Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.

Дүниежүзілік философия тарихында француз ойшылдарының орны ерекше. ХІІІ ғасырда француз ағартушылық философиялық –саяси бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың негізін қалаған Вольтер мен Монтескье болды. Осы ойшылдардың еңбектері екінші буынның қалыптасуына зор әсерін тигізді. Оларға: Ламетри,Дидро,Кондильяк,Руссо, Гольбах сияқты ойшылдар жатады.Француз ағартушыларының ұлы өкілі Франсуа Мари Аруэ Вольтер дүниетанымдық кқзұарастарының негізінде сол кездегікеңінен тараған деистик материализм болды. Дүниедегі сан алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөніндегі деректерді біз сезімдік тану арқылы аламыз. «Мен тасты сипаған кезде,оның орнын ала алмайтынымды өте жақсы сезіне алмайтынымды өте жақсы сезінемін, олай болса бұл арада кеңістікте орын алып жатқан бір нәрсе барын түсінемін»,- дейді ойшыл.Вольтер: «Дүниенің элементтері материялдық және олар өткізбейтін созылған субстанция»,-деген пікір айтты.И.Ньютонның ашқан тарту қасиетін қолдап, оны ол материяның негізгі қасиеттерінің бірі бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан қасиеттері бар деген тұжырымға келді. Француз ағартушыларының бірі Дидро өзінің философиялық көзқарастарында таза материалистік бағытқа көшкен ойшыл болды.Дүниедегі субстанция біреу ғана– ол материя, ал оның себебі өзінің ішінде, сондықтан оны түсініп, тану үшін ешқандай Құдай идеясы керек емес. Материаны ешкім жаратқан жоқ, ол өзінің даму заңдылықтарының негізінде мәңгілік өмір сүріп жатыр. Дидро материяның өмір сүру тәсілін қозғалыстан көреді, сондықтан оларды бір-бірінен ажырата алмаймыз. Бүкіл табиғат мәңгі қозғалыста, бір нәрселер жойылып, екіншілері оның орнына келіп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы: олд материяның өзіндік ішкі күштерін мойындап және оның қайнар көзін ішкі қайшылықтарын көздейді.

36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)

ХІХ ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В. Дильтей, А. Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер мен О. Шпенглердің (негізгі еңбектері: «Себептілік және тағдыр», «Европаның құлдырауы») және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық философиялық ағым пайда болды. Иррац-дің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» түсіндіре алмайды. Ақыл-ой «өмірді» жансыздандырады, себебі «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмприкалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ған қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым. (М. Шелер).

Экзистенциализм (өмір сүру), тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Кьеркегордың адам – өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімінен алады. Экзис-нің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор әсер етті.

Экзис-нің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі, Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзис-зм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Екіншісі – К. Ясперстің экзис-қ нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзстенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі – экзис-м ұғымын бірінші қолдаған Жан Поль Сартрдің ілімі.

Экзис-м «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» мәселесін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін – «экзистенция», «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол, біріншіден – жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз (К.Ясперс).

Адам тіршілігінің негізгі қағидасы – «дүниенің қасында болу». Бұл жердегі «дүние» адамның қамдану өрісі – еңбек әлемі, заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал «болу» - «бірдеңенің қасында» деген мағына береді. Адам өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмайды. «Дүниенің қасында болу» адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциялиі (өмір сүру тәсілі) және трансценденциясы (Хайдеггерше – шектен шығу). Адамның шынайы тіршілігі – уайымдау. Бірақ кез келген «уайымдау» «өмір сүру» емес, себебі ол – сырттай өмір сүру. Мұндай өмір сүруде адамның жекешелі қасиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз «өмір сүру» олардан арылғанда ғана басталады. Ал шын мәнінде «өмір сүру» үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Қорқыныш - адам тіршілігінің негізгі қасиеті, ал оның негізгі құрылымы – қамдану, жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу – жалпы қамдануға жатады.