Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.

Герменевтика (germeneon – грек сөзі түсіндіремін) сонау грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсіну өнері ретінде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада г. Библияның негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіру өнеріне айналды.

Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуірде пайда болған мәдени мұраларды қазіргі тілге аудару қажеттігі пайда болып, ол герменевтиканың негізгі ісіне айналды.

Жаңа дәуірде ғана герменевтика бірте-бірте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналды. Бұл ағымның негізін қалаған неміс діни қайраткері, философы Ф.Шлейгермахер болды. Ол – Платонның барлық шығармаларын алғаш рет неміс тіліне аударған адам. Оның ойынша, г – басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсінудің өнері, әңгіме оның ойларының мазмұнына гөрі, оның сөз саптау мәнерінде, үлгісінде деген пікірде болды.

В.Диьтей г-ны тарихи оқиғалардың ішкі сырын ашатын пән ретінде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. М.Хайдеггердің ойынша, «болмыстың үйі – тіл». Олай болса, г. Ілімін тілді талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердің сырын ашу, оны қайта өмірге енгізу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейді.

Г. Ғылымына аса зор үлес қосқан неміс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол г. Ілімін тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдіс ретінде түсініп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстың) жағын негіздеді. Г.Гадамер осы уақытқа дейін г-да кеңінен қолданылған белгілі тарихи құжатты зерттегенде, сондағы руханиятқа өту, түйсіну тәсілін үзілді-кесілді теріске шығарды. Гадамердің айтуынша, г-ның ақиқаты: бірде-бір адам ақиқатты танып-біліп, толығынан жеткізе алмайды.

Г-ның негізігі мақсаты – мәдениеттегі дәнекерлік қызметін іске асыра алудағы мүмкіндігі.

Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі – экзистенциализм (existential – латын сөзі, өмір сүру) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екінші дүниежүзілік соғыстың арасында қалыпты. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ондаған мемлекеттер арасындағы қантөгіс салдарынан дат философы С.Кьеркогердің, неміс философы Ф.Ницшенің, француз философы Б.Паскальдың, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің ойларының өзектілігін көрсетіп, олардың еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.

Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдар: Мартин Хайдеггер мен Карл Ясперс(Германия), Жан-Поль Сартр мен Альбер Камю(Франция), Н.А.Бердяев пен Л.И.Шестов(Ресей), Виктор Франкл(Австрия), Хосе Ортегаи-Гассет(Испания). Экзистенциализм философиясының ірі өкілдерінің бірі – Виктор Франкл. Оптимистік бағыттың өкілдері Ж.П.Сартр мен А.Камю – оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терң құпиясы деген пікірге келеді.

Экзистенция(өмір сүру) мен эссенция(мән-мағына) ұғымдары философияның негізіне жатады. Э. Философиясында «шекаралық ахуал» деген ктегорияларға көп көңіл бөлінеді. Ол – өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с.

Экзистензия д/з – өзінің шектелгенін, яғни уақытша екенін сезінетін ештеңеге бағытталған адам өмірі. Оның ерекшелігі – жеке адам мен әлеуметтік болмысты бір-біріне қарсы қою.