Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

26. И.Кант және оның таным теориясы.

Таным – адам санасын дамытудың негізі.Адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүреді. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. И.Кант дүниені танып білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқатты, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Кант заттардың құбылысын және шынайы заттардың өзін ажыратып қарайды. Біз шын дүниені сол күйінде танып біле алмаймыз.Ол бізге қалай көрінетін болса, тек солай танып білеміз. Біздің біліміміз заттардың өзін емес, тек олардың құбылысын игеріп, біле алады. Объективті түрде өмір сүретін «өзіндік заттар» біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, соның нәтижесінде реттелмеген бейберекет түйсіктер пайда болады. Ақыл-ойды іске қосу барысында ол түйсіктер ретке келтіріліп, жүйеге түсіріледі. «Өзіндік заттарды » танып-білу мүмкін емес, олар «трансцентенттік» болып табылады. «Өзіндік заттар» мен «біздік заттардың» арасында өткелі жоқ терең құз бар. Құбылыстардың «өзіндік затқа» өту ақылдың емес, тек нанымның ісі. Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Сараптаушы парасат сатысына: себептілік, сапа, сан, қажеттілік, т.б арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланады. Таза ақыл-ой сатысында заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, мәнін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға тап болады.

19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.

Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған XX ғасырдың 20жылдары қалыптасқан экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері:С.Кьеркегор,М.Хайдеггер,К.Ясперс,Ж.П.Сартр,Л.Шестов т/б.Экзистенциализм(өмір сүру),тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Кьеркегордың адам өз өмірінің себепкері,өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімнен тұрады.Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф.Ницше мен Э.Гуссерльдің ілімдері зор әсер етті.Экзистенцияның шын мәніндегі тереңдігін тек айрықша «шекаралық жағдайларда ғана түсінеміз.Менің өліуім хақ екенін түсінуім,менің қасіретте болуым,менің күресуім,менің жағдайларға тәуелділігім бұлардың бәрі де «шекаралық жағдайлар» (Ясперс)Адамдар әр уақытта да осындай шекаралық жағдайда болады,ал оны қаншама өзгертеміз деп тырыссаө та олар өзгерместен,сол күйлерінде қалады.Шекаралық жағдай адам тіршілігіне өзінің біртұтастығын,өзгермейтінін көмектеседі.Қысылтаяң жағдайда,өлім қаупі туғанда т.с.с.өзінің рөлін шын мәнінде терең түсінеді.Мысалы, өлім қаупінің қас қағым сәтінде адамның шын мәні ашылады,айталық соғыста оның батыр немесе қорқақ екені анықталады.Экзистенциализм жеке адамдар басқаларға салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды.Жалпы алғанда басқалардың адамдарды ажыратып,дау жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі.Бұл байланыс басқалармен өмір сүру коммунакациясы деп аталады.Коммуникация үстемдік жүргізуден және қызмет етуден басталады.Адамдардың өзара байланысқа ұмтылуы коммунакация алдындағы үреймен,оның мүмкіндігіне шүбәланумен т/б сөзсіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз экзистенциалды еркін тұлға бола алмады.Еркін болу үшін,ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып,өзіне өзінің мақсаты мен іс әрекетінің себептерін айқындауы керек.Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы иемдену ұғымында қарастырады.Мен иемденген заттар мені де билейді.жалмайды.(Г.марсель).Ал адамды меншіктің,заттардың осылай езіп жаншуынан қалай құтқаруға болады.Бұл сұраққа Марсель қарама қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп,одан шығу жолы сүйіспеншілікке,қайырымдылықта өнерде және философияда жатыр деп есептейді.Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ,керісінше көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» мәселесін қарастырмай,бар күштерін адамның жеке өмірін «экзистенция»(өмір сүрудің қарапайым нақтылығы),адамның өмір сүруі сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды.Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайды,өйткені экзистенция деген біздің өзіміз.Өмір сүру дегеніміз адамдардың біріккен болмысы.Шынайы өмір сүру дегеніміз күнделікті өмірмен тығыз байланысты.Адам тіршілігінің негізгі қағидасы «дүниенің қасында болу».