- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
Герменевтика талдау жасау және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы ғылымның ерекше әдісі ретінде дүниеге келіп, ХIХ ғасырда В.Дильтей, Г.Гадамердің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы ғылымның мәселелер өрісін ғылыми тұрғыдан түсінуді айтады. Бұл жерде түсіну – сананың сыртқы және ішкі әсерлер күшімен, туындаған қабілетін, субъектінің солар туралы түйсінуі мен мазмұнының шынайы екеніне күмән келтірмеуі. Ғылыми түсінуде денелердің, заттардың маңызы, мәні түсіндіріледі. Гадамер түсіну проблемаларын философияның негізгі мәніне айналдырып, герменевтикаға универсалды мән берді. Сөйтіп, герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияның пәні адамдардың қатынасы ретінде түсінілген адамдар әлемі болып табылады. Сөйтіп, тек осындай қатынастарда ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жатады, мәдени және ғылыми құндылықтар туындайды. Ал, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жатқан құбылыстар.
17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
Платон (б.з.д.427-347ж)Сократтан дәріс алған,оның ілімін әрі қарай жалғастарушы,өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама ойшыл.Платон оның лақап аты Аристокл.жиырма жасында Сократтан дәріс алған,кейін Афианада Гекадем атындағы гимназияда ұстаздық етеді.Бұл мектеп алғашында Гекадемия деп,соңғы кезде академия деп атылынады.Негізгі шығармалары: «Апология(Сократты қорғау)», «Критон(заңды сыйлау)», «Федон(әділет туралы)», «Мемлекет»т/б.Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.Платонның болмысы Парминидтікіндей біртұтас болмыс емес,керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік.Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді,ол өзіне өзі тән.Идеялардың саны көп,бірақ шексіз емес.Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарайды.Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт түпнегіз от,жер,ауа,су түрінде өмір сүреді.Сезімдік заттар заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, танысады, бірақ жерге түсіп, адамдардың денелеріне орналасқанда көрген білгенінің бәрін ұмытып қалады.Осыдан келіп,Платон таным процесі ол жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деп қортынды жасайды.Материалдық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан жан оларды көргенде ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгенін есіне түсіреді.Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады.Аспан әлемінің гармониясын зерттейтін ғалымдар арқылы алған білім ақиқатқа жақын,себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де,соған жақындатады.Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім шындыққа жанаспайды,себебі ол болмыс туралы білім емес,олардың көлеңкесі туралы алынған пікір .Осыдан келіп,Платон сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ,себебі түйсіктер арқылы алған деректер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес,тек адамдардың пікірінде ғана өалыптасқан ұғымдар.Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл ойдың күші арқылы білуге болады.
Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель(б.з.д384-322)болды.Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуның негізін қалап,өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы философ.Ол франция жағалауындағы Стагир қаласында туған 17-жасында Платоннан дәріс алған Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласына ат салысып көп еңбектер жазды.Олар «категориялар», «аналитика», «физика», «реторика»т.б Арестотель білімінің тарау аумағын қарастыра келіп екі түрлі философия бар екенін айтты. «Екінші философия» физиканың пәні материямен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса,бірінші философия метафизиканың қарастыратын мәселелері табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін мәнділік.Бірінші философия бір жақты қараса,дүниенің алғашқы бастамасы құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан теология деп аталуы керек сияқты.Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардығ бірі болғандықтан және философия мәнділіктерді алғашқы бастамаларын ғана қарастырмай ,оның себептерін де зерттегендіктен,ол теологиядан әлде қайда ауқымдырақ және тереңірек.Өзінің ілімін Аристотель мәнділік болмыс деп қарастырудан бастайды да,оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысада.Осы тұрғыдан мән категориясы мәнділікті түсінудің кілті.Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап мәнді материялдық зат (ат,жер,су,ауа,атом) ретінде де,идея ретінде де қарастырмайды,оны өзіне тән әр түрлі көріністеріне байланысты тануға болады дейді.Мәннің көріністері: 1.түб-негіз,субстрат; 2.болмыстың мәні; 3.болмыстың мәнімен түпнегізден тұратындар; 4.жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5.жалпылық және; 6.ерекшелік;
