
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
Маркстік философиямен, жан-жақты философиялық, әлуметтік-экономикалық, саяси ілім ретіндегі марксизммен ТМД елдері халықтарының ХХ ғасырдағы өмірі мен тағдыры тығыз байланысты. Дүниежүзілік тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизинің негізінде коммунистік қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтік эксперименттің құрбаны болды. Енді міне, бүгінгі өтпелі дәуірде өмір сүріп жатқан адамдар сол заманға ір түрлі баға беруде. Ал енді тікелей өзіміз оқып отырған философия пәніне келер болсақ, жақын тарихымызда «маркстік философия – дүниежүзілік 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биік шыңы». Содан кейін, өтпелі қоғамның шеңберінде, оған қарама-қарсы, маркстік философияның жетістіктерін жоққа шығаруға бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгеріп отыратын адамдардың пікірлері де көптеп пайда бола бастады.
Маркстік философия – адамзаттың рухани ізденісінің көп шыңдарының біреуі, оны асра да, кеміте де бағалауға болмайды, әсіресе оның гуманистік, рухани жақтары осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың жүрегінде ұялаған.
Маркстік философияның негізін қалаған екі неміс ойшылы Карл Маркс (1818-1883жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895жж.) болды.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің, яғни тарихи материализмнің шығуы белгілі бір нақтылы жағдайларға байланысты. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге келіп, қоғамдағы пролетариат табының ғылыми көзқарасының біртұтас бөлігін жасау үшін қажет болды. Оны К.Маркс пен Ф.Энгельс жасап, олардың ілімін В.И.Ленин жалғастырды.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру, яғни тарихи материализмнің шығуы – өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жай жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихи материализмнің пайда болуы материализмге табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми-философиялық көзқарас сипатын берді.
Тарихи материализм қоғамның, оның дамуының философиялық-социологиялық теориясы болып табылады. Философия теория ретінде тарихи материализм қоғамдық құбылыстарды зерттеп-талдағанда, философияның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды.
24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
Тарих философиясының іргелі категорияларына мәдениет және цивилизация ұғымдарын жатқызуға болады. Көп жағдайларда олар бірмағыналық дәрежеде пайдаланылатыны да рас. Мәдениет деген түбі араб сөзі «қалалық», ал цивилизация деген латын сөзі де алғаш уақытты «қалалық», «азаматтық» деген мағынамен сөздіктерге кірген. Ал Орта ғасырларда «қала» деген ұғымды «қоғам ретінде түсінсе, онда олардың бір-бірімен ұласып кететіні рас. Сонымен, кең түрде алғанда, мәдениет деп тағы алғашқы табиғатқа қарсы тұрған, адамдардың іс-әрекеттері арқылы өзгертілген дүниені айтамыз.
Кең түрде мәдениетті екі түрге бөлуге болады. Олар – материалдық және рухани мәдениет. Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы – адамға керекті қажеттіліктердң өтеуде. Егер де белгілі бір зат адамның физиологиялық, материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандырса, оны материалдық, ал – рухани сұраныстарын өтесе – рухани мәдениет құндылықтарына жатқызамыз.
Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәдениетке ғылым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, саяси-құқықтық, моральдық-эстетикалық т.с.с. құндылықтарды жатқызуға болады. Мәдениетке адамның ішкі жан дүниесін, оның білім деңгейін, дүниеге деген көзқарасын, басшылыққа алатын әлеуметтік нормаларын т.с.с. атаймыз.
Цивилизация – бұл ұғымның көпмағыналылығы. Бірігшіден, ц. алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келетінадамзат тарихының сатысы (Л. Морган, Ф. Энгельс). Екіншіден, ц. дегеніміз – қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-сезімдік өмірлік бағытына көшуіғ руханияттың азғындауы (О. Шпенглер, Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, ц. дегеніміз, белгілі бір географиялық аймақта қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір салты, мәдени құндылықтар, шаруашылық формалары (А.Тойнби, В.Данилевский). Төртіншіден, өндіргіш күштердің дамуыбиік дәрежеге көтеріліп, негізгң қоғамдық қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқықтарының бұлжымай орындалуы, «тұтыну қоғамының» орнауы (Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, ц. дегеніміз, дін арқылы берілетінморальдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон).
Тарихи бірінші болып «мәдени-тарихи типтер» ұғымыненгізіп, соның арқасында тарихты сопылап көрген орыс ғалымы Н.Я.Данилевский (1822-1885жж.) болған. Оның ойыншағ адамзат тарихының дамуы «мәдени-тарихи типтердің» өзара бір-бірімен күресі жолында дамиды. Бірақ бұл күресте алға шыққан негізі мен құрылымыжағынан мықты тип тарихи үрдістің негізін құрайды. Егер славяндардыңтарихи болашағы мол болып, олар көштің басында болса, ғұндар мен түріктер тек қана қиратуға жаратылған халықтар екен. Қытай, Үндістан, Иран сияқты көне автохтондық цивилизациялардың да болашағына Н.Я.Данилевский күмән келтіреді.
Тарихи сопылыққа өз үлесін қосып, уақытында үлкен қызығушылық тудырған Освальд Шпенглер (1880-1936жж.) болды. Оның ойынша, тарита әр түрлі мәдениеттер өз-өзін тудырып, гүлдеп ақырында өмірден озады. Тарихтағы әрбір мәдениет өзінің ішкі қайталанбайтын құрылымымен көрінеді. Бір мәдениттің шеңберінде өмір сүрген тұлға екінші мәдениеттің ерекшелігін толығынан ешқашан да ұға алмайды. Сондықтан оларды тек сырттай салыстыру арқылы ғана бағалауға
Мүмкіндік аламыз.
XX ғ. ортасында ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби (1889-1975жж.) цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкелді. Оның ойынша, тарихтағы әрбір цивилизация қоршағанортаға бейімделудің негізінде өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды. Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әр түрлі болмақ. А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің пессимистік көзқарасына қарсы.