
- •1)«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат»,«техногенді қауіп»,«экологиялық қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіз, оларды сипаттаңыз, мысал келтіріңіз
- •2) «Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері
- •3) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеті қандай? ақ және тж құрылымы, қызметі
- •5) Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •6) Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін өзі ұстауы
- •7) Табиғи қауіптер. Сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні сипаты, пайда болу себептері.
- •8) Атмосфера,гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары
- •9) Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары
- •10) Жер сілкінісі кезінде үйде, ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз. Қандай жерлер қауіпті? Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс әрекеті
- •11) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы әсері
- •12) Жер сілкінісінің сипаттамалары. Магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі
- •13) Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •14) Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары. Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •15) Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері? Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •16) Электромагниттік өрістің ағзаға әсер, олардан қорғану. Компьютермен шығатын зиянды факторлар, қорғаныс шаралары. Ұялы телефонның ағзаға әсері және қауіпсіздік шаралары
- •17) Дезактивтендіру, дегаздау, дизенфекция, дезинсекция, дератизация деген не?тж да санитарлық тазалау қалайша өткізіледі?
- •18)Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау тж кезінде халықты көшіру және қоныстандыру
- •19) Төтенше жағдайларда қандай жекебас және ұжымдық қорғану құралдары қолданылады?
- •20) Шудың, дірілдің ағзаға әсері, олардан қорғану
- •21) Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеті
- •22) Халықтың су тасқыны кезіндегі іс әрекеті
- •23) Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті
- •24) Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті
- •25) Химиялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •26) Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс әрекеті
- •27) Радиациялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •28) Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс әрекеті
- •29) Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс әрекеті
- •30) Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс әрекеті_
13) Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
Ядролық қару Ядролық қару деп-жарылыс кезінде ядролық реацияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару түрі. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыстың қуаттысы тротилдық эквивалентпен өлшенеді.тротилдңк эквивалент тоннамен (т),килотоннамен(кт),мегетоннамен(Мт) өлшенеді.ядролық жарылыс ауада жер су бетінде ж/е жер су астында болуы мүмкін. Оның толқындау факторына: Соққы толқын жарықты сәуле бөлу,өткір радиация,төңіректі радиоактивті ластау ж/е электрлік магниттік импульс жатады. Соққы толқын-ауаның бірден қысылысынан пайда болады ж/е дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәріне қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді.адамдар соққы толқынан тек арнайы панаханаларға,шұңқырларға т.с.с таса жерлерге жасырынып,сақталады. Жарықты сәуле бөлу-ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады.Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл ж/е көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундка ғана созылады. Бұл сәулеленудің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердың пайда болуына әсер етеді,адамдар күйеді,көзді жандырып жибереді. Өткір радиация- гамма сәуленің ж/е нейтрондардың ағымы.
Химиялық қару Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыраберді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы,Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді. Химиялық қаруды қолдану мақсаттары: 1.Уақытша қатардан шығару 2.Жою 3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру. 4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.
Биологиялық қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудың қауіптілігі приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат. Бактериологиялык қару дегеніміз — адамдарды, ауыл шаруашылық малдарын, азык-түлік корларын, жем-шөпті залалдауға арналған жөне жеткізудің техникалық кұралдарына орналасқан жұкпа көздері—кеміргіштер мен тасығыш-жөндіктер, ауру туғызатьш микробтар жөне олар бөлетін уыттар.Бактериологиялық зақым ошағы биологиялык кұралдардьщ тікелей өсеріне тап болған халык, жануарлар, су қоймалары, өсімдіктері, кұрылыстары мен баска да объектілері бар аумак болып табылады. Егер закымдану ошағын залалсыздандырмаса, онда закьімданған адамдар мөн жануарлар арқылы ауру одан тыс аймакка да тарап кетеді..
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.
Патогендік микроорганизмдер жұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді.