- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
Философиялық ағымдардың ішіндегі кең таралған философиялық ілімдердің бірі – неотомизм (Ж. Маритен, Э. Жильсон, И. Бохеньский, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г. Гундлах т.б.) Бұл ілімнің негізгі қағидасы Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілектеріне сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, «дамыту». Бірақ томизмнің негізгі мазмұны – құдай ең жоғарғы болмыс, ал дүниелер әлемнің оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. Діни қағидалар бұлжымастан қалған. Неотомистердің пікірінше, философия ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады. Ал ғылым жалпы көзқарастық проблемаларды көтеріп шеше алмайтындықтан, философияға да, дінге де кері әсер ете алмайды. Бірақ неотомистер кейбір діни тезистерді, догмаларды негіздеу, дәлелдеу үшін жаратылыстану ғылымдары жетістіктерін пайдалануға кет әрі емес екендіктерін жасырмай айтады.
Неотомизм ілімінің бастау түсінігі – болмыс. Ол әмбебап жалпы түсінік болғандықтан тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты болмыс – құдай, ал шектелген денелер осы құдайдың өз бейнесіне қарай отырып жаратқан болмыстары. Сондықтан бұл болмыстардың өмір сүру немесе өмір сүрмеуі құдайдың жігеріне байланысты. Неотомистер табиғатын барлық құбылыстары материя мен формадан (түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол материяға қарағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (гиле – материя, морфа – форма) уағыздайды. Этикалық мәселелерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз оның ‘‘таза және жетілген‘‘ болмысқа – құдайға дейін жоғары көтерілу.
34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.
Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады.
Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.
