Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

6. Орта ғасырдағы ислам философиясы

Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с.елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады. Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі – Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне айдарып, оны әрі қарай дамытуы.Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Арабтардың ғылымға өздерінің қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген сол кездегі еңбегі сол кездегі астрономиалық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық кестелері латын тіліне аударылып, еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге енгізген де – сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері – ерекше әңгіме. 11-12 ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа тілдеріне аударыла бастаған. Біздің жартылай жерде отырған, жартыдай көшпелі өмңр салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сәйкес келіп, оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.

2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары

Философия-дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырды.Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.Әриине, қайсібір адамның дүниеге деген көзқарасы бар.Ол-тұрпайы,фантастикалық, діни, мифологиялық, т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе, рухани жағынан алғанда, пісіп- жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен.Оны олар «акме» деп атаған.Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен қатынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді.Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналықтсатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ тағы да ашуы мүмкін.Қайсібір дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды,өйткені соңғыға ғана тек абстрактылық ой-өріс дамуының негізңнде дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады.(abstractio-латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылысмтың әр түрлі жақтарын бірінен бірін бөліп алып қарау.) олай болса, философия-дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниген келді.Оны біз мифология дейміз. (miyhos-грек сөзі,-баян,аңыз, logos-грек сөзі, ілім)Миф-табиғат, адам және қоғам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер.Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төменігі,өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі-мифтердің дүниеге қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?Біріншіден,миф алғаншы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниге келетіон өнер, дін, саясат,мораль сияқты құбылыстардың элементін бойына сақтады.Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептеді.(synkreyismos-грек сөзі-қосылған,араласқан, бөлінбеген)Екінші ерекшелігі-мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың құбылыстары мен заттарынолардың адам сияқты жаны,ойы, сезімі деп түсінуі.Үшіншіден- мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ,онда қоршаған орта,әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.Әлемдегі құдайлар мен адамдардың қарым-қатынасына арналған мифтердің де орны бөлекЕртедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз құдайлары болды.Уақыт өте келе мифология шеңберінен дін бөлініп шықты,-сонымен дүниеге деген көзқарас, дүниесезімнің жаңа түрі дүниеге келді.Дінде ең құдіретті жасампаз-Құдай-табиғаттан жоғары және бөлек тұр.Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан дүниесінде терең менім сезімін туғызады.Сенім дегеніміз-белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірге, нәрселерге берілу.Пантеизм-Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну.Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі босқа жай қалып қояды.Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады.Діннің дүниге келуінен бастап оның негізгі қағидаларына күманданған атеистік көзқарасмтар да туды.(atheos-құдайсыз,құдайға қарсы) Бүгінгі заманда дүниеге деген атеистік көзқарас ұстанған адамдардың саны аз емес. Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы-оның рационалдығында.(ratio-латын сөзі-ақыл-ой)Жалпы алған да, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады.

Сонымен, философиялық Дүниеге деген көзқарастың мәнін ашу жолында біз оның көп қырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылымменен ұштасын жатса, екінші жағынан оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен сана мен моральдық рухани құндылықтармен, тіпті, мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық. Философия-біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия-адамзат мәденметінің өзегі.

Дүниеге деген терең философиялық көзқарас, әсіресе, біздің жастарға керек. Өйткені жастар-елдің болашағы. Философияны терең оқып-білген адамның ғана дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі болып жатқан шым-шытырық тартыс,қайшылықтардың мәнін аша алады.Олай болса, өз өмірінің мән мағынасын жете түсініп, осы өмірде өзінің шынайы орнын алатын болады.