- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
Негізі позитивизм- дұрыс пікір(лат Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді,оның бастамасын салған Огюст Конт және Дж.Стюарт Милль,Герберт Спенсер.Бұл философияның арғы түбі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан былайша айтқанда,философиядан азат ету.Олардың пікірінше әр ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет.Былайша айтқанда әр ғылымда пайдалы да пайдасыз да ойлар болады.Мақсат дейді позитивистер солардың тек дұрысын,пайдалысын қабылдап,пайдасызынан арылу.Ондағы мақсат- француз рефалюциясының теориялық негізі болған XYIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту.Олай болса позитивизм- идеалистік философия оның ішінде субъективтілік идеализм.Оның эвалюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең-позитивизм,екіншісі- эмпириокритицизм,үшіншісі- неопозитивизм.Себептері:алдымен позититивизмнің пайда болуына кері әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі.Буржуазия идеологтары содан қауіптенеді.Диалектика метафизиканы механикалық материализм деп кемшіліктерін айқын көрсетті.Одан соң сол кезге дейін философия ғылымдардың ғылымы деген болатын.Бірақ нақты ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді.Осы себептен арнаулы философиядан бас тартып,жаңа жол іздестіріле бастады. XIXғ аяғы-XXғ басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды.Ол кезеңде оны эмпириокритизм деп атады.Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар,бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық.Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда, шындықтан әлдеқайда алшақ.Айталық позитивизм философияны емес ,нақты ғылымдарды зерттеу керек десе,эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс еш нәрсе жоқ,барлық дүние біздің сезімімізден нәтижесі деген қорытынды жасап,объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логиикалық позитивизм.Ол XXғ20ж дүниеге келді.Өкілдері:Морис Шлик,Рудольф Карнап,Отто Нейрат т/б.Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды.Осыдан келіп,математикалық логика дүниеге келді.Позитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деп тұжырымдады.
21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар структурализм, прагматизм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты. Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизм терминін ғылыми айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс өзінің “Прагматизм” атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді
Структурализм (К.Леви – Стросс. Ж.Лакан. М.П.Фуко, Л.Альтюсер). Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын) айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Леви-Стросс әр түрлі халықтардың, тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез келген бір миф жер жүзінің әр аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылыми ойлау да осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Структурализмнің іімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, олардың құрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Оның үстіне, құрылым объектінің «екелет» болмайтын кейбір бөлшектердің, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншіні, екіншіден үшіншіні т.с.с. алуға болатын ережелер жиынтығы.
ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвистикада, антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық әмбебаптық тәсіл ретінде қолданылып жүр.
30. Эллиндік дәуірі философияның ерекшеліктері.
Антика филос-ғы эллиндік кезең шамамен б.д.д. VIғ ортасынан б.д.V-Ivғ аумағын қамтиды. Эллиндік философияға ежелгі грек және щығыс халақтарының өте бай рухани байлықтарының әсерінің зор болғандығы белгілі. Әсіресе шығыс халықтарына тән мистикалық әдет-ғұрыптар, астрология, гороскоп т.б. сену, Шығыстың кейбір құдайларын өз құдайлары ретіне мойындап, оларға табыну сияқты діни сенімдерді грек, рим халықтарының сол кездегі мәдениетінің басты өзектерінің бірі болды. Діндегі сияқты фил-да жеке тұлға мәселесі алдыңғы шепке шығып, жалпы этикалық проблема ретінде көптеген ойшылдардың аңбектерінде көрініс тапты. Б.д.д IV-III ғ осы проблемаларға жауап іздеген негізгі екі философиялық ағым пайда болды.Олар Стоиктер мен Эпикуршылар.
Стоиктер ф-ның негізін қалаушы Зенон. Өзінің мектебін Афинадағы Стоя Пойкиле деген жерде жинаған. Стоиктердің пікірінше әлем бір тұтас дене. Біртұас денелі әлем құдаймен пара-пар деп қарастырады. Оны өзін жандандыратын тынысы жайлаған. Тыныс-идеалды,немесе абстракция емес, ол материалды бөлшек. Ол әлемнің жаны, ақыл-ойы. Ал денелер – оның модификациясы. Стоиктер Гераклит сияқты әлем оттан жаралады, және ол әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады деп отырып, бұл құбылыстың себебі біртұтас әлемнің өзінің логос заңына бағынғандығында жатыр деп есептеген.
Демокриттің атомистік ілімдерін әрі қарай жалғастырған ежелгі грек ф-ы Эпикур болды. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға Демокрит атаған қасиеттерден басқа көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән.Салмақтың арқасында атомдар еркін ауытқитын және құлайтын. Осылай өздігінен еркін ауытқитын атомдар қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелетр пайда болады. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін, бақытты құдайлар өмір сүреді. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады деген ойларды түйген.
