Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)

Орта ғасырдағы отандық философияның бастауын ғалымдар 8 ғасырда өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылығына апарып тірейді және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт – 8 ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, асқан күйші, қобызшы, аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-ғүрпын танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы – өзінше аяқталған шығарма. «Қорқыт ата кітабының» Төбекөз (қазақ, қырғызда «жалғыз көзді дәу» ертегісінде кездеседі) өзінің іс-әрекеті, ой мақсаты, қатәгездігі жағынан «Одиссей» жырының үрейлі кейіпкерін еске түсіреді. Кітаптың бесінші тарауында,ы «Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместік мәселесі талданады. Жалпы алғанда, «Қ.а.к-дағы» көтерілген әлеуметтік мәселелерге келер болсақ, олар: халықтың бірлігін сақтау, әлеуметтік әділеттікті жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды түрде күресу, әдет-ғұрыпты сақтау, елді жаудан қорғау,т.с.с. «Кімнің батыр,кімнің батыл екенін жырау білер» деген нақыл сөз тек көпшіліктің мүддесі үшін істелген істер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетігі, негізі деп қарағаны болып шығады. Сонымен Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра қалатынаны сенеміз.

Әл-Фараби Қазақстан жерінде, Отырар қаласында 870-950жж. дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп, Таяу Шығыста Бағдат пен Алеппо қаласында білім алып, араб, грек тілдерін меңгеріп, антикалық философияны зерттейді. Ә-Ф-ді толығымен араб философы деп бағалауға болады, өйткені ол араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ халқының философы деп те атауға болады. Өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, сонынан қазақ халқын құраған көп тайпаларлың бірінен шыққан. Бірақ ең жаөсысы – оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді. Ә-Ф-дің еңбектері көп. Солардың ішінен «Ғылымдарды іріктеу жөнінде», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарасы жөнінде», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жөнінде» деген еңбектерін атап өтуге болады.

Сопылық философияның Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде Қожа Ахмет Яссауи бабамызды айтуға болады. Ол халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер ретінде осы уақытқа дейін сақталған. Негізгі осы уақытқа шейін жеткен еңбегі – «Диуани Хикмет». Бұл еңбекті негізінен алғанда адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп тұратын шамшырақ ретінде қарауға болады. Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе – ол адам болмысы, ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден адам – дене, оның қажеттіліктері өтелмей өмір сүруі мүмкін емес; екіншіден, адам – рух, ол – оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы ерекшеліктері, аса баға жетпес қасиеттері. Бұл арада Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани құндылығынан іздейді. Бұл көзқарас 20 ғ. Өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы – рухани ахуал» деген сөзімен үндеседі. Яссауи қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю,руханияттыжоғары ұстау, қанағаттыққа келу мәселелері бүгінгі жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда.