Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

35. Таным – философиялық талдау пәні.

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.

Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясынан ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.

Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.

Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет.Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс - әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.

Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі.

Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.

Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді.

Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.

Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат - әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.