Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Әбілхан Қастеев

Әбілхан Қастеев (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түркісіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркем сурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау бақсұр тоқуға, сырмақ сыруға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысына ден қойып, тарихи әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түркiсіб» (1932), «Жамбылдың портретi» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Амангелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954) , «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы автодүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС –І» (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер

2. а) Туған күніңізбен! Деніңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар! Әр күніңіз қуанышты болсын! Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз! Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!

б) Құрметті 3-4 курс студенттері! АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы келесі мамандықтар бойынша студенттерді жаздық практикаға жинайды: есептеуіш техникасы және ақпаратттық қамту, математика, информатика, физика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, радиотехника, электроника және телекоммникация, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, ақпараттық технологиялар менеджменті, инновацилық менеджмент, басқару жүйесі, журналистика, PR. Құжаттарды 1 мамыр 2012ж. дейін тапсыру қажет. Практика өту үшін келесі құжаттар тізімін тапсыру керек: түйіндеме, транскрипт, жеке куәлік және рнн көшірмелері.

5 билеті

1. Жігіттің үш жұрты

Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Қазақта қандас туыстық тек еркек тарапынан ғана жүреді. Қандас туыстыққа байланысты атаулар: өз елі бойынша – баба, ана, әке, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере. Әрбір шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі – ата-анасы мен әжесі. Қазақ ежелден ата-ананы, қарияларды қадірлеп, күте білген.

Мал бағу, егін өсіру, аң аулау әке міндеті болса, үй ішіндегі жұмысты әйел басқарған.

Жігіттің екінші жұрты – шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.

Қайын жұрт - жігіт үшін әйелінің, әйел үшін күйеуінің ата-баба әулеті және оның туыс-туғандары. Қайын жұртына қатысты туыстық атаулар: қайын ата, қайын ене, қайын іні, қайын сіңлі, қайын бике, т.б.

Халықта солай айтқан: «Жігіттің үш жұрты бар - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз-жұртың күншіл, қайын жұртың-міншіл, нағашы жұртың-сыншыл».

2. Синоним — мағынасы жақын, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер.

Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

  1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

  2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

  3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

Антоним — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.

Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды.

Омоним — жазылуы бірдей, бірақ мағынасы әр түрлі сөздер. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат — жұмыс көлігі;

  2. Ат — есім, атау;

  3. Ат — етістік (бұйрық рай).

Түс:

1. Түс – жасыл , қызыл т.б.

2. түс- етістік

3. тус- тағам

4. түс - ұйқы

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді

6 билеті