Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

51.Сана - адамның өмір сүру формасы.

Дүниедегі ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер, зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Адам миы 1020 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда оның Мәскеудегі В. И. Ленин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есіне сақтай алатын мүмкіндігі бар. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тен 3-4 пайызын ғана пайдалана алады екен. Олай болса адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады.Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады. Белгілі ой түжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру ғана: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақықатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет. Қысқаша айтқанда, біздің санамыз сыртқы дүниенің бейнелену нәтижесі. Ал енді сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет – адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс әрекет, еңбек, қызмет болмақ.

53.Философия тарихындағы адам мәселесі

Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі ролі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейінгі адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды.

Философияның көп мәселелерінің ішіндегі ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. Жыл бұрын «Ұлы жаратылыстың» негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш әлемі қажетті түрде сан- алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені-адамды тудырады екен.

Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны –« Homo Sapiens»-саналы адам, яғни ол рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан-алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше –түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар.

Уақытында Ұлы Аристотель адамды « Zoo Politikon»- қоғами жануар деген болатын. Ол да адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан-алуан қажеттіктерін өтей алады, яғни, қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі –адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын. Жалғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай жыртқыштарға жем болады.

И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама берген болатын. Егер де адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық сұмдығы жүздеген асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды қасиеті-оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австралия ғалымы В.Франкл Құдайды ғарыштан, тіпті оның ар жағынан іздеу керек емес, ол-адамның ішіндегі ар-ұжданы деген ғажап ой жатады.

Р.Декарттың «Адам машина» деген көзқарасын әрі қарай жалғастырып, Т.Гоббс адам да дене ретінде күрделі механизм деді.