Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
649.22 Кб
Скачать

77. Ультракулгін сәулесінен қорғану

Ультракүлгін сәулелері-көрінетін сәуленің күлгін бөлігі мен рентгендік сәуленің аралығындағы диапазонда алатын электромагниттік сәулелену .Диапазон жақын (380-200нм) және алыс немесе вакуумды(200-40нм) болуы мүмкін. Ең жақын ультракүлгін диапазоны көзге корінбейді ,бірақ кейбір материалдармен шағылғанда спектр көрінетін күлгін сәулелену аймағына өтеді.

Корғану әдистері мен тәсилдері:

-уакыт және кашыктык бойынша корғау

-сәулелену көзінде сәулелену параметрін төмендету

-сәулелену көзін экрандау

-жұмыс ғимаратында қондырғыларды рационалды орналастыру

-кондыргылар эксплуатациясы мен кызмет көрсетуші-персоналдык жұмысының рационалды режимдерін кұру

-ескерту дабылдарын колдану

-саулелену зоналарын белгілеу

1) Уакытпен корғану- смена барысында сәулелену болған жағдайда кұрылган нормадан ауыткыған сәулелену қарқыны кезінде адамнын жұмыс аймағында шектеуге негізделеді .

2) Арақашыктыкпен корғану- адамның кауіпті аймақта болу уакытын қыскарту аркылы әлсірету мумкін болмаған кезде колданылады. Бұл кезде сәулелену көзі мен кызмет етуші персонал аралығындағы кашыктык ұзартылады.

3) Сәулеленуді онын көзінде азайту жүктемені және қуатты жұтатындарды колдану аркылы іске асырылады. Қуатты жұтатындар-сәулелену энергиясын жылу энергиясына айналдыратын жұтқыш материалдармен толтырылған коаксиалды немесе толқынжолакты сызықтар. Олар сәулелену қарқынын 60дБ дейін азайтады(106 есе). Қуаттылык денгейін аттенюатерлар көмегімен төмендетуге болады (фр. attenuer-азайту әлсірету). Өндірісте шыгарылатын аттенюатерлар 0-125 дБ дейн сәулеленуді азайта алады.

4) Ең эффективті және жиі колданылатын әдіс- көзі мен жұмыс орнын экрандау. Экрандар: 1) шагылтатын 2) жұтатын боп болінеді. Экрандау үшін экрандайтын кондыргыларды, вентиляцияны, экраннын кеңістігін жарықтандырылуын қадағалауға мүмкіндік беретин металл торлар колданады.

5)Электротермиялык кондыргылар мен радиотехникалык аппаратуралардын жеке боліктері бөлетін электромагниттік энергия экрандар жок болганда, бөлмеде таралады, кабыргадан шагылады, кейде одан өтіп сейiледі. Нәтижесінде бөлмеде электромагниттік сәулеленудің тыгыздыгы жогары болатын аймактар пайда болады. Сондыктан, жұмысты 1-кабаттын және сонгы кабаттын бұрыштагы бөлмелерінде жургізген жөн.

6) Адамды электромагниттік сәулелердің куатты көзінен ғимарат сыртында корғау үшін: -радиоцентр территориясын рационалды жоспарлау

-кызметкелерді антенді өрістерден тыскары шығару

-адамдар козгалысынын кауіпсіз маршрутын құру

-жекелеген ғимараттар мен территория аумақтарын экрандау керек

7) кейбір жұмыстарды орындаганда, мысалы: аппаратураларды орнату мен жөндегенде операторга үнемі электромагниттік сәлелену зонасында болуға тура келеді . Мұндай кезде адамға ЖҚҚ(жеке бас қорганыс құралдарын)пайдалану керек. Олар: металданған комбинезон мен халаттар, қорғаныс көзәйнектері (көзге каратылган жагы калайынын түссіз пленкасымен жабылган. Бул электромагниттік энергияны 30дБ дейн азайтады).

78.Лазерлік сәулелер,қолдану аймақтары

Лазерлик салелену-толкын ұзындығы L=02-1000 мкм диапазонда генерирленетін электромагниттік сәулелену. Лазерлер импульсивті және үздиксіз саулеленетін боп бөлінеді 1) импульсивті сәулелену - ұзактығы 025с дейн 2) уздіксіз сәулелену - ұзактығы 025с жане одан көп.

Өнеркәсіптен қатты денелі(твердотельные) газды және сұйык лазерлер болінеді. Лазерлік сәулемен сәулеленген затта молекулаларының арасындагы байланыстын әлсиреуіне ,олардын поляризациясына, молекулалардын ионизациясына , электрлік және химиялык эффектілер береді. Осылайша, лазерлік сәулелену адамға кауіп төндиреді. Әсиресе көру мүшелеріне кауіпті. Лазерлік сәулелену көздің ішіне еркін өтеді. Көздің ішкі тор кабығына жетпес бұрын бірнеше ортадан өтеді: мүйізді кабык көз буршағы шыны тәріздес дене. Фокустеу нәтижесінде көздің ішкі тор кабығынын шағын учаскелерінде көздің алдыңғы кабатына түсетін энергиядан тыгыздыгы 100-1000 есе көп энергия жинакталады. Көз ішінде жұтылган лазерлік сәулелену энергиясы жылу энергиясына айналады. Тірі организм тканьдері кіші және орта қарқынды сәулеленуде лазерлік сәулелерді откізбейді. Сондыктан тері кабаты онын әсеріне көбірек шалдыгады.

Лазерлік сәулеленудін жогары каркындылыгында ішкі организм закымдалуы мумкін. Бул закымдалулар ісіну, қанау, ұлпаның жансыздануы, қанның ыдырауынан көрінеді. Аталған лазерлік сәулелерден болатын зиянды салдарлар лазерлік қондыргыларды кауіпсіз колдану ережелерін бұзудан орын алады. Лазерлік жоғары каркынды шагылган сәулелену әсер ететін жағдайда жұмыс істейтін адамдардын басы ауырады, тез шаршайды,ұйкысы қашады, көзі аурады

Лазерлер олар генерирлейтін сәулелену каупінің дәрежесі бойынша 4 класска бөлінеді:

1. класс-бөлінетін сәулелену тері мен көзге кауіп тудырмайды

2.класс-көз тік немесе айналы шагылыскан сәулеленген сәулеге шалдыкканда қауіп төндіреді

3.класс ‑ бөлінетін сауле көз тік ,айналы шагылыскан, сондай-ак диффузды шагылыскан сәулеленуге шалдыкканда жане тери тік және айналы шагылыскан сәулеленуге шалдыққанда қауіп төндіреді.

4.класс‑бөлінетін сәулелену тері диффузды шағылған сәулеленуге диффузды шағылтатын жерден 10см қашықтықта шалдыққанда қауіп төндіреді.

Лазерлік сәулеленуден қорғану:

  • тік лазерлік сәулелердің сәулелену аймагынан тыс таралуын болдырмау үшін 3-4 классты лазерлер отқа төзімді,балқымайтын жарықжұтқыш материалдан жасалған экрандармен жабдықталуы керек;

  • 4 классты лазерлер бөлек бөлмеде орналасуы керек .Қабырға мен бөлме төбесінің ішкі өңдеуі күңгірт болуы керек .Көз қарашығының диаметрін кішірейту үшін жұмыс орнында жоғары жарық дәрежесін қамтамасыз ету қажет.

  • адам сәулелену қаупін болдырмау мақсатында 2-3 класстық лазерлер үшін бүкіл қауіпті зонаны қоршау немесе сәулелену шоғырын экрандау қажет. Экрандар мен қоршаулар отқа төзімді, улы зат бөлмейтін ,шағылысудың неғұрлым аз коэффиценті бар материалдан дайындалуы тиіс.

  • Жек бас қорғаныс құралдарын (лазерге қарсы көзәйнек,қорғаныс маскалары) ұжымдық қорғаныс құралдары жеткілікті болмаған жағдайда қолданылады.

79. Шудың, дірілдің ағзаға әсері

Шу қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады.Бұл ластанудың әсер тигізетін обьектісі‑ адам және оның денсалығы. Деңгейіне қарай шудың адамға қолайлы(табиғи нәзік шулар‑жапырақ сылдыры,өзен ағысы,құстар әні,т.б адамның нерв жүйесын емдеуде қолданылады)және қолайсыз(қатты шулар адамның есту қабілетінің төмендеуіне,түрлі нерв жүйесі ауруларының көбеюіне т.б себеп болады)әсері бар.Ұзаққа созылған қатты шулар жүректің,бауырдың жұмыс істеу қабілетін бұзады және нерв клеткаларын тоздырады.Осыған байланысты бүкіл организм‑ң жұмыс істеу қабілеті төмендеп,түрлі патологилық өзгерістер орын алады. Қатты шулар тек адамға ғана емес өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де қолайсыз әсерін тигізеді.Мысалы шулы көшелерге жақын жерден ұя салған құстар қанында холестерин мөлшері тыныш жерде ұя салған құстардан анағұрлым жоғары болады.Сонымен шудың адам ағзасына кері әсерлері мыналар:

‑есту анализаторының органикалық бұзылуы

естуді қабылдаудың функционалды бұзылуы

нейрогуморальды реттелудің(нейрогуморальное регуляция)функционалды бұзылуы

қозғалыс және сезу қызметтерінің функционалды бұзылуы

эмоцианалды тепе‑теңдіктің бұзылуы

Шудың әсеріне адамдардың реакциясы –тітіркену сезімі .Қолайсыз әсер ететін дыбыс адам ағзасында физикалық және психикалық патологиялық өзгерістердің орын алуына әкеп соғатын психоэмоционалдық стресске айналатын тітіркенуді тудыра алады . Адамның шуды қабылдау қабілеті әр түрлі, ол олардың жасына, өткір мінезділігіне, денсаулығына, қоршаған ортасына байланысты.

Діріл де ортаның физикалық ластануының бір түрі. Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесінде пайда болатынжиілік ауқымы күрделі,тербелмелі процесс. Адамға әсер ету жолына байланысты діріл екі түрге бөлінеді: 1) локальді (жергілікті) ‑түрегеп тұрған адамны қолы немесе аяғы арқылы денеге өтетін; 2) жалпы‑ ол отырған немесе түрегеп тұрған адамның денесіне салмақ түскен жері арқылы берілетін;

6-7Гц‑ке тең резонанстық жиілік адам жанына бататындай асқазаны мен басына әсер етеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсу алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді, бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік, холестериндік алмасуды бұзады.

Егер белгілі бір аймақта адамдар тұрса діріл тәулік бойы әсер ете алады,тітіркену сезімін тудырады.Демалыс(отдых) пен түс көруді бұзады. Дыбысқа қарағанда діріл түрлі органдар мен дене мүшелері арқылы қабылданады. Төмен жиілікте келетін дірілдер ішкі құлақтың отолитті аппараты (отолитовый аппарат) арқылы қабылданады. Адамның дірілді қабылдауы оның денсаулығына, организмінің жаттыққандылығына, жеке төзімділігіне,эмоционалдық тұрақтылығына, нервтік‑психикалық жағдайына байланысты. Сонымен қатар неғұрлым жұмыс тыныш болса соғұрлым адамдар дірілді қарқынды қабылдайды. 2 Гц‑тен жоғары жиіліктегі дірілдің әсері кезінде адам өзін бүтін масса секілді сезінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]