
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
ХХ ғ. 60 жылдары біршама индустриялдық жағынан дамыған қоғамдар постиндустриялдық сатыға көтеріледі. Оны кейбір кезде информациялық (ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда посиндустриялық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. Жуық адам өмір сүреді. Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с жатқызуға болады. Постиндустриялды мемлекеттердің негізгі институтына университеттік білім беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғарғы оқу орындары негізінен үш шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші шеңберде – ғылымнығ ең соңғы жетістіктері негізінде жасалған лабораториялар, үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз көлемді түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған заттарды шығаратын мекемелер орналасқан. Яғни шығармашылық деңгейге көтерілген жастардың неше түрлі идеяларының іске асуына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында университеттер өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің жас мемлекетімізде де университеттердің дамуына жағдай жасалып жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар.Постиндустриялы қоғамды кейбір кезде «тұтұну қоғамы» деп атайды. Өйткені өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесәнде халықтың көпшілігінң материалдық ахуалы биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззат алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға көрсету өмір салты қалыптасады. Сонымен тұтынушы адам дүниеге келеді.ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А.Швейцер адамның материалдық күш-қуаты өскен сайын, оның руханиятынының тайыздана беретініне өкіне айтады. Ол осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-мағынасының азғанын,адамдардың толыққанды да сән-салтанатты дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді.Постиндустриялдық қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезінгенмен,іс жүзінде,биліктегілердің байқалмайтын нәзік ықпалының шеңберінен шыға алмайды.
46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
Қазақ ақын-жырауларының сөз өнерi ауыз әдебиетi негiзiнде дамып, өркендедi. Халықтық сөз өнерiнде, яғни мақал-мәтелдерде,аңыз-әңгiмелерде, ертегiлерде, эпостарда фантастикалық образдар, табиғаттың белгiсiз күштерi мен құбылыстары қамтылса, ақын-жыраулар сол кездегi жағдайды тiкелей жырлады. Ақын-жыраулардың халық алдында шоқтығы биiк болды, ел билеушiхандар да оларға бас идi. Ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржаны деуге боларлық түрi - шешендiк сөздер. Шешендiк өнер туралы iлiм риторика деп аталады , ол бiздiң жыл санауымыздан бес ғасыр бұрын қалыптаса бастаған. Шешендiк өнердiң философиямен тығыз байланысты екендiгiне көптеген ойшылдар назар аударған. Мысалы, Көне Антика дәуiрiнде шешендiк өнердiң классигi саясаткер Марк Тулий Цицерон болды. Ол шешендiк өнердiң теориясы хақында үш ғылыми трактат жазған. Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз риториканы диалектика мен софистикаға байланысты қарайды, диалектика мен риториканың тамырластығын қарастыра отырып, олардың айырмашылығын да көрсетедi.Егер диалектика шынайы бiлiмге негiзделген ой түю болса, риторика шешендiк ұғымға негiзделед/
Ақын-жыраулар поэзиясын философиялық жағынан қарайтын болсақ, біз даналықты, одан туатын адамның дүниеге, тарихқа көзқарасын, өмір,уақыт, заман жөніндегі көзқарастарын көреміз. Философия әдебиетпен, өнермен астасып жатады. Қазақ философиясының ерекшелігі - оның шешендік сөз, өлең-жыр түрінде келуі. «Философиялық ойды қара сөз, ұғымдар арқылы жеткізіп берудің қиындығын философиямен жақынырақ танысқан адам біледі. Ақын-жыраулар поэзия тілінде, төгіліп тұрған суырып салма көркем поэзия тілінде философияны баяндау - философия тарихында сирек кездесетін құбылыс», - дейді Т.Рысқалиев. Жырау сөзiнiң төркiнi - жыр, жырлау дегеннен шыққандығы сөзсiз, ол жайында Радлов, Уәлиханов, Әуезов, Мұқанов, Марғұлан, Смирнова, Ысмайлов т.б. жазған.Жырау мен ақынның айырмашылығы М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, М.Мағауин шығармаларында анық, жақсы талданған. Жыраулар шығармалары нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрiнде келедi. Толғауларда заман жайлы түйгендерiн, қоғамдық мәселелердi, әлем,болмыс, тiршiлiкте болып жатқан өзгерiстер туралы жырлайды. Бұл жерде Доспамбет жыраудың толғауларын айтып өтуiмiзге болады. Оның толғаулары өмiрдiкөрiктендiрiп, көркейтуге мүмкiндiктiң мол екенiн көрсетiп бердi. Ал Жиембет жыраудың толғауындағы ерекшелiк - өмiр шындығының көрiнуi, қоғамдық қайшылықтарға назар аударыла бастауы. «Еңсегей бойлы ер Есiм» деп басталатын жырда ханның жазықсыз жандарға деген аяусыздығын бетiне басып, оның көптiң күшiмен ғана хан болып отырғандығын бетiне айтады.
ХVШ ғасырда толғау мазмұн жағынан байып, дами түстi.Бұл дәуiрдiң өкiлдерi Ақтамбердi, Үмбетей, Бұқар сияқты iрi жыраулар едi. Қазақ тарихында бұл ғасыр «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деген атпен әйгiлi болған аса қиын да күрделi кезең болатын.