Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.

Экономика саласы адамдардың негізгі материалдық мұқтаждықтарын өтеуі керек. Оның сыртында нағыз адами даму жатыр. Ол рухани шығармашылық , адам өмірінің, жер бетіндегі тіршіліктің , тіпті керек десеңіз, ғарыштың мән мағынасы жөнінде тебіреністе болу, тұлғаның шығармашылық іс әрекетінің арқасында өмірде өзінің өшпес ізін қалдыру, жер бетіндегі ғажап оқиғаны –тіршілікті – гүлдетіп сақтап қалу болмақ. Сонымен экономика саласы адамның күнбе күнгі өміріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Алайда бұл қоғамның өмір сүруінің негізгі факторы болса да, оның бір жағы ғана. Кейбір батыс ғалымдарының пайымдауынша, алдағы болашақта экономика саласы толығынан автоматтар мен роботтардың үлесіне тимек. Мұндай жағдайда адамдардың өмір мазмұны бос уақытты мейлінше сезімдік ләззат алып өткізумен және де тұлғаны құмартатын, сүйетін нәрсемен айналысу болмақ. Ал К.Маркстің ойынша, өндіргіш күштер өте биік дәрежеге көтеріліп, қоғамдық байлық ағыл тегіл болған кезде, адамдардың тектік қабілеттері мен күш жігерінің әлеуметтік кеңістігі өсіп, олар рухани шығармашылық жолына түсіп, шексіз даму мүмкіндігіне ие болады. 20 ғасыр ғылыми техникалық революция, оның жетістіктерін өндіріс саласында тиімді пайдалану өндіргіш күштерді әрі қарай күрт өсіріп, материалдық байлықтың жаңа көздерін ашты. Дегенмен де осы ғасырдың ортасына қарай бұл қоғам өзінің мәресіне жетіп, екі үлкен дағдарысқа келіп тірелді. Ол энергетикалық және сонымен байланысты экологиялық дағдарыс еді.Индустриалдық қоғам оларды аз уақыттың шеңберінде ғылыми техникалық жетістіктерге сүйен отырып,жаңа электрондық ақпараттық техналогияларды жасау арқылы шешіп,тіпті жаңа эканомияны қалыптастырды.Бұл жаңа қоғам постиндустриялдық қоғам деп аталады.

Құқық философиясы бұл қоғамның құндылықтары еркіндік пен теңдік. Кеңес Одағы заманында теңдік құндылығы жөнінде қаншама кітаптар мен мақалалар жазылып, болашақ коммунистік қоғамның өзегі ретінде қаралды. Еркіндік адамның тектік қасиеті, адам еріктікке жаратылған пенде. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе еріктік шеңберін сапалы заңдар арқылы анықтап, өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам құқықтары» дейді. Халықтың санасына терең ұялаған келесі құндылық – әлеуметтік әділеттілік. Бұл құндылық сайып келгенде еркіндік пен теңдіктің өлшемін, бірлігін құрайды. Сонымен қатар қоғам өмірінде мейірімділік, қайырымдылық рухы әрбір азаматтың ішкі дүниесіне айналуы керек. Жоғарыда келтірілген құндылықтарды өмірге енгізудегі құқық нормаларының орны ерекше. Жалпы алғанда құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Олай дейтін себептеріміз – қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік норммалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалық т.с.с. Құқық құндылықтары – цивилизациялық даму деңгейінің туындысы, өйткені олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты.

Қоғамның рухани саласы – ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда, байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ оның бар екеніне ешкім күмәнданбайды. Егер «рух» деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда ол грек тілінде «пневма» яғни ауа,тыныс, үрлеу деген сөздерге жақын, латын тіліндегі «спиритус» - көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал орыстың «дух» деген сөзінің төркіні «дуновение», «дыхание» деген сөздерге жатады. Рух деп біз адамның психикалық өмірінің ең биік, санамен байланысты, оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз. Ұлы А.Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде зұлымдық неге бар, оның себебі неде деген сұрақ қояды. Көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық адамның надандығында, білетін адам зұлымдық жасамайды деген пікірде болса, Августин: «Ақыл – біледі, ырық – таңдайды, соңғы шешім адам ырқында , мен оның жаман екенін білемін, бірақ мен саған қарай ынталанамын, ақырында оны жасайын, күнәға батамын» - деген пікір ұстайды. Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. Қайта өрлеу заманынан бастап рух жөніндегі діни көзқарастан ауытқу басталады. О.ан ерекшк үлес қосқан Л.Валла болды. Ол: « Кісі адамның рухы ғана емес, денесі де әсем. Құдайдың жаратқан бәрі де бір біріне үндесіп жатқан ғажап Дүниесінде бірде бір нәрсе өзінің құндылығын жоймайды, соның ішінде адамның денесі де», -деген ой тастайды. Жаңа Дәуірде бұл көзқарас әрі қарай дамып, рухты ең алдымен ақыл парасат ретінде қарастыруға жол ашылады. Оған өз үлестерін қосқан Р.Декарт, Б.Спиноза, неміс классикалық философиясы, француз ағартушыларының өкілдерін жатқызуға болады. Л.Фейербахтың рух жөніндегі материалистік көзқарастарын жалғастыра келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс рухтың қайнар көзін материяның өзіндік ішкі дамуға деген қабілетімен байланыстырады. Марксизмнен кейін Еуропа философиясында бейсаналық бағыт пайда болып, А.Шопенгауер адамзат ақыл ойының мардымсыздығын көрсеткісі келеді. Оның ойынша, Дүниенің негізінде өз өзін танымайтын, алдында мақсат мұраты жоқ, не істерін білмеймін, бірақ өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрлігі бар Дүниежүзілік Ырықты жатқызады. Осы идеяларды әрі қарай дамытқан Ф.Ницше Дүниенің негізінде «билікке деген ырық » жатыр деген пікір айтады.