
- •5В070200 «Автоматтандыру және басқару » мамандығы бойынша
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Ажж көмегімен күрделі техникалық жүйелерді жобалаудың заманауи тенденциялары
- •Курстың мазмұны мен міндеті
- •2 Жобалау объектісі мен процесіне заманауи көзқарас
- •2.1 Жобалау туралы ғылымның қалыптасуы
- •3 Жобалаудың негізгі әдістемесі
- •3.1 Жобалау тану теориясы позициясынан
- •4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы
- •4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы
- •5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері
- •5.1 Ажж құру мақсаттары және есептері.
- •6.Ажж қамтамасыздандыру түрлері
- •7 . Жжа топтастыру
- •8. Жобалау үрдістерінің жалпы мәдіметтері. Жобалаудыңжүзеге асуынының әдіс –тәсілдерін.
- •8.1 Кезең және жобалау кезеңдерінің
- •9. Рәсімдердің техникалық тапсырманың зерттеу кезеңдері
- •9.1 Бастапқы кезеңдегі техникалық тапсырмаларының зерттеулерінің шешетінің негізгі мақсаттарды
- •10. Техникалық ұсыныстарды өңдеу процедуралар кезеңінде
- •10.1 Техникалық ұсынысты өңдеу кезеңінде шешілетін негізгі есептер
- •11.Техникалық шешімдерді іздестіруді ұйымдастыру
- •11.1 Техникалық шешімдерді іздеу
- •12.Жобалаудың объектілерін талдау үшін имитациялық үлгілеу.
- •12.1 Имитациялық үлгілеу технологиясының негіздері
- •13. Процедуралардың нұсқалы жобаның өңдеу кезеңінде
- •13.1 Нұсқалы жобаның өңделуі кезеңінде шешетін негізгі есептер
- •14. Техникалық жобаның өңделуі кезеңіндегі процедуралар
- •14.1 Техникалық тапсырмалардың өңделуі кезеңіндегі шешілетін негізгі есептер
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3 Жобалаудың негізгі әдістемесі
3.1 Жобалау тану теориясы позициясынан
Жобалаудың негізгі категориялары.
Жобалау – объективті әлемді тану формасы. Тану теориясы жобалау процесінің жалпы ережелерін ашуға мүмкіндік береді. Жобалау мәнін ашу үшін келесі категорияларға тоқталу қажет: жобалау субъектісі мен объектісі, қиял және интуиция, танымдық бейне, құндылық пен бағалау.
Жобалау субъектісі – табиғаттың сыртқы құбылыстары мен қоғамдық өмірдің, оған қоса коммуникация процесі (оқу барысындағы мәліметтерді жіберу, пікірмен алмасу, идея тартысы және т.б) жайында ақпараттарды алуды жүзеге асыратын жүйе. Жобалау субъектісі деп жеке адамды, мамандар ұжымын, жасанды интеллекті айтуға болады.
Жобалаудың танымнан негізгі айрықша ерекшелігі жобалау объектісі таным объектісіне қарағанда әлі жоқ, дегенмен оның бейнесі субъектімен оның ішкі динамикалдылығы мен қарама – қайшылығы тән шынайы ретінде қабылданады.
Заманауи жобалау объектілері бір қатар өзара байланысқан ішкі жүйелі және элементті күрделі жүйе ретінде бола алады.
Жобалау объектісі субъект санасында онымен байланыс оның өмірлік қызметін сипаттайтын белгілі бір қоршаған ортада болу керек.
Жобалау объектісі шынайы болуы мүмкін, сонымен қатар ол жобалау басында болмауы да мүмкін.
Танымдық бейне (модель) – санада ғана болады, оның қалыптасуы қиялмен байланысты.
Қиял – бақыланбайтын құбылыстардың көрнекті бейнелерін қалыптастыруға әкелетін білім мен тәжірибенің ойша түрленуі.
Интуиция біздің санамызда кенеттен және ойланбастан бір тұтас бейнені қалыптастырады.
Құндылық – объектінің әлеуметтік сипаттамасы. Объективтілік дегеніміз құндылық адам белгілі бір мақсатпен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамның табиғатқа деген әсер етуін көрсетеді. Субъективтілік объектімен, оның тілегімен, қажеттілігімен өзара байланысында айқындалынады.
Бағалау – құндылықты көрсететін форма. Құрастырушы бағалық шкала фонында танымдық бейнені қалыптастырады. Бағалық шкала рөлінде білімдер, бар теориялар, принциптер, ережелер болады.
4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы
4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы
Кез – келген жобалаудың алғашқы және соңғы міндеті объектіні құру мен оны бақылаумен байланысты барлық жұмыс жиынын өткізу үшін өндірісті қажетті құжаттамамен қамтамасыз ету болып табылады. Өндіріс өзара байланысқан әзірлеу мен бақылаудың көптеген әр түрлі құралдары бар күрделі құрылымды болып келеді.
Күрделі жүйелерді жобалаудың негізгі идеясы мен принциптері жүйелік түрғыда көрсетілген. Жүйелі техника саласындағы мамандар үшін олар анық және табиғи болып келсе, дегенмен оларды сақтау мен жүзеге асыру көбінде жобалау ерекшеліктерінің шарттарымен, белгілі бір қиындықтармен жанасады. Көптеген инженерлер жүйелік тұрғыны жүйелік анализ бойынша құралдарға жүгінбей-ақ қолданады. Дегенмен интуициялық тұрғыны жүйелік анализдің ережелерінсіз қолдану инженерлік қызметтегі одан ары күрделенген есептерді шешуге жеткіліксіз.
Жүйелік тұрғының негізгі жалпы принципі құбылыс бөліктерді немесе күрделі жүйені олардың өзара әрекеттестіктерін есепке ала отырып қарастыру болып табылады. Жүйелік тұрғы жүйе құрылымының ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді.
Жобалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері ең күрделі заманауи жасанды жүйелер қатарына жатады. Жүйелік түрғысыз оларды жобалау мен сүйемелдеу мүмкін емес.
Оларды жобалау және сүйемелдеу жүйелік тұрғысыз мүмкін емес. Сондықтан системотехниканың идеялары қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйелерді және оларды технологияларын оқытатын басқа пәндердің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Жүйелік жобалаудың негізгі аксиомалары.
Аксиома 1. Жобалаудың жалпы есебінің шешілмейтіндігінен оны жобалаудың бірнеше деңгейлі параллельді – тізбекті логикалық схемасымен реттелген локальдә есептер жиынына декомпозициялау қажеттігі туындайды.
Аксиома 2. Жобалаудың жалпы есебінің алғашқы мәліметтері мен шектеулерінің анықталмағандығынан оларды жорамалдау мен белгілі бір логикалық схемаға сәйкес жобалау жүйесінің функционалды ұяшықтары арасында жобалық шешімдерін алмастыру қажеттілігі туындайды.
Аксиома 3. Жобалаудың жалпы есебінің логикалық қарама-қайшылығынан жүйелік шешуші процедуралардың жинақтылығын анықтайтын итерациялық циклдерді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Аксиома 4. "Тесіп өту" априориін құрастыру мүмкін еместігінен жобалық шешімдерді "жеке" құрастыру қажеттілігі шығады. Ол эвристикалық түрде итерациялық циклдің соңында тұрғызылады.