- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым-қатынасы туралы айтқанда, тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді. Қоғам алғаш аяғынан қаз тұра бастаған кезде адамдар табиғат күштеріне толық тәуелді болды, оның байлығынан күнкөріс таба жүріп, біртіндеп-біртіндер күш қуат ала бастады. Өндіріс құрал-жабдықтарын жетілдіре берді. Табиғаттың байлығын әбден игерді. Сөйие келіп, оны тоздырып, жүдетіп жібергенін де байқамады. Қазір атмосфера кірлеген, топырақ тозған, өзендерінің өзегі талып, суы тартылған әрі уланған, табиғаттың өңі солып, мұңы көбейген кезге келді. «Табиғатты бас игіздік, жеңдік» деп даурығып жүріп, өзімізге-өзіміз қастық жасадықөз қолымызды өзіміз кесуге шақ қалдық. Соның бірі – Арал апаты, былайша айтқанда теңіздің тартылып бітуі. Аралдың алтын өзегі Әмудария мен Сырдарияның суын жырымдап, «мақта суарамыз, күріш өсіреміз» деп бұра тартып, құмды жерден канал салып,тоған қазып, көл жасап жүргенде ертеңді ойламаппыз. Табиғатқа жасалған бассыз қиянат деген осы. Теңіздің деңгейі бүгінде ондаған метрге төмендеп, суы тартылған, ауданы құлазыған шөлге айналып, ал су тіршілікке жарамсыз болды. Сцы кепкен теңіз түбінен бұл күнде тұзды құйын көтерілетін болды, ол тек Арал төңірегі ғана емес, сонау батыс-шығысындағы барлық облыстардың егістік жерлеріне тұз жаудырды. Арал аймағында соңғы 20 жыл ішінде өлім-жітім екі есе көбейді. Балалардың шетінеуі 1965 жылы әрбір мың адамға 44,7 ден келсе, соңғы жылдары ,71,5ке жетті. Жаңа туған нәрестелердің 90%і дімкәс боп туылатын болды. Бұл өңірде сүзекпен ауыратындар 30 есе, сарыауруға ұшырағанддар 7есеге көбейіп кетті. Аралды құтқару, оның өңірін сақтап қалу, тазарту ғаламдық мәселеге айнеалып отыр.
Дүниеге құдіретімізді жүргіземіз деп, ман миллиардтаған сом қоғам байлығын шашып, Іленің суын байқадық, сөйтіп Балқаш көлін шөліркаеттік. Семей өңіріндегі ядролық полигонның қоғамдық өмірге, адамдардың денсаулығына тигізген зардабы өз алдына. Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды. Экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау – бүгінгі таңда әрбір азаматтың абыройлы борышы.
57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
Қоғам деп адамдар арасында қалыптасқан сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Қоғам орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан біз оларды алдымен бір-бірінен айыра білуіміз қажет. Мемлекет пен қоғамды салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай бөлігі – ол мемлекет болатын болса, су астындағысы – қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіреді, қалғандарын әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ? Жауап берер болсақ, сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс – қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобынан айырмашылығы – ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. ХХғ.ұлы ойшылы К. Ясперс те тарихтағы рухани төңкерістерді қоғамның дамуының негізіне жатқызады.. оның ойынша, «адами ахуал – әрқашанда рухани ахуал». Сонымен қатар XIV ғ.өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі енгізеді. Оның ойынша, әр түрлі қоғамдардың бір-бірінен айырмашылықтары материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуына байланысты. Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизантальды ж/е вертикальды деп 2ге бөлуге болады. студент-дің бір-бірімен қарым-қатынасы – горизантальды(әлеуметтік стамтусы жағынан тең), ал студ.тер мен профессордың арасындағы қарым-қатынастар – вертикальды (әлеуметтік статусы теі емес). Бүгінгі қоғамға келер болса, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, тапқырлығы, білімі арқасында әртүрлі статусқа жетуі мүмкін. Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» ж/е «Батыс» қоғамы деген ұғымдардан аттап өтуге болмайды. Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың алдында болып келді, тек 18ғ-дан бастап Батыс Европа капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып, машиналық өндірісті пайдаланып, алға шықты. Бүгінгі таңда Шығыс қоғамдары заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қарқынмен дамып келеді. Шығыс қоғамының нег. ерекшелігі – қауымдасып өмір сүрудің биік мәртебесінде. Батыс қоғамына келер болсақ, оның негіздері сонау көне гректерге кетеді. Батыс өркениеті жеке адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық қоғам» деген ұғыммен танысар болсақ, бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың шешуші рөлімен санаспайтын адам жоқтың қасы шығар. Нарықтық қоғамда әр адам өз «бағасы» бар, ол өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. нарық таразысына салады. Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізінен алғанда материалдық ж/е идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалистік қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды алдыментабиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Материалистік қатынастарға өндірістік, ұлттық, рулық, нәсілдік, отбасылық қактынастарды жатқызуға болады. Бұл қат.ға сана қатысатын болғанмен, бұлардың түп негізіне сана қатысты емес, олар өздігінен өмір сүреді. Қоғамдық қат.дың екінші бір тобы – идеологиялық қат.тароларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық қат.тар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсаттар мен міндеттер қояды. Соған сәйкес адам.ды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады. Қоғамның нег.қозғаушы ткүші – халық.
Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданады. Кең көлемде алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу; одан тарлау мағынасында – бір қоғамдық формациядан бір формацияға көшу; тар мағынасында – әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері. Мәдениетті игеру, бойға сіңіру, қоғам мақсатына жұмсау – өркениеттілік. Техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін.өркениеттілікке олардытек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады. Мысалға, АҚШ - озық дамыған капиталистік ел. Ол елде езілгендер де, езушілер де бар; заңдылық та, заңсыздық та бар; басқа елдерге жәрдем көрсету де бар, сондай-ақ бостандыққа ұмтылған елдердің теңдігін аяққа басу да бар. Сонда бұл қандай ел? Неміс фашистері КСРО-ға опасыздықпен соғыс ашқанда, олардың техникасы да, соғыс жүргізу әдістері де біздің бұрынғы еліміздегіден де жоғары болды. Бірақ, олар адам қырудың құралдарын жасап қолданды, бала, кемпір-шал, әйел демей бәрін қырды. Сонда олардың елін өркениетті деуге бола ма? Жоқ, болмайды! Сонда өркениеттілік неге байланысты? Ол еі алдымен прогреске, заңдылыққа, ізгілікке, әділеттілікке байланысты.
Мәдениет – адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылысы. Маәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне сай келетін мәденидеңгеймен сипаталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Капиталистік қоғам тұсында мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуі сөзсіз заңды процесс. Мәдениеттің шынайы мазмұны қоғамды демократияландыру, адам бостандығын қорғау процесімен байланысты. Жалпы адамзаттық мәдениет ұлттық мәдениеттен құралады. Ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттық, инт ернационалдық мәдениеттің болуы мүмкін емес. Ұлттық мәдениет ұлттық, халықтық дәстүрлерден дем алады, сол дәстүрлердің даму көрсеткіші болады. Адамнан тыс мәдениет те, өркениет те болмақ емес. Демек, мәдениеттен жұрдай адам болмайды. Мәдениет адамның сана- сезімінің қалыптасуына қарай көрініс табады.
Құндылықтар – қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Қасиеттер адам бойына моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Тек қайырымдылық пен адамға өызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, ноормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып реттейді. Олар адамға қоршаған шындықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады. белгілі поляк философы ж/е эстетигі Р. Ингартен құндылықтарды витальды (өмірлік) ж/е мәдени деп бөледі
