Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Мектептегі үйірмелер

Әр мектепте өз үйірмелер әдетте болуы қажет. Біздің мектепте балалар өз әуестігін таба алатын әр түрлі үйірмелер мен секциялар қызмет етеді. Бізде спорт, бейнелеу өнер, шеберлік, би және тағы басқа үйірмелер бар. Спорт үйірмелерінен мектепте футбол, баскетбол, волейбол және карате жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге қатысам деген балалар саны көп, өйткені мектептің жағдайы оны көтереді. Одан басқа біздің мектепте би үйірмесі жұмыс істейді. Ол тек қыздарға арналған үйірме. Сол жерде біздің қыздарымыз әр түрлі халық билерін билейді, қалалық мектептер арасындағы сайыстарға қатысады. Сонымен қатар мектебімізде домбыра ойнауға үйретеді. Біздің домбырашылар көп жарыстарда қатысып, жүлделі орындарды алады. Олар мектептің мақтанышы боп есептейді. Тағы мектептің бейнелеу өнер үірмесі бар. Өкінішке орай қазіргі кезде олардың өз кабинеті жоқ, сондықтан олар кіреберісте оқуға мәжбір болады. Бұл мектептің ең негізгі мәселелерінің бірі.

Үйірмелер бірінші ауысымда оқитын оқушыларға түстен кейін, ал екінші ауысымдағы балаларға түске дейін арнап бастайды. Олар, әсіресе, аптасына үш рет болады. Үйірмелерінің мұғалімдері әрбір өз жұмысының шеберлері. Мектебімізде әр оқушы оған ерекше көңіл қояды, өйткені үйірмелер меншікті қасиеттерін дамуына көмектеседі.

2. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б)аралас.

а) салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып , өзара тең дәрежеде байланысты.Мысалы: Қоңырау соғылды да , сабақ басталды. Оның алты түрі бар: 1) ыңғайлас. Мысалы: Қадірдің киімі жұқа, әрі денсаулығы да мықты емес; 2) қарсылықты. Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтағанжоқ; 3) себеп-салдар. Мысалы: Мен мектепке бармадым, себебі ауырып қалдым; 4) талғаулы. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсын, я мен тұрармын; 5) кезектес. Мысалы: Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар болады; 6) түсіндірмелі. Мысалы: Анамның айтқаны сол: Сен оқуды бітіресің.

б) сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады. Мысалы: Ол келгенде , кино басталды. Оның алты түрі бар: 1) шартты бағыныңқылы: Мен үйге келмей, іс бітпейді; 2) қарсылықты бағыныңқылы: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады; 3) мезгіл бағыныңқылы: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады; 4) себеп бағыныңқылы: Үйдің іші қараңғы болғандықтан, Зәмзегүл есікті айқара ашып қойды; 5) мақсат бағыныңқылы: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек; 6) қимылсын бағыныңқылы: Осынша қуаншылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген.

10 билеті

1. Музыкалық бағдарламалар

Бүгінгі телеарнада көп әр түрлі бағдарламалар бар. Олардың ішіне музыкалық бағдарламалар да кіреді. Бұл бағдарламаларда музыка ғана емес, одан да көп басқа ойын-сауықтары бар. Мысалы: шоубизнес туралы хабарлар, ең танымал музыка арқылы хит парадтар, жұлдыздарымен әңгіме, концерттік шоу, т.б. Соңғы уақытта елімізде «Жұлдыздар фабрикасы» және «Х-фактор» деген бағдарламалар жұрттың арасында танымал болды. Бұл екі бағдарламалардың мақсаты – көпшіліктің арасынан дарынды адамдарды тауып, белгілі жұлдыз дайындау. Одан басқа Қазақстан телеарнасында «Екі жұлдыз» деген бағдарлама сондай танымал болды. Бірақ оның мақсаты және ойы басқа. Бұл ән сайыста жұртта қалған адамдар емес, белгілі адамдар қатысады. Олар бірнеше топтан тұрады, бір топ екі адамнан құралады. Әр топта бір адам кәсіби әнші, ал екінші қатысқан адам тағы бір басқа жұлдыз (актер, дизайнер, тележүргізуші, т.б.) болады. Финалда ең мықты әнші тобы ғана жеңеді. Соңғы уақытта теледидарда көп әр түрлі жаңа қызықты музыкалық бағдарламалар шығып келе жатыр. Қазіргі кезде теледидардың өте әйгілі болғандығына қарай тұтынышылардың музыкалық телеарнадағы бағдарламаларына қызығушылықтары өсіп келеді. Менің ойымша ең әйгілі музыкалық бағдарламалардың бірі: МузТв, ХитТВ, МузЗон және Еуропа Плюс Тв.

2. Фонетика – тіл білімнің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалу , айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады. Қазақ алфавитінде 42 әріп.

Тілдің қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Жуан

А, о , у , ы , ұ

Жіңішке

Ә, ө, ұ, і, е, и

Еріндік

О, ө, ұ, ү, у

Езулік

А, ә, е, ы, і,и

Ашық

А, ә, о ,ө ,е

Қысаң

Ұ, ү, у, ы, і, и

Дауыстың қатысына қарай

Қатаң

Қ, к, х, ц, п, ф, т, с, ш, щ, ц

Ұяң

Б, в, г, ғ, д, ж, з ,Һ

үнді

Мұрын жолды

М, н, ң

Ауыз жолды

Л,р,й,у

Буын:

1. ашық а-та, а-па, ба-ла

2. тұйық ет, ат, ер,.үн, ант, ұлт

3. бітеу тас, тіс,құрт

11 билеті