Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Тіл туралы заң

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. «Тіл туралы» заң 6 тараудан, 27 баптан тұрады.

«Тіл туралы» заң 1-тарау, 4-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

2. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Зат есімнің 4 түрлі жалғау бар:

1) Көптік: лар, лер, дар, дер, тер, тар.

2) Тәуелдік жалғау 2 түрі бар : оңаша және ортақ. Оңаша- бір немесе бірнеше заттың бір адамдарға ғана тәуелді екенін білдіреді. Иесі бір адам. М.: Менің кітабім . Менің кітаптарім. Ортақ- бір немесе бірнеше заттың көп адамға тәуелді екенін білдіреді. Иесі көп адам.М.: Біздің кітабіміз , біздің кітаптаріміз.

3) Септік жалғау 2 түрлі болады : :жай септеу, тәуелді септпеу.

Мысалы:

А.с. кітап , кітабім

І.с. кітаптің, кітабімнің

Б.с. кітапқа, кітабіме

Т.с. кітапты, кітабімді

Ж.с. кітапта, кітабімде

Ш.с. кітаптан, кітабімнен

К.с. кітаппен, кітабіммен

4) Жіктік жалғау барлық зат есімдерге жалғана бермейді , тек адамның кім екенін, қандай екенін , кім бола алатынын білдіретін , кәсібін көрсететін сөздерге ғана жалғанады.

Мысалы: мен инженермін, сен дәрігерсің, сіз мұғалімсіз, ол сатушы

16 билеті

1. Белгілі күйші-сазгерлер

Қазақ даласында байырғы заманнан бастап көптеген дарынды куйші-сазгерлер тұрып жатқан. Олардың ішінде: Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев, т.б.

Дәулеткерей Шығайұлы – күйші, композитор, қазақ күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Оның әкесі Шығай – Бөкей ордасының сұлтаны болды. Дәулеткерей орыс тілі мен мәдениетін жақсы білді. Ол Құрманғазымен өнер арқылы табысып, тікелей тәжірибе алмасып, жақын дос болды. Оның күйлері: «Ысқырма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелең», «Қаражан ханым».

Сүгір Әлиұлы 1882 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол он бес жасынан бастап домбырада күй ойнай бастаған. Бұдан басқа ол қобызда ойнады. Сүгір «Бес жорға», «Шалқыма», «Аққу» т.б. күйлер шығарған.

Аса дарынды күйші Дина Нұрпейісова жеті сегіз жасынан бастап домбырада ойнай бастады. Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді. 1888 жылы оны соңғы рет көргенде, ол Динаға домбырасын сыйлап, күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етеді. Күйлер: «Той бастар», «Әсемқоңыр», «Бұлбұл», «Ана бұйырғы».

Нұрғиса Тілендиев Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер деген жерінде дүниеге келген. Ол – қазақ композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы. Ол Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. Ол Қазақстанның опера және балет театрында, «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болып жұмыс істеді. Одан басқа ол «Ата толғауы» поэмасының, «Достық жолымен» балетінің, «Алтын таулар», т.б. шығармалардың авторы.

2. Есімдіктер – есім сөздер орнына қолданылатын сөз табы.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

Жіктеу есімдіктер

жақ

жекеше

көпше

I

II

II

III

мен

Сен

Сіз

ол

Біз, бізден

Сендер

Сіздер

олар

Сұрау есімдіктер

Кім? Не? Қандай? Қай? Қалай? Қайда? Қашан? Қайдан? Неше? Нешінші? Қанша?

Сілтеу есімдіктері

Мынау, бұл, осы, мына, міне, ана, анау, әне, сол, ол, олар, онда, анда, мұнда.

Жалпылау есімдіктер

Бәрі, бүкіл, барлық, бүтін, барша, түгел.

Белгісіздік есімдіктер

Біреу, бір, әркім, кейбір, әлде, әркім, бірнеше.

Болымсыздық есімдіктері

Ешкім, еш нәрсе, ештеңе , ешқандай, ешқашан, ешқайда

Өздік есімдіктер

Өз, өзім, өзге, өзімнің

Болымсыздық есімдіктер

Ешкім, ешбір, ешқайда, дәнеме, түк

17 билеті