзгң ерекшеліктер:
-Басты ерекшелігі-саяси практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекеит мүддесіне қызмет етті.Бұл ерекшелңк сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды.Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды.Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында. Одан кейінгі қабаттарда әртүрлі деңгейдегі ақсүйектер:мемлекеттік шенеуліктер-чжухоу, беделді отбасылар-дафу және ши, ең төменде-ештеңеге құқы жоқ-шужэнь орналасқан.
-Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды:философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі-адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанмен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған,адам-қарапайым «микрокосм»,табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейьтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.Яғни, адамның міндеті-осы жіптердң үзбей, жеке белсенділік көрсетпей,өзінен жоғарыға қызмет ету, тыныш өмір сүру.
-Қытай философиясының бастауы да мифологияға байланысты деуге болады.Ежелні мифтерлдің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетіодіру,адам және қоғамның арасындағы адамгершілік келбетін жетілдіру.Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категориялпрының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
-Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселеледі «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері қарастырды.
Көне Қытай философиясының ескерткіштері : «И цзин»-«өзгерістер кітабы», «Ши цзин»- «өлеңдер кітабы», «Шу цзин»- «Тарих кітабы.»
«И цзин»-бұл Қытай мәдениетінің қалыптасуына зор әсер еткен шығарма.Ғалымдардың пікірінше бұл ежелден келе жатқан бал ашупрактикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. «И цзин»64 гексаграммалардани тұрады,олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүниенің 64 күйі мен құрылымынан тқратын, Көк- Жер-Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі.
«Ши цзин»-305 поэтикалық шығармадан тұрады.Бұл кітапта Көне Қытай қоғамындағы ван,дафу,чжухоу топтарының өмірі,адамгершілік келбеті,әлеуметтік қызметі жырланады.
«Шу цзин»-Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды. Қазір кітаптың 55тарауы бар, олардың арасында 33тарауының нақты нұсқасына жататыны анықталған.Қарастырылатын негізгі мәселелер:адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік,ата-баба салттары.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:Конфуций мектебі,даосизм, легизм,моизм,натурфилософия және номиналистер мектебі.Олардың арасындағы бастысы-Конфуций мектебі деуге болады.Оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап X X ғасырдың басына дейін Қытай мемлкетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.Конфуцийдың айтуына қарағанда,өздерініңтабиғатына қарағанда адамдар бір-біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәрбие адамдарды әр түрлі қылады.Ол білімді әр түрлі дәрежеге бөледі.Ең биік білім-туа біткен білм.Ең төмені- игерілген, келесісі-қиындықтарды басынан кешіп алған білім.Бірақ оңбаған адам басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды,-дейді Кон-фу-Цзы.
Қытай философиясында материалистік ағымдар да болды. Мысалы, «ци» ұғымы Демокриттің «атом» ұғымымен тең, олар көзге көрінбейтін, әртүрлі саомақты ұсақ бөлшектер. Мысалы, Сюнь-цзы Қытайдың «аспанға» табынуы әдетіне қарсы шығып былай дейді: «Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша,заттарды көбейтіпғ аспанды неге бағындырамыз? Біреу сұрады:егер рух болмаса, онда Құдайға табынып сұрағаннан неге жаңбыр жауды?-Мұнда ешқандай таңқалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де,кейін де жауады, т.с.с
Дегенмен, Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болыпғ негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси жақтарына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналады.
10. Антикалық философиянфның пайда болуы ж/е даму кезеңдері Антика заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э.д VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 ж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойыншы, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады.Пифагор (б.д.д. 580-500ж.ж ). Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Эллада» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, Құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздайды. Пифагор философтардың ішінде бірінші болып өз ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Оның ілімдері кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті. Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз - физикалық дене, ал пифагоршылар – сан десе, элеаттарда түпнегіз – болмыс. Элеаттар ілімінің негізгі қағидалары мынаған саяды. Түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі, тек қана түсіндіруге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді.