
- •1. Қазақстан – егеменді ел
- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •1. Әбілхан Қастеев
- •1. Заман кереметі – радио
- •О қшау сөздер
- •1. Қазақтың салт-дәстүрлері
- •1. Білім туралы заң
- •1. Мектептегі үйірмелер
- •1. Музыкалық бағдарламалар
- •1. Абайдың мұражай – үйі
- •1. «Атамекен» Қазақстан картасы этномемориалдық кешені
- •1. Отан отбасынан бастал ады
- •1. Тіл туралы заң
- •1. Белгілі күйші-сазгерлер
- •1. Ұстаз
- •1. Сәулет өнері
- •1. Жексенбілік мектептер
- •1. Менің мектебім
- •2. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар.
- •1. Әуезовтың мұражай үйі
- •1. Президенттік мәдениет орталығы
- •1. Теледидардың пайдасы мен зияны
- •1. Ананың орны ерекше
- •1. Менің болашақ мамандығым
1. «Атамекен» Қазақстан картасы этномемориалдық кешені
«Атамекен» Қазақстан картасы этномемориалдық кешені елорда тұрғындары мен қонақтарын мемлекетіміздің тарихымен таныстырады. Биік таулар мен қыраттар, жазира дала, орман-көлдер, ірі қалалардың бейнесі көз алдыңа әкелетін сәулет үлгілері осы орталықтың өзіндік ерекше ансамблін құрайды.
«Атамекенде» Каспий теңізінің үлгісі көркем көрсетілген. Еліміздің басты автомобиль және темір жолдарына ұқсас жасалған өтпе жолдар арқылы Қазақстанның көрнекті орындарына саяхат жасауға болады.
Этно - мемориалдық кешен 1,7 гектар жерге орналасқан.
Картада 14 облыс, Астана және Алматы қалалары бар.
«Атамекен» Қазақстан картасы біздің кең-байтақ Отанымыздың әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіп ғана емес, оның жер бедерін бейнелейтін әлемдегі бірден-бір карта.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:
Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: Қара теке — Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі — сары теке қатар тұр еді (М. Әуезов).
Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы: Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл).
Себеп бағыныңқылы сабақтас. Мысалы: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады.
Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін білдіреді. Мысалы: Емтихан тапсырған-нан кейін, үйге барамыз.
Мақсат сабақтас құрмалас сөйлем басыңқыдағы істің мақсатын білдіреді. Мысалы: Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақболып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).
Қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді. Мысалы: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов).
№ 13 билеті
1. Отан отбасынан бастал ады
«Отанды сүю – отбасынан басталады» демекші, мен өз отбасымды қалай сүйсем, Отанымды да солай сүйемін. Әр отбасы мына кең - байтақ Отанның бір бөлшегі. Егер отбасылары татулықта өмір сүрмесе, еліміз де татулықта өмір сүрмей, ыдыратады.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Барлығы құрметтен бастайды – бұл ата-аналарға құрмет. Өйткені олар – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Олар отбасын татулықта, шынайы сүйіспеншілікте, мейірімділікте сақтай, балаларды тәрбиелейді. Әке-шеше балаларына қандай тәрбие берсе, болашақта балалар сондай адамдар боп өседі.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. «Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды. Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек! Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
2. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б)аралас.
а) салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып , өзара тең дәрежеде байланысты.Мысалы: Қоңырау соғылды да, сабақ басталды. Оның алты түрі бар: 1) ыңғайлас. Мысалы: Қадірдің киімі жұқа, әрі денсаулығы да мықты емес; 2) қарсылықты. Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтағанжоқ; 3) себеп-салдар. Мысалы: Мен мектепке бармадым, себебі ауырып қалдым; 4) талғаулы. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсын, я мен тұрармын; 5) кезектес. Мысалы: Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар болады; 6) түсіндірмелі. Мысалы: Анамның айтқаны сол: Сен оқуды бітіресің.
б) сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады. Мысалы: Ол келгенде, кино басталды. Оның алты түрі бар: 1) шартты бағыныңқылы: Мен үйге келмей, іс бітпейді; 2) қарсылықты бағыныңқылы: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады; 3) мезгіл бағыныңқылы: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады; 4) себеп бағыныңқылы: Үйдің іші қараңғы болғандықтан, Зәмзегүл есікті айқара ашып қойды; 5) мақсат бағыныңқылы: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек; 6) қимылсын бағыныңқылы: Осынша қуаншылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген.
№ 14 билеті
1. Әке - асқар тау
Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан.
Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.
Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
2. Сан есім – заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.
Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.
Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу – елудей т.б.
Мағынасына қарай:
1. есептік. Бір, екі.
2. реттік. Жұрнақтары : ыншы , інші, нышы, ніші. М.: бірінші ,екінші.
3. жинақтық. Жұрнақтар :ау, еу. М.: біреу ,екеу.
4. болжалдық. Жұрнақтық : -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей). Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б. Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.
5. топтау. Шығыс септік жалғауы арқылы құралады М.: оннан , елуден
6. бөлшектік М.: бестен екі, төртің бірі
№ 15 билеті