Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Заман кереметі – радио

Радио – сымсыз байланыстың бір түрі, қазіргі уақытта көптеген адамдар оны сүйіп тыңдайды. Радиодан ақпарат, әуен, әңгімелер, ертегілер тыңдауға, сұхбат алуға болады. Әр түрлі салаларға арналған бағдарламалар өткізіліп тұрады. Мысалы: экономика, әлеуметтік, саяси, техникалық, т.б. салалар.

Жалпы радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар, көркем жанрлар және басқа.Осы жанрлардың ішінде менің ең сүйіктім ол көркем публицистикалық жанры. Өйткені мен музыканы тыңдағанды және шоубизнес ақпаратын жақсы көремін. Әсіресе мен «Еуропа плюс Қазақстан», «Русское радио Азия» радиостанцияларды тыңдаймын. Осында музыка (әуен) ғана емес, тағы басқа сауықтар бар. Мысалы: шоубизнес туралы жаңалықтар, жұлдыздарымен әңгіме, басқарушымен тура эфирдегі әңгіме, т.б. Бұл өте қызықты. Сол себепті мен радионы жақсы көремін. Бірақ соңғы уақытта радионы тыңдаушылардың саны аздап келе жатыр. Көбінесе адамдар интернеттен немесе теледидардан бәрін көріп тыңдайды.Ал радионы көбінесе үлкен кісілер тыңдайды, сондықтан радио екінші ғана рөлін атқарады.

3. Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады.

О қшау сөздер

Одағай Қыстырма сөз Қаратпа сөз

Мысалы :Былтыр, жиырма екінші наурызда, күн жылы болды.

Қаратпа сөз —біреудің назарын аударту үшін сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, модальдықты білдіреді.

М

Қаратпа сөздің тыныс белгілері

ысалы : Балалар, ертең театрға барамыз. Асан! Үйіңе қайт.

Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, қаратпа сөзден кейін үтір қойылады. Мысалы: Балам, бар байлық – жерде.

Сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады. Мысалы: Мен, Сәбит, ағаштардың барлық түрін білемін.

Егерде қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, үтір алдынан қойылады. Мысалы: Табиғатты қорғауға үлес қос, Бақыт.

7 билеті

1. Қазақтың салт-дәстүрлері

Салт-дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.

Қазақ халқының шілдехана, тұсау кесу, бесікке салу, қырқынан шығару, той малы, қыз қашар, күйеу киемі, күйеуаяқ, т.б. салт-дәстүрлері бар.

Шілдехана жаңа туған нәрістенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайлып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару нәрістенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

Бесікке салу. Халқымыз бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

Тұсау кесу сәби қаз тұра бастақанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасылып, тұсаукесер кәдесі беріледі.

«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.

2. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.

Бірейдің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады.

Төл сөз айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты немесе лепті болып келуі мүмкін. Автор сөзі әр уақытта хабарлы болып келеді.

Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.

8 билеті