Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

31. Философия тарихындағы сана мәселесі.

Құдіреттің жаратқан жандарының ішінде ең саналысы, әрине, адам. Бірақ адам жанында да көптеген оқиғалар саналы дәрежеде өтпейді. Тек құдай ғана бүкіл өзі жаратқан әлемді жарқыраған күндей айқын санамен қабылдайды. Бұл Лейбниц қағидасының қысқаша ғана тұжырымы. Сананы бейсаналықтан ажырататын негізгі белгі-саналы процестері адам өз ойларында барлық уақытта біледі, ал бейсаналықты ойларында байқамайды,тіпті білмейді.

Фил-я бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет деп қарағандықтан,ол туралы көптеген концепциялар туды. Олардың көпшілігі күнделікті тәжірибеде туған сана, саналық хақындағы пікірлерге ғана сүйенеді.Соңғы ғасырларда ғана сананың рефлексиялық табиғаты жөнінде айтыла бастаған. Рефлексия бұрын айтқанымыздай сыртқы дүниеге қатынастың субъектіге қайта оралуы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында ғана ойланбайды, солармен бірге және соларға байланысты ол өзіне де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі. Оның да деңгейі, дәрежесі әртүрлі.

Сананың табиғаты адамның дүниеге жалпы қатынасынан туындайды, тіпті сол қатынастың негізгі жағы, себебі бұрын анықтағанымыздай адам өзінен тыс дүниенің, соңғы қатарында басқа адамдардың да табиғатын, мазмұнын игере, бойына сіңіре отырып,өзін-өзі жасайды.Сана тек өзіне-өзі қатынас жасай алатын және сол арқылы дүниеде бола алатын мақұлықта болуы мүмкін нәрсе.

Г.Лейбниц пен Н.Мальбранштан,И.Фихте,Ф.Шеллинг,Г.Гегельге дейін бүкіл нағыз нақтылық санаға,яғни ерекше метериалдық емес бастау-«рухтың» белсенді әрекет ретінде қарастырылатын санаға тікелей бағынышты деп есептеледі.Бұл әрекет адамда, қоғамда, табиғатта жүзеге асатын барлық материалды үрдістерге,анықтаушы ықпалын тигізді.Табиғаттың барлығына тән бейнелену өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтіп мәні жағынан жаңа құбылыс-санаға,айналатын жаңа сатысына көтерілді.

32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.

Қазақ ф-ң тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ондай ғылыми таным роцесі мен халықтың идеалдық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы-халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т.б. пайымдау мүмкін емес. Хаықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ ф-сы ғылыми құндылығымен,өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

Қазақ ф-ның көкейкесті мәселелерінің бірі-ф-ның пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік ф-ның тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, ф-ның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,ф-я деген ұғымның өзіне осы кезге дейін дәл де толық анықтама берілген жоқ. Үшіншіден,қазақ ф-сы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.

VI ғ бастап Қазақстаның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады. Осы уақыттан бері барлық әлеуметтік өзгерістер, оның ішінде сана ауқымында, феодалдық формайияның ішкі заңдылықтармен айқындалады.

IX-XVIII ғ Қазақстан жерінде орналасқан тайпалар, олардың көсемдері өз биліктерін, басқару органдарын тәңірінің өзі берген ретінде есептеледі. Оның жарқын көрінісі – қазақ философиясының ақсүйек әулеттер генеалогиясы.

Қазақ көп кездесетін рулық генетизм осы қоғамның әлеуметтік,таптық бөлінуі және ақсүйекті рулар пайда болу кезінде күшейді. Соңғылардың қоғамдағы заңды орындары олардың төркіні құдайдан емесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндіреді.Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасады. Мысалы Төле би, Қазібек би, Әйтеке би және т.б. ой жүйесі, олардың ақыл-кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.