Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.26 Кб
Скачать

1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері

Философиялық ағымдардың қай-қайсысы болмасын келесі үлкен сұрақтарға жауап береді.Адам жағалай қоршаған ортаның шындығын танып біле ала ма әлде біле алмай ма?

Бұл сұрақ философияның үлкен тараулары- бірі гносеологияның өзегін құрайды.(gnosis-грек сөзі,тану білу, logos-ілім). Кейде гносеология ұғымымен қатар эпистемология деген термин қолданылады.(episteme-грек сөзі,-білім).Матереалистік бағыттағы философияның көпшілігі дүниені адамның танып біле алатынына ешқандай күмән келтірмейді.Ал объективті иднализмге келетін болсақ, олардың бір бөлігі дүниені танып білуге болады десе,келесілері бұл мәселені теріс шешеді.Ал адам дүниенің терең мәнін танып біле алмайды, ол мүмкін емес деген көзқарасқаагностипизм деген атақ берілді.(a-теріс,gnosis-тану)

Енді дүниені қалай таниды?алам дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?Тарихи бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді.Тприхи алғашқы пайда болған жауап «қайсібәр таным тәжірибеден шығады».Мұндай танымдық тұжырымға т эмпиризм деген атақ берілді (emperia-грек сөзі,-тәжірибе). Сонау көне земенда пайда болған эмпиризм танымдық тұжырымдама ретінде XVққ-XVқққ.ғ.қалыптасады.Сонымен,егер танымның негіхзгі көзін тәжірибеде,-деп мойындаса,ондай танымдық бағытты біз эмпиризмге жатқыжзамыз.Эмпиризмге өте жақын тұрғпн танымдық ағым, ол-сенсуализм.(sensus-латын сөзі, сезім, қабылдау, түйсік). Сенсуализм таным үрдісіндегісезіидік қабылдаудынегізгі жол деп есептейді.Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі-«алғашқы сезімде болмаған,ақыл-ойда жоқ»

Келесі таным теориясындағы ағым-рационолизм. (ratio-латын сөзі-ақыл) Бұл ағым адамның ақыл-ойын, щзердесін танымның өзегі, негізі ретінде қарайды.Рационолизм таным тұжырымы ретінде XқX ғ.дүниеге келді. Тарихи рационолизмнің негізі сонау көне заманда пайда болды.Грек ойшылы Парменид сол көне заманда сезімдік таным тек қана жалған пікірлер туғызады, ал ақыл-ой -арқылы ғана нағыз ақиқатқа жетуге болады,-деген ой айтқан.17-18ғ.ғылымның дамуы тіпті Европа топырағында үлкен идеологиялық ағымды-француз ағартушыларының ақыл негізінде дүние тануға,қоғамды қайта құруға,адамдарды тәрбиелеудегі ақыл-ойдың құдіретті күшіне деген зор сенім арттыруына әкеліп соқты.Бұл замандағы рационолизмді қолдайтын ойшылдар дүниені түрлі ақыл-оймен қорытудың сезімдік танымнан анағұрлым терең екенін көрсете білді.Егер сезімдік таным жеке құбылыстарыд,кездейсоқ нәрселердә ғана танып, шегіне жеткен жалпылық, қажеттік деңгейіне көтеріле алмаса, ақыл-ой, зерде арқылы адам сондай дәрежеге көтеріле алады.Сонымен ғылыми білімнің қайнар-көзі,ақиқаттың анықтамасының бәрі-ақыл-ой, зердеде.Сондықтан Лейбниц сенсуализмнің «алғашқы сезіидже болмаған, ақыл-ойда да жоқ»,-деген тұжырымдамасына «ақылдың өзінен басқа» деген сөздерді қосып, адамның рационалдық танымының құдіретін көрсеткісі келді.Сондықтан,И.Кант-«сезімдік таным ақыл-ойсыз-толық емес, ақыл-ой сезімдік танымсыз-мазмұнсыз» деген пікір айтып танымның екі жағын бір біріне ұштастырды.Алайда, Кант мұндай көзқарасты тек қана құбылыстар әлеміне таратып «жаттың өз ішіндегісін» танудан бас тартты.

Рационолизмнің ең биік шыңы ретінде Гегельдіңфилософиясын алуға болады.Бұл кісі дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы ретінде қарап, таным үрдісінің өзі бабсолюттік идеяның өзін-өзі танып біліп,өзіне жаңа дәреде-абсолюттік рух ретінде қайтып оралуы деп түсінді.Сондықтан дүниенің дамуын, адмзат тарихыньГегель абсолюттік идеяның логикалық жолмен өзіне-өзі тереңдеуі деп түсініп, панлогизиді (pan-бәрі, logos-білім,ақыл-ой) тудырдыСоңғы жылдары танымның өте күрделі үрдіс екендігі, оны праксеологиямен ұштастырып қоймай, сонымен бірге аксиологиялық тұрғысынан қарау керектігі анықталды.Енді жоғарыда қойылған келесі сұраққа-дүниетану дәрежесіне келетін болсақ, оған да екі түрлі жауап алуға болады.Жаңа дәуірдегі әртүрлі таным теориялпры көп ғасырлар бойы ғылымдардағы ашылған жаңалықтар мәңгілік сол күйіндде қалады, егер болашақта ол теріске шығарылса, онда оның алғашқы ашылған кезінде ақ қат е болғаны,- деген пікірде болды.Яғни ғылымдағы тану үрдісінтдегі табылған білім әрқашанда толық, кемеліне келген, әрі қарай мазмұнын өзгертпейтін құбылыс ретінде қаралыды.Гносеологиядағы мұндай пікірге «догматизм» (dogma-грек сөзі,шешім, ілім) деген атақ берілді.

Келесі гносеологиялық ілімдер қайсібір ғылыми жаңалықты,білңмлң толық емес, салыстырмалы, тарихи жүре келе тереңдетңлетін құбылыс ретінде қарайды. Яғни ғылымдағы жетістіктерді де шексіз әрі қарай дамытып тереңдете беруге болады.Сондықтан,ғылым әрі-қарай дамыған сайын ғалымдар өткен уақыттағы ашылған білім салаларына жаңа көзқараспен қарап,оның шынды жағыг кеңейтілген жаңа теориятның құрамына кірогізіп,ал жалған жақтарын сырттатады.

Танымдағы мұндай бағытқа «релятивизм» деген атақ берңлді (relayivus-латын сөзі-салыстырмалы).