Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_shpora (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
106.09 Кб
Скачать

8) Атмосфера,гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары

Атмосфера – әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы.Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады.

Атмосфераны ластаушы заттар:

Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті. Көміртегі (ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150 – 200 млн тн шығарылуына байланысты күкірт диоксиді немесе күкіртті ангидриттің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түссіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Күкіртті газ, әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Өсімдіктер газдың ошлардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын – шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ – өазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

Күкірт ангидриттен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек жатады. Бұл газдың жоғары концентрациясымен улану өкпенің ісінуіне, тынс алу параличіне және өлімге әкелеп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларында, шайынды суларда, ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездеседі.

Күкірткөміртек улы қосылыс, түссіз, оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғаш қоспа түзеді. Адам ағзасына тыныс алу жолдары мен тамақпен бірге түседі. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауын туғызады, есірткілік әсері бар.

Атмос-қ ауаның әртүрлі зиянды заттармен улануы, адамдар органының ауыруынан тыныс мүшелерінің ауыруына әкеліп соғады. Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әртүрлі қосындылар әр кезде де болады. Атм-ң ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсәп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылу энергетикасы жатады. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп қосылатын бірден-бір қосылыстар.ҚР-ң қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңнын аммиактык, фенолдың, қорғасынның және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлдеқайда атық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100есе артып кеткен.

Атмосфераның ластануының негізі көздері:

  1. жылу электр станциялары;

  2. өнеркәсіптер(химиялық, мұнай, түрлі-түсті металлургия т.б. );

  3. Автотранспорт;

  • Атмосфераның негізгі ластаушылары:

  1. газдар (азот, көмір, күкірт тотықтары, көмірсутектер т.б.)

  2. күйе;

  3. шаңдар;

  4. Микроағзалар т.б.;

Ауаны тазарту арқылы жабық орындарда және сыртқы орындарда қажетті температураны, ылғалдылықты, газдық және иондық құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады.

Әдетте қоғамдық және өндірістік орындарда ауа ортасының тек көрсетілген параметрлерін ұстауға болады. Ауаны тазарту жүйесі, ауаны өңдеуді (фильтрлеу, желдету, салқындату) жүзеге асыратын, техникалық құрылғылар кешенін құрайды. Ауаның жылу ылғалды-лығын өдеуге және оны тазалауға қажетті құрылғы, ауаны тазарту құрылғысы немесе желдеткіш деп аталынады.

Ауаны тазарту өндіріс, жұмыс орындарында, қалыпты технологиялық процестің жүруіне қажетті микроклиматты қамтамасыз етеді.

Гидросфера – біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі.Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады.

Гидросфера жердің басқа элементтері- атмосфера және литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір – бірімен байланыс-тырып, біртұтас жабық жүйе:мұхит – атмосфера – құрлықты түзеді.

Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Жер планетасындағы судың жалпы мөлшері 1386 млн.км3. Бұл судың 96,5 % әлемдік мұхитқа тиесілі.

  1. өндіріс орындарынан шыққан полютанттар бар ағызынды сулар;

  2. фекаллилер, детергенттер, микроорганизмдер бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;

  3. улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштармен ластанған ауыл шаруашылық ағызынды сулары;

  4. атмосферадағы ластаушы заттар, газдар мен қатты заттар;

  5. мұнай өндіруші және өңдеуші өнеркәсәп орындарының ағызынды сулары.

Атмосфераның ластануына қарағанда, сулардың ластану көбірек қауіп туғызатын себептерін төмендегіше деуге болады.

  • Сулы ортада өздігінен тазару, ауаға қарағанда әлдеқайда жай жүреді.

  • Судың ластану көздері өте көп;

  • Сулы ортада жүретін табиғи процестер ластаушылар әсеріне сезімтал және олар атмосферада жүретін процестерге қарағанда, жер бетіндегі тіршілік үшін аса маңызды болып табылады.

.

Гидросфераның ластану көздері:

  1. өндірістік өнеркәсіп;

  2. коммуналдық шаруашылық;

  3. ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы т.б;

  • Гидросфераның ластану түрлері:

  1. физикалық – судың мөлдірлігі бұзылады, температурасы өзгереді.

  2. химиялық – химиялық заттардың болуы мен сипатталады, ең көп болатыны: пестициттер,тыңайтқыштар, ауыр металдар, диоксиндер т.б.

  3. биологиялық – биологиялық заттар көп шығады, олар суды ашытады да судың құрамында зиянды микро ағзалар пайда болады.

Литосфера – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалаңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.

Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар топырақтың тұздануына себеп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]