Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.

Сананың түрлері көп. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. олай болу үшін сана көптеген адамнеың ойын, мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін, уағыздайтын болу керек. Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Қоғамды сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі, жоғары, ауқымды. Жеке адамдар мен ғалымдардың айтқан сөздері көпшілік бұқараның көңілінен шықса, олар дереу ортақ ойға айналады. Ал, егер айтылған сөз көпшіліктен тегіс қолдау таппаса, әрбір адам айтқан төңіректе қалып қойса, ол сананың қоғамдық түріне айнала алмайды. Қоғамдық сана әрбір жеке адамдардың жай ойларының біріккен жиынтығы емес, ол мағызды, объективтік дүниені бейнелеуі жағынан жеке санадан әлдеқайда жоғары, күрделі сана. Қоғамдық сана – өте ауқымдыда кең ұғым. Ол объективтік өмірді адам адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Қоғамдық сананың түрлеріне тоқталмас бұрын ғылым мен мәдениетті өз алдына бөліп қарастырған жөн. Мәселен, ғылым өндіріске жақын, қазіргі құрал- жабдықтар – материалдандырылған ғылыми идеялар. Ғылым тікелей өндіргіш күштерге айналған. Олай болса, ғылым, бір жағынан, рухани құбылыс, екінші жағынан, материалдық құбылыс. Ғылым дамыған сайын адамдардың танымы, дүниеге көзқарасы тереңдеп, кеңиді. Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып қоғамдық сананың қай түрі болса да өзінің теориялық деңгейін көтереді. Ғылым мен философия адамдардың дүниеге материаличтік-диалектикалық көзқарасын қалыптастырады. Саясат пен право да қоғам санасының барлық түрлеріне идеологиялық бағыт құрастырады. Мораль қоғам санасының барлық түрлеріне әдептілікті, адамгершілікті сіңіреді.

Саяси сана. Бұл таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдфқ ой формасы. Саяси идеология тап күресін, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған ж/е соны іске асырады. Саяси идеялар қоғамдық сананың барлық түрлерін қамтып, оларға ықпалын жасайды. Қоғамдық сананың қандай түріне болсын мұрындық болатын саяси сана. Саяси санадағы басты мақсат - әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қалдықтарын жою, демократиялық дүрдараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас өмір екенін ұғынып, соған көшу болып табылады.

Құқылық сана. Бұл сананы жасаушы үстем тап, оның көзқарастары Құқық дегеніміз, К. Маркс айтқандай экономикалық жағынан үстем таптың заңға айналдырылған еркі. Құқылық сананың негізгі мақсаты демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен брстандығын қорғау. Біздің елімізде құқылық мемлекет орнатудың күн тәртібіне қойылуына байланысты құқылық сананың маңызы орасан зор артып отыр. Қандай жұмыс жасалса да, ол құқылық принциптерге негізделген болу керек. Заңға бағынушылық, қабылданған заңды ешкімнің бұза алмауы – бәрі құқылық мемлекет құрудың басты нышандары.