Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Менің болашақ мамандығым

Әр адам бала кезінен бастап өзінің болашақ мамандығы туралы терең ойланады. Болашақ мамандық таңдау – қиын міндет. Дұрыс шешу және дұрыс таңдау жасау өте жауапты қадам. Бұл әрекет біздің өмір тағдырын белгілейді. Сондықтан болашақ мамандығын таңдағанда өз мүмкіндіктерін және қабілеттерін есептеу керек.

Шын айтса, мен әзір мамандығымды таңдаған жоқпын. Бірақ қазіргі кезде маған бір ой пайда болды. Мүмкін мен жазушы немесе журналист боламын. Өйткені соңғы кезде менде бірнеше таланттарым ашылып келе жатыр. Мысалы, он төрт жасынан мен өлеңдерді, тақпақтарды жазуға үйрендім, төртінші сыныпта мен өзімнің бірінші газет мақаласын жаздым, мен әр түрлі шығармаларды жазуды ұнатамын. Мұғалімдерге менің шығармаларым ұнайды, кейбір ұстаздар менің шығармашылық қабілеттерін белгіледі. Әрине, мен оған өте ризамын. Қазір мен өзімнің алғырлықты дамуына тырысамын. Өкінішке орай, көп сабақ болғандықтан бұл іске менің уақытым жоқ. Бірақ сабақ біткен кейін мен бір немесе бірнеше әңгімелерін жазуға тырысамын. Бірақ анда санда, бос уақытым болса, мен өлеңдерді жазамын. Мен оларды достарыма және өмірдің құндылықтарына арнаймын.

Кейбір балалар толық әке–шешелерінің қалауымен мамандық таңдайды. Менің ойымша, әрине, ата–аналарымен ақылдасу қажет, бірақ өзінің қалауына да қарау керек. Егер өзіне ұнамаған мамандығын таңдасаң, кейін өмір бойы өкінесің.

2. Қимыл, амал-әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, түрлі белгілерін білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Үстеу мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді: 1. Мезгіл үстеуі. 2. Мекен үстеуі. 3. Мөлшер үстеуі. 4. Сын-қимыл үстеуі. 5. Мақсат үстеуі. 6. Себеп-салдар үстеуі. 7. Күшейткіш үстеу,

Мағынасына қарай

мезгіл

Қашан? Қашаннан?

Бүгін-н , ертен, кешке

мекен

Қайда? Қайдан?

Сыртта, әрі, алға, ішке

мөлшер

Қанша? Қаншалық? Қаншадан? Нешеден?

Онша, сондайлық, бірталай, талай

Сын-бейне

Қалай? Қалайша? Қайтіп?

Бірге, зорға, аздап

Күшейту

Қалай? Қандай? Қайтіп?

Нағыз, ең, өте, тым, дәл

мақсат

Неге? Не үшін? Не мақсатпен?

Жорта, көре тұра, қасақана

Себеп салдар

Не себепті? Қалай? Неге?

Босқа, текке, жоққа

топтау

Қалай? Қаншадан?

Екеулеп, топ-тобымен