Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).

Экзистенциализм «өмір философиясындай» жалпы өмір мәселесін қарастырмай,бар күштерін адамның жеке өмірін-«экзистенция»(өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден-жеке даралық болғандықтан,сол себепті жалпы мәнділікке ұмтыолмайд,екіншіден, экзистенция-біздің өзіміз. Олай блса, біз оған ғылыми қарамайтындай объективті түрде қарай алмаймыз. Өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз –күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің,сенімі мен қауіптілігінің,тәжірибесі мен үмітінің жиынтығы. Экзистенцияның шын мәніндегі тереңдігі тек айрықша, шекаралық жағдайларда ғана түсіне аламыз. Адамның өлетінін, қиындыққа тап болып, оны шешу осының барі шекаралық жағдай. Э-м жеке адамдар басқаларға салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда басқалардың адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байанысқа түседі. Э-м болмысқа қарама-қарсы иемдену ұғымын да қарастырады.М.Хайддегер(1889-1976) XX ғасырдың аса ірі философтарының бірі. «болмыс және Уақыт» еңбегінде адамның әлемнен бөлінуі техникалық өркениетке тән деп сипаттайды. Техникалық өркениет адам мен әлемді бір-біріне қарсы қояды, ал субъект пен объект бөлінісінің философиялық негізделуі, сонымен қатар субъектінің объектіге белсенді ықпалы мен оны бағындыруы Жаңа заманда жүзеге асты. Еуропалық нигилизм феноменін сынап зерделей отырып, Хайддегер болмыс тақырыбына оралып, адамның өз болмысын өзекті мәселе ретінде қарастырады. Философтың ойынша адам осындағы-болмыс болып табылады.Сартр(1905-1980) адам өмірінің шектеулілігін, жалғыздығы мен өткіншілігін, сонымен қатар оның еркіндігін атап көрсетеді,өиткені оны шектейтін объективті нормалар мен қағидалар жоқ. Адамның өз еркіндігін сезінуі оның өмір сүруі үрдісінде жүзеге асады. Сартрдың ойынша адамның кім және қандай тұлға болуы оның шешіміне, таңдауына байланысты.Камю(1913-1960) өзінің «Сизиф туралы аңыз», «Бунт көтеруші адам» еңбектерінде экзистенциялдық шарасыздық позициясын бөліседі. Ол Құдайға сенім жоғалған, барлық сүйеніштен айырылған бұл әлемдегі құндылықтар қақтығысында өмір сүріп отырған адамның санасын таңдайды. Сүйеніш іздеудің мәні жоқ екендігін ұққан, санасы «жұлмаланған» мұндай адам ендігі жерде тек қана өзіне сенуі тиіс. Тек бір нәрсе бар-адам өмірінің ашықтығы.

43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.

Материя ұғымы- дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз объективті ақиқат деп қарайтын материалистік дүние танымның мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.Кеңістік пен уақыт материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. «кеңістік»және «уақыт» ұғымдары тек бір қарағанда ғана өзінен өзі түсінікті, қарапайым сияқты көрінеді,ал шын мәнінде олар күрделі, мағынасы терең ұғымдар. Сондықтан бұл ұғымдарға байланысты материализм мен идеализмнің диалектика мен метафизиканың арасында ымырасыз күрес жүріп келді. Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілердің және жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағын, басқа заттардың, денелердің,құбылыстар мен процестердің арасындағы алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңістік ұғымы сипаттайды. Қозғалыстағы материя бір қалыпта тұрмайтынын, үнемі өзгеріп, дамып, бір күйден екінші күйге, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысып жататынын білеміз. Осы процесті уақытт ұғымы сипаттайды. Идеалистік философияда И.Кант(ХVIII ғ.) кеңістік пен уақытты адамдардың сырттан алған әсерін қабылдаудың априорлық сезімдік формасы деп қараған. Яғни И.Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүре алмайды. Э.Мах және оның жақтастары уақыт пен кеңістікті ретімен тізілген түйсіктердің жүйесі деп есептеді.Кеңістік уақытты тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттардың, құбылыстардың және процестердің қасиеті деп түсінуге болмайды.