- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
ХIХ ғасырда қазақ жерінде білімге, прогреске ұмтылған алдыңғы қатарлы ойшылдар шыға бастады.Біз оларды революционер-демократ, социалист-утопист демейміз. Олар халықты революцияға шақырған жоқ, социализмді де армандаған емес.Дегенмен, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан өз орнын алды.Солардың ішіндегі алғаш шыққан қазақтың көрнекті өкілдерінің бірі Ш.Уәлиханов (1835-1865).Ол қазақтан шыққан ұлы ғалым, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол Омбы кадет корпусында оқитын досы Г.Н.Потанинмен бірге прогресшіл мұғалімдердің ықпалымен ой-өрісі кеңіп, тез жетіледі.Ол Г.Х.Гасфордтың адъютанты болып жүргенінің арқасында көп жерлерге сапар шегіп, қазақ-қырғыз халықтарының өмір тынысымен танысып үлгереді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі, халқын Европа мәдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. Шоқан алдымен елжанды, адамгершіл, интернационалист жан еді. «Ең алдымен өзімнің туған халқымды, сосын Сібірді, сосын бүкіл Ресейді, содан кейін барлық әлемді сүйемін», - деп жазды Шоқан. Ы.Алтынсарин(1841-1889) қазақ халқының тарихына аса көрнекті ағартушы, жаңашыл, педагог, жазушы, қоғам қайраткері ретінде кірді. Орынборда оқып жүрген кезінде орыс зиялыларымен араласып, Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен дәріс алады. Еліне оралған соң 1864 жылы мектеп үйін салады. Бала оқытып, тәрбиелеу жұмысында ол дүние жүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа ала білді. 1879 жылы «Киргизская хрестоматия» кітабын жазды. Ол мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы шықты.Ол өз халқын мәдениетті,төнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті. «Білім дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып білу», - деп түйіндеді Ыбырай.
27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
Қазақ философиясын дамытуда үлкен өзіндік орны бар қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіппек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай сынды ақын-ойшылдарымыздың философиялық мұраларын дүниетанымын, ақын саяси ұлттық бағыт алған әлеуметтік бағыт алған әлеуметтік ізгі ойларын бүгінгі ғылыми зерттеу нысанына айналдыру кәсібі философ ғалымдарымыздың алдында тұрған келелі дежауапты міндеттерінің бірі деп түсінеміз.А.Байтұрсынұлы – аса көрнекті жазушы, ғалым-философ.Оның негізгі философиялық ізденістері тіл мен көркем-әдеби шығармашылық табиғатын анықтауға бағытталған.Сөз – тек қана дыбыс белгілі ғана емес, ол адам ойлауының саналы және мәнді бастауы, сонымен бірге оның әсемдік түйсігінің маңызды көрінісі. Осы бағытта ол ұлттық ойлау жүйесін философиялық тұрғыда ғана зерттеп қоймай, жалпы адамзаттық құндылықтар аясын, астарын анықтауға көп зер салады. М.Дулатұлы – көрнекті жазушы, ғалым-тарихшы, философ. Философиялық эсселері негізінен тарих философиясына, әлеуметтік ойларға, тіл мен әдебиет мәселелеріне арналды.Философия мен әлеуметтану табиғатын ашатын, көпшілік қауымға түсінікті тілде жазылған мазмұнды мақалалары оны XX ғасырдағы ең үздік ұлттық философтардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Оның философиялық және әлеуметтік тұжырымдамасы абстрактылы теориялық жадағайлыққа емес, керісінше, нақты логикалық принциптер жиынтығына арқа сүйейді. М.Жұмабаев – көрнекті ақын, ойшыл, философ, жазушы, публицист. Оның шығармалары ойының тереңдігімен, мазмұндылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ нәзік те сырлы лирикалық философияға толы. Өмір шын мәнінде қаншама қымбат болғанымен, ұлт үшін, Отан үшін, оның бостандығы мен теңдігі үшін күресуді мақсат тұтқан философиясы өршіл ақын рухы алдында осылайша тәуекел таразысына тартыларына анық иланамыз. Мағжан сан қырлы, алуан ойдың, бірақ та бір ғана идея үшін қызмет еткен азатшыл, романтикалық рухтың ақыны болғандықтан, оның философиялық көзқарастарын осы аяда қарастырған жөн. Алаш ұранды қазақ зиялылары қалыптастырған демократиялық, төңкеорістік, ұлттық философиялық ақыл-ой Мағжанның поэзиясында да, прозасында да, педагогикалық ағартушылық еңбектерінде де, сын-зерттеудлерінде де айқын, еш бұлтақсыз көрініс береді.
