
- •1)«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат»,«техногенді қауіп»,«экологиялық қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіз, оларды сипаттаңыз, мысал келтіріңіз
- •2) «Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері
- •3) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеті қандай? ақ және тж құрылымы, қызметі
- •5) Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •6) Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін өзі ұстауы
- •7) Табиғи қауіптер. Сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні сипаты, пайда болу себептері.
- •8) Атмосфера,гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары
- •9) Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары
- •10) Жер сілкінісі кезінде үйде, ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз. Қандай жерлер қауіпті? Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс әрекеті
- •11) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы әсері
- •12) Жер сілкінісінің сипаттамалары. Магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі
- •13) Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •14) Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары. Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •15) Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері? Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •16) Электромагниттік өрістің ағзаға әсер, олардан қорғану. Компьютермен шығатын зиянды факторлар, қорғаныс шаралары. Ұялы телефонның ағзаға әсері және қауіпсіздік шаралары
- •17) Дезактивтендіру, дегаздау, дизенфекция, дезинсекция, дератизация деген не?тж да санитарлық тазалау қалайша өткізіледі?
- •18)Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау тж кезінде халықты көшіру және қоныстандыру
- •19) Төтенше жағдайларда қандай жекебас және ұжымдық қорғану құралдары қолданылады?
- •20) Шудың, дірілдің ағзаға әсері, олардан қорғану
- •21) Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеті
- •22) Халықтың су тасқыны кезіндегі іс әрекеті
- •23) Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті
- •24) Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті
- •25) Химиялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •26) Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс әрекеті
- •27) Радиациялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •28) Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс әрекеті
- •29) Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс әрекеті
- •30) Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс әрекеті_
27) Радиациялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
Радиациялық қауіпсіздіктердің құқықтық аспектілері.Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, негізгі нормативті – құқықтық құжаттар. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Радиоактивтілік туралы жалпы түсініктер. Радиоактивтілік және оларды өлшеу бірліктері. Радиоактивтілікті ашу тарихы. Радиоактивтілік туралы М. Кюри, П. Кюри және басқа да ғылымдағы ғалымдардың тигізген пайдалары. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Зарядталған бөлшектердің құралдармен өзара әсері. Гамма- және рентген сәулелерінің құралдармен өзара әсерлерлері.
28) Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс әрекеті
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды. Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Улағыш заттардың жіктелісі Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: ♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; ♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы,хлорциан; ♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; ♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; ♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); ♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;.Аэрозоль бу түрінде қорғану нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кеттеді.Ір түрлі жағдайда ір түрлі органдарда тұйық желсіз жерлерде ұзақ сақталу мүмкін.Улы заттармен зақымдану жолдары:Уланған ауамен демалғандаУлы тамшылардың теріге не көзге тиюіУланған заттарды ұстағанда уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі Хлор мен аммиакУЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді: ♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген); ♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2; ♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
29) Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс әрекеті
Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады. Өрттің себебі барлық уақытта бірдей-ақ:-отты,оның барлық түрлерінде дұрыс пайдаланбау.- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы:- электр сымдарын ж/е электр жүйесін пайдалануға өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу:-теледидардың радиоапатураның жануы:-пештің, оның құбырының дұрыс салынбауы ж/е бұзылғандығы:-балалардың отпен ойнауы. Темекіні абайсыз шегудің зардабына ерекше тоқталып кеткен жөн. . Өрт кезіндегі тәртіп: өрт уақытында өшірілуі-негізінен,өрт сөндірушілердің дер кезіндегі шақыруылуына көп байланысты.сол сияқты адамдар жанып жатқан ғимараттардан тез шығудың да маңызы зор. Осындай жағдайда келесі мәліметтер аса көніл адару қажет: Өрт туралы хабарлама беру: өртті байқаған сәтте ғимараттағы адамдарға тез хабар беру к/к, өрттің көлеміне жану қуатына қарамай өрт сөндірушілерді 101 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. 1Өрт туралы телефонмен хабар бергенде келесі тәртіп орындалу к/к:- өрт туралы хабар беру.-өрт болып жатқан ғимарат нөмірін,қабатын,көше атын дұрыс айту к/к. – өртке қысқаша сипаттама беру к/к.- адамдарға қауіп төнгенін ауту к/к.- өрт машинасы қалай кіре алатындағы жайлы айту. 2.Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақырумен қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет. Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта баталса,онда өрттің орнына көлеміне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасау керек. Эвакуация кезінде сабыр сақтау к/к.бірінші кезекте балаларды құтқару к/к. Адамдар мансардың немесе жоғары қабаттан құтқару баспалдақты түтін басқан болса, онда сол маңайдағы терезені сындарып, таза ауаның кіруіне жол беру керек. Егер ішкі баспалдақ қрттеніп жатса, онда адамды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Түтінде қалқып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейін,оған алдымен тыныс жүйелері арқылы уланбас үшін, ылғал шүбірекпен байлама жасап беру керек. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін толық тексеру керек. Адам қалып қалмады ма соны. 3. Заттар мен жан-жануарды эвакуация жасау: заттардың құрып кету қаупі тұрған кезде,оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң кіріседі. Жан-жануарды құтқару кезінде топпен жасаған жөн. Өрттен шығарылған заттарды алыс жерге қойған жөн. 4.Өртті қшіру түрлері: сумен өшіру,көбікпен өшіру,габен өшіру,бумен өшіру. Өрт сөндіргіш құралы: -судың ағыны,шашыраған жіне бу түрін пайдаланатын;-химиялық ж/е ауа –механикалық көбіктер;-инерттік газдар;-ұнтақ құрғақ газдар. Сумен сөндіру: ең қарапайым әдіс. Өрттің жану шарттына байланысты суды бағытталған ағым,шашырату түрінде пайдалану.ал суды шашыратып себу бағытталған ағынан гөрі тиімдірек, себебі бұл ретте су үлкен ауқымды өшіре алады. Көбікпен сөндіру: тез тұтанатын сұйықтарды ток қуаты жүріп жатқан қондырғыдағы өртті умен сөндірмейді,себебі ток ұруы мүмкін. Яғни осы сәтте газ бен сұйық құрылған көбікті пайдаланады. Бұның өзі екі түрі бар:- химия көбігі.-ауалық-механикалық көбік. Газбен сөндіру: газбен сөндіру құралдарына өртті көмірқышқылмен ж/е галоидтелінген көмірсутегімен сөндіруді жатқызады. Көмірқышқыл галоидті кқмірсутегі адамға зиян келтірмейді. Өртті газбен сөндіруде мыналар қолданылады:-көмірқышқылының автоматты қондырғылары:- жылжымалы көмірқышқыл өртсөндіргіші:-қол өртсөндіргіші. Бумен сөндіру: өртті бумен сөндіру әдісі жанып жатқан заттарға отегінің келуін шектеу әдісі. Өрт пайда болған ж/е оны өшіру кезіндеұстамдылық,жағдайды жедел бағалау,қабілетін ұстап,дұрыс шешңм қабылдау қажет. Өзің абдырамай жүйкеңді жұқартпай,басқалардың үрейленуіне жол бермеген дұрыс.