
- •5В070200 «Автоматтандыру және басқару » мамандығы бойынша
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Ажж көмегімен күрделі техникалық жүйелерді жобалаудың заманауи тенденциялары
- •Курстың мазмұны мен міндеті
- •2 Жобалау объектісі мен процесіне заманауи көзқарас
- •2.1 Жобалау туралы ғылымның қалыптасуы
- •3 Жобалаудың негізгі әдістемесі
- •3.1 Жобалау тану теориясы позициясынан
- •4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы
- •4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы
- •5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері
- •5.1 Ажж құру мақсаттары және есептері.
- •6.Ажж қамтамасыздандыру түрлері
- •7 . Жжа топтастыру
- •8. Жобалау үрдістерінің жалпы мәдіметтері. Жобалаудыңжүзеге асуынының әдіс –тәсілдерін.
- •8.1 Кезең және жобалау кезеңдерінің
- •9. Рәсімдердің техникалық тапсырманың зерттеу кезеңдері
- •9.1 Бастапқы кезеңдегі техникалық тапсырмаларының зерттеулерінің шешетінің негізгі мақсаттарды
- •10. Техникалық ұсыныстарды өңдеу процедуралар кезеңінде
- •10.1 Техникалық ұсынысты өңдеу кезеңінде шешілетін негізгі есептер
- •11.Техникалық шешімдерді іздестіруді ұйымдастыру
- •11.1 Техникалық шешімдерді іздеу
- •12.Жобалаудың объектілерін талдау үшін имитациялық үлгілеу.
- •12.1 Имитациялық үлгілеу технологиясының негіздері
- •13. Процедуралардың нұсқалы жобаның өңдеу кезеңінде
- •13.1 Нұсқалы жобаның өңделуі кезеңінде шешетін негізгі есептер
- •14. Техникалық жобаның өңделуі кезеңіндегі процедуралар
- •14.1 Техникалық тапсырмалардың өңделуі кезеңіндегі шешілетін негізгі есептер
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ
ШҚМТУ им. Д. Серикбаева
БЕКІТІЛДІ
АТжЭФ Деканы
__________ Г.Х.Мұхамедиев
___________________2012 ж.
ҚҰРАЛДАР МЕН АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰЙЕЛЕРІНІҢ АЖЖ
Дәрістер конспектісі
САПР УСТРОЙСТВ И СИСТЕМ АВТОМАТИЗАЦИИ
Конспект лекций
5В070200 «Автоматтандыру және басқару » мамандығы бойынша
Өскемен
Усть-Каменогорск
2012
МАЗМҰНЫ
1. ААЖ көмегімен күрделі техникалық жүйелерді жобалаудың заманауи тенденциялары
1.1.Курстың мазмұны мен міндеті
2. Жобалау объектісі мен үдерісіне заманауи көзқарас
2.1 Жобалау туралы ғылымның қалыптасуы
3 Жобалаудың негізгі әдістемесі
3.1 Жобалау тану теориясы позициясынан
4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы
4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы
5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері
5.1 АЖЖ құру мақсаттары және есептері.
6.АЖЖ қамтамасыздандыру түрлері
7 . ЖЖА топтастыру
8. Жобалау үрдістерінің жалпы мәдіметтері. Жобалаудыңжүзеге асуынының әдіс –тәсілдерін.
8.1 кезең және жобалау кезеңдерінің
9. Рәсімдердің техникалық тапсырманың зерттеу кезеңдері
9.1 Бастапқы кезеңдегі техникалық тапсырмаларының зерттеулерінің шешетінің негізгі мақсаттарды
10. Техникалық ұсыныстарды өңдеу процедуралар кезеңінде
10.1 Техникалық ұсынысты өңдеу кезеңінде шешілетін негізгі есептер
11.Техникалық шешімдерді іздестіруді ұйымдастыру
11.1 Техникалық шешімдерді іздеу
12.Жобалаудың объектілерін талдау үшін имитациялық үлгілеу.
12.1 Имитациялық үлгілеу технологиясының негіздері
13. Процедуралардың нұсқалы жобаның өңдеу кезеңінде
13.1 Нұсқалы жобаның өңделуі кезеңінде шешетін негізгі есептер
14. Техникалық жобаның өңделуі кезеңіндегі процедуралар
14.1 Техникалық тапсырмалардың өңделуі кезеңіндегі шешілетін негізгі есептер
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жобалау автоматизациясы ақпараттық технологиялардың ішінде ерекше орын алады. Біріншіден, жобалау автоматизациясы – жинақтамалы пән, оның құрама бөліктері көптеген басқа заманауи ақпараттық технологиялар болып табылады. Автоматтандырылған жобалау жүйесінің (АЖЖ) техникалық қамтамасы есептеуіш желілер мен телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген, ал автоматтандырылған жобалау жүйесіне дербес компьютерлер мен жұмыс станциялары қолданылады.
АЖЖ математикалық қамтамасы жасанды интеллектідегі, дискретті математикадағы, математикалық бағдарламалаудағы, статистикадағы, есептеуіш математикадағы қолданылатын әдістерінің байлығымен және әр түрлілігімен ерекшеленеді. АЖЖ бағдарламалық кешені әр түрлі операциялық жүйелерге негізделген, заманауи бағдарламалау тілдері мен басқа да заманауи CASE технологияларды, реляциялық және мәліметтер қоймасын объектілі-бағдарланған жүйелердегі басқаруды, ашық жүйелердегі стандарттар мен компьютерлік ортадағы мәліметтерді алмасуды қолданатын ең күрделі заманауи бағдарламалық жүйелердің қатарларына жатады.
Екіншіден, жобалау автоматизациясының негізін білу және АЖЖ құрылғыларымен жұмыс істей алу кез-келген құрастырушы инженерлерге қажет. Жобалық бөлімшелер, конструкторлық бюролар мен кеңселер компьютерлермен толықтырылған. Өнеркәсіптер өндірісті автоматтандырылған жобалау жүйелерінсіз жүргізсе немесе оларды тек аз дәрежеде қолданса, онда олар жобалаудағы көптеген материалдық және уақыт шығындары үшін, сапасы жоғары емес жобалары үшін бәсекеге қабілетті емес болады. Жобалау автоматизациясы үшін пайда болған алғашқы бағдарламалар 60-шы жылдардың басына жатады. Сол кезде құрылыс механика есептерін шешуге, электрондық схемаларды анализдеуге, басылым платаларын жобалауға арналған бағдарламалар құрылған болатын.
АЖЖ одан кейінгі даму жолы машиналық графиканың аппараттық және бағдарламалық құралдарын құру, модельдеу мен анализдеу бағдарламасының есептеуіш тиімділігін арттыру, АЖЖ қолдану аймағын кеңейту, қолданушылық интерфейсті ықшамдау, жасанды интеллект элементтерін АЖЖ енгізу болды.
Қазіргі таңда АЖЖ үшін көп мөлшерде қолданбалы бағыттағы және әр түрлі дәрежедегі мамандандырылған бағдарламалы-әдістемелік кешендер жасалған. Нәтижесінде жобалау автоматизациясы әр түрлі мамандықтағы мамандарды дайындаудың қажетті құрама бөлігі болып табылды.
АЖЖ салаларындағы әр түрлі мамандықтағы инженерлерді дайындау базалық және арнайы компонентке кіреді. Ең жалпы ережелер, автоматтандырылған жобалау модельдері мен әдістері құрылғылар мен автоматизация жүйелерін жобалау АЖЖ негіздеріне арналған курс бағдарламасына кіреді.