Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_shpora (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
106.09 Кб
Скачать

17) Дезактивтендіру, дегаздау, дизенфекция, дезинсекция, дератизация деген не?тж да санитарлық тазалау қалайша өткізіледі?

Дезактивация дегеніміз радиоактивті заттармен ластанған нәрселерді тазалау, оларды денелердің үстінен жуып немесе сыпырып кетуге болады. Осы мақсатта жуғыш ерітінділерді пайдаланады, майлы жердегі не қуыс қуыстағы радиоактивті заттарды әбден кетіреді. Бұдан кейін сумен жақсылап шаю керек. Осы мақсатта жер қабатын, қардың біршама бетін сылып алып тастайды. Мысалы: Чернобль 1986 жыл.

Дезинфекция деп ауру жұқтыратын немесе ауру тасмалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып ғана жоюға болады. Дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізіледі. Тек противогаз, респиратор не шаңға қарсы тігілен маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс біткен соң, қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі.

Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізу.

Ғимараттар мен құрылыстарды, өндірістік орынжайларды, аумақтарды және шаруашылықтың басқа да нысандарын санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келтіру мақсатында 2010 жылғы сәуірдің 10-нан мамырдың 10-на дейін бекітілген аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша айлық өткізіліуі ұйымдастырылды.

Айлық кезінде барлық өндірістік телімдерде келесі жұмыстар ұйымдастырылды: аумақты тазарту, қоқысты шығару, темір-терсекті жинау, субұрғыш жыраларды тазалау, өрт сөндіру мүккәммалын сырлау, су және құм қорын толықтыру, ғимараттар мен құрылыстарды әктеу және сырлау, жас көшеттер отырғызу, ағаштарды және жиектерді әктеу.

Қазiргi қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондары санитарлық нормалар мен ережелерге сай емес, жиналатын қалдықтардың көлемi полигондар қуатынан артқан. Ауылдық аймақтарда қоқыс үйiндiлерiн жайластыру бойынша iс-шаралардан тек топырақпен көму ғана жүзеге асырылады.

Мамандырылған ұйымдардың жеткiлiксiздiгi және қоқыстың уақытында шығарылмауы «иесiз» аумақтарда, саяжайлар серiктестiгi мен гараж кооперативтерi аумақтарында, тұрғындармен демалу мақсатында пайдаланылатын су қоймалары жағаларында қоқыс үйiндiлерiнiң пайда болуына әкеледi.

18)Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау тж кезінде халықты көшіру және қоныстандыру

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт ж/е соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау б/ша республикамызда жүргізілетін барлық шараларджың аса маңызды мақсаты б.т.. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын ж/е өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объ/лерімен өзге де объ/лер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін.

төтенше жағдай кезіндегі халықты көшіру

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,

радиациялық қауіпсіздікті бапқылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]