Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.

Ұлт және ұлттық қатынастар шеңберіндегі терминалогиялық шатасулар кеңістік қоғамтану ғылымына этникалық терминалогия енгізілуіне мұрындық болды. 50-жылдардың өзінде-ақ «этностың» мәні туралы мәселелерді шешу қажеттілігі туындады. 60-жылдардан бастап этникалық терминалогия ғылыми айналымға толығымен енеді, бірақ бұл мәселеге байланысты пікірталастар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Барлық көзқарастарды екі топқа бөлуге болады: этносты әлеуметтік құбылыс ретінде түсіндіру және оны жаратылыс танымдық ғылыми позициядан түсіндіру. Бірінші топқа үстем концепция болып табылатын этнос теориясын жасап шығарған Ю.В. Бромлей бастаған ғалымдардың негізгі тобын жатқызуға болады; екіншісіне-ең бастысы Л.Н.Гумилев және оныің ізбасарларының шағын тобы жатады. Ю.В.Бромлей мен өзгелерінің көзқарасы бойынша, жалпы алғанда, этнос әлеуметтік, тарихи қауым, өзге аналогиялық қауымдардан ерекшеленетін, өздерінің ұжымды өмір сүруінің айрықша формасы ретінде қарастырылады. Этностың бізде қалыптасқан осы теориясына қарсы ұзақ жылдар бойы негізгі концепциясын өзінің фундаменталды «Этногенез және Жер биосферасы» еңбегінде және басқада көптеген шығармаларында жариялаған Л.Н.Гумилев болды. Ю.В.Бромлей мен оның ізбасарларына қарсы Л.Н. Гумилев «этносты» әлеуметтік емес қатарына жатқызады: «Этнос .... әлеуметтік емес құбылыстар қатарына жатады, өйткені ол бірнеше формацияларда өмір сүре алады» деп және ол мұны көптеген тарихи айғақтармен дәлелдейді. Әрине, Ю.В.Бромлей де тарихи үрдістер этникалық үрдістермен сәйкес еместігін айтып, осыған байланысты «этникос» ұғымын енгізді.

Л.Н.Гумилев өз тұжырымында В.И.Вернадскийдің биохимиялық энергия туралы концепциясына сүйенеді: «Бұл энергия қоршаған ортаны өзгертуші және сол ортада кедергілерді жойып жібере алатын қысым көрсететін энергия болып табылады». Л.Н.Гумилевтің пікірінше, «этнос биосфера фономені бола отырып, биохимиялық энергиямен тығыз байланысты болады, дәл осы энергия этникалық теңіздер толқындарын көтереді. Әрбір асау толқын су бетінде пайда болғаннан кейін, өзінің жалдану шегіне дейін жетеді де қайта пайда болу үшін бұрқырай құлайды. Мыңдаған жылдар бойғы тербелістерде халыұтардың үздіксіз алмасуы жүзеге асып жатады». Бұл жағдай да осы энергияны қабылдау этногенездің әр түрлі кезеңдерінде әр қилы болып келеді және бұл пассионарлықпен субпассионарлықпен байланысты. Л.Н.Гумилев этногенездің пассионарлық теорииясын негіздеді. Оның пікірінше әрбір этнос белгілі бір пассионарлыққа және субпассионарлыққа ие, яғни этнос дамуындағы өрлеу мен құлдырауды туғызатын биохимиялық энергияны қабылдаудың әр түрлі деңгейлі қабілетіне ие болады.

Этносфераны жан-жақты зерттеу нәтижесінде Л.Н.Гумилев этностың мәнін белгілнр жиынтығы арқылы (тіл, мәдениет, психикалық ыңғайсыздық, психология, экономикалық ортақтастық, территория және т.б.) анықтау мүмкін емес деген қорытындыға келеді, өйткені барлық этносқа және тіпті этногенездің әр түрлі кезеңдеріндегі бір этносқа да бір деңгейде сәйкес келетіндей универсалды этнобіріктіруші белгі жоқ. Және мұны белгілі дәрежеде оның қарсыластары да қолдайды. Л.Н.Гумилевтің пікірінше «этнос ұғымын қатаң анықтауға жүйелік тәсіл ғана мүмкіндік береді» және « жүйенің нақты ықпалдары заттар емес, олардың арасындағы байланыстар болып табылады». Мұнан шығатыны, «этнос-өздерін өзге барша ұжымға қарсы қоятын жеке даралардың ұжымы» . Бұл жерде «біз-өзіміз, ал қалғандары –өзгелер» деген этникалық ұжымның өз бүтіндігін мойындауы белгі емес, адамдар арасындағы жүйелік байланыстың бір түрі болып табылады.

Л.Н.Гумилев этностың мынадай анағұрлым толық анықтамасын береді: «этнос- өздерін өзге аналогиялық ұжымдарға қарсы қоятын берік, табиғи жолмен қалыптасқан адамдар ұжымы жеке бұл комплиментарлық сезімталдықпен анықталады әрі тарихи уақыттарда заңдылықпен өзгеріп отыратын өзіндік стереотипті мінез-құлықтармен ерекшеленеді».

Әр бір адам белгілі бір этностың өкілі болғандықтан, оның энтикалық қасиеттері болатыны жалпыға белгілі, оған қосымша «этнофор» ретінде географиялалық ерекшеліктер қосылатын күрделі және қайшылықты жан болғандықтан этносты не «әлеуметтік» , не «әлеуметтік емес» деп қарастыру бұл мәселеге деген біржақты көзқарасты ғана білдіреді. «Этностың» географиялық, биологиялық құбылыс екендігін, этногенезге биохимиялық және биофизикалық үдерістер ықпал ететіндігін Л.Н.Гумилев өте орынды пікірлермен дәлелдеген. Ол «этностың» әлеуметтік табиғатын теріске шығарғанымен, оның анықтамасы мұны керісінше дәлелдейді. Ол этносты адамдардың ұжымы ретңнде сипаттайды, ал ұжымның, әрине, «белгілі бір жалпы мақсатты шешу барысында адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауым. Екіншіден, бұл анықтамадан шығатыны, этнос тарихи уақытта заңдылықтарға сай өзгерістерге түсіп отырады, яғни әлеуметтік өлшемде өмір сүреді.