Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_shpora (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
106.09 Кб
Скачать

11) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы әсері

Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі

Қазіргі уақытта техносфераның қоршаған ортаға деген қаупі көптеген химиялық заттардың жарылғыш және өрттік түрлерінің технологиялары дамуымен сипаттталады. Экономика объектілерінде химиялы қауіпті заттар(ХҚЗ) болады. Бұл заттардың сыртқы ортаға шыққандағы зардабын ескере отырып, авариялық қатты әсер ететтін улы заттар(АҚӘУЗ) деген түсінік қолданыладыАҚӘУЗ – халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын, зақымдағыш мөлшері сыртқы ортаға шыққан кезде олардың адамға тікелеі немесе жанама әсері, ауру туғызатын немесе өлімге әкелетін улы заттар

Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосатын әсері.

Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері Аммиак – көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Аммиактың қатты әсерінен кейін бірнеше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу, құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымдану нәтижесінде психикалық және неврологиялық аурулар ықтимал.

Хлор - тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, өкпені қабындырады. Қанда хлордың әсерінен бос амин қышқылдарының мөлшері бұзылады және кейбір тотықтарының белсенділігі төмндейді.

Жүйкені жансыздандырады – зарин,заман, Vгаздар

Терінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизит

Тұншықтырғыштық әсер етеді – фосфен,дифосфен

Көздің жасын аққызады және тітіркендіргіштік әсері бар – хлорпикрин, хлорацетофен, адамситПсихохимиялық әсер етеді – BZлизергин қышқылының диэтиламиді т.б Зиянды химиялық заттардың әсеріЖүйкені жансыздандырады – зарин,заман т.бЖалпы улағыш әсер етеді – көгілдір қышқылы, хлорцианТерінің құрысуына әсер етеді – иприт,люизитТұншықтырғыш әсер етеді – фосфен, дифосфенКөздің жасын ағызады және тітіркендіргіштік әсер етеді – хлорпикрин,хлорацетофенон, адамситПсихохимиялық әсер етеді – бизет лизергин қышқылының диэтиламиді.

12) Жер сілкінісінің сипаттамалары. Магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі

Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр- алғашқы

сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды. Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі. Магнитудалар мен балдық қатынастардың кестесі

Магнитуда 2 3 4 5 6 7 8 Балдар 1-2 3 4-5 6 7-8 9-10 11-12

ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ МАГНИТУДАСЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ,ӨЛШЕМІ. Жер сілкінісін болжау өте қиын. Қазақстан Республикасының жер сілкінісінің жиілігін анықтау кезінде MSK- 64 12- баллды халықаралық шкала пайдаланылады. Ол төмендегі көрсеткіштермен сипатталады: 1 балл- мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі;2 балл- дірілді жоғары қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді;3 балл- дүмпу аз ғана адмға білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді;4 балл- дүмпуді ғимарат ішіндегі адамдардың бәрін сезеді, ыдыс- аяқ сылдырлайды;5 балл- дүмпуді барлық адамдар сезеді;6 балл- діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс- аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады;7 балл- адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, панельдер арасындағы қиылыстар жарылады;8 балл- адамдар өзін- өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды;9 балл- адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады, ғимараттар жаппай зақымдалады;10 балл- ғимараттар толық қирайды;11 балл- апат;12 балл- жер бедерінің қатты өзгерісі.Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақсытан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауыпты аймақта орналасқан. Қазақстанның ас қауіпті сейсмоаймағы 450 мың шаршы км жерді алып жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]