
- •1. Қазақстан – егеменді ел
- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •1. Әбілхан Қастеев
- •1. Заман кереметі – радио
- •О қшау сөздер
- •1. Қазақтың салт-дәстүрлері
- •1. Білім туралы заң
- •1. Мектептегі үйірмелер
- •1. Музыкалық бағдарламалар
- •1. Абайдың мұражай – үйі
- •1. «Атамекен» Қазақстан картасы этномемориалдық кешені
- •1. Отан отбасынан бастал ады
- •1. Тіл туралы заң
- •1. Белгілі күйші-сазгерлер
- •1. Ұстаз
- •1. Сәулет өнері
- •1. Жексенбілік мектептер
- •1. Менің мектебім
- •2. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар.
- •1. Әуезовтың мұражай үйі
- •1. Президенттік мәдениет орталығы
- •1. Теледидардың пайдасы мен зияны
- •1. Ананың орны ерекше
- •1. Менің болашақ мамандығым
1. Теледидардың пайдасы мен зияны
Жыл сайын теледидардың әйгілігі көтеріліп жатыр. Бірақ теледидардың меншікті пайдасы мен зияны бар. Теледидардың пайдасы өте көп. Теледидар – ең кең тараған бұқаралық ақпарат құралы және ойын–сауықтардың бір түрі. Одан басқа теледидарда көп күлкі шоу өтеді, музыканы көрсетеді, телехикаяларды, фильмдерді, мультфильмдерді көрсетеді. Қазіргі таңда теледидарда жастарды тәрбиелеу үшін, олардың ойын дамыту үшін әр түрлі телехабарларды көрсетеді. Бұл өте ыңғайлы және тамаша боп көрінеді, бірақ теледидардың пайдасынан басқа, зияны да көп. Мысалы: теледидар көзіне өте зиян, қорқынышты фильмдер немесе телехабарлар балалардың психикасына жаман әсер етеді. Қазіргі кезде адамдардың көбі теледидарды көре отырып, бүкіл уақытын өткізеді. Оның аты – еріншек. Менің ойымша, бұның негізгі себебі адамдардың бос уақытын қалай өткізетінін білмеуі. Сондықтан олар үшін ең жеңіл тәсілі – диванда жатып, теледидар қарау. Оған қарамастан, теледидар бізге көп мүмкіндік береді. Бірақ біз бұл мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану керекпіз. Бір жағына қарағанда, теледидарды көп көруге болмайды, оның орнына далаға шығып, таза ауамен демалу керек немесе бір қызықты кітапты оқу, достарымен кездесу және т.б. Бұл ережелерге сүйініп өмір сүрсе, адамдардың денсаулықтары әрі әлеуметтік жағдайлары жақсара түсетін еді.
2. Бастауыш — сөйлем ішінде атау септігінде түрып баяндауыш көрсеткен іс қимылдың я бір сапа-белгінің иесі болатын дербес тұрлаулы мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? сияқты сүрақтарға жауап береді. Мысалы: Қазақ халқы егемендік алды.
Баяндауыш — сөйлем кұруға негіз болатын тұрлаулы мүшенің бірі. Ол бастауыштың іс-қимылын, кім, не екендігін көрсетеді. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді. Мысалы: Тоғжан мектепте оқиды.
Толықтауыш — сөйлемде толықтайтын мүшесімен табыс, барыс, шығыс, көмектес септіктерініқ бірінде тұрып және онымен заттық ұғымда байланысатын тұрлаусыз мүше. Толықтауыш аталған септіктердің кімді, нені, кімге, неге, кімнен, неден, кімде, неде, кіммен, немен деген сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Табиғатты қорғауды өзінен баста.
Анықтауш. Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б белгілерін білдіреді. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: таңғажайып табиғаты бар ел.
Пысықтауыш — сөйлем ішінде етістіктен болған мүшелермен синтаксистік байланысқа түсіп, іс-қимылдың амалын, мезгіл, мекенін, себебін, мақсатын, сан-мөлшерлік сипатын білдіретін түрлаусыз мүше.
Осы қызметіне сай пысыктауыштар мағына жағынан 5-ке белінеді:
1) Мезгіл пысықтауыш,
2) Мекен пысықтауыш,
3) Сын-қимыл пысықтауыш,
4) Себеп пысықтауыш,
5) Мақсат пысықтауыш.
№ 24 билеті
1. Ананың орны ерекше
Өмірде ананың орны бөлек. Қазақтар ғасырлар бойы ананы ерекше құрметтелген. Ана – тіршілік басы, қаһармандықтың үлгісі, адамзат өмірінің бастауы. Ананың сүті тәтті, қолы жұмсақ. Ананың құшағы кең, жылуы мол. Ана балаға қандай тәрбие берсе, болашақта ол сондай болады. Ана тілінде тәрбие берсе, оның бойға сіңуі ғажап болады. Туған кезден бастап, бесіктің алдында отырып, әр түрлі жырын айтады. Сол жырда ана баласына батасын береді. Түңгі ұйқысын төрт бөлген ананың еңбегін ешқандай қызметіңмен қайтар алмайсың. Ешқашан ана өз баласына жаман бол, деп үйретпейді. Ол оған тек қана жақсылықты тілейді. Ананың балаға махаббат шексіз деп айтуға болады.
Өмірде маған ең қымбат адам – менің анашым. Ол мені әдептілікке, адалдылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өмірде ұқыпты, саналы болса екенді тілейді. Үнемі ақыл айтады, қиын жағдайда көмектеседі. Ал мен оларды тыңдап, пайдаланамын. Мен анамның еңбегіне өте ризамын, және мен оны қатты сүйемін.
2. Сан есім – заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.
Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.
Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу – елудей т.б.
Мағынасына қарай:
1. есептік. Бір, екі.
2. реттік. Жұрнақтары : ыншы , інші, нышы, ніші. М.: бірінші ,екінші.
3. жинақтық. Жұрнақтар :ау, еу. М.: біреу ,екеу.
4. болжалдық. Жұрнақтар: -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей). Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б. Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.
5. топтау. Шығыс септік жалғауы арқылы құралады М.: оннан , елуден
6. бөлшектік М.: бестен екі, төртің бірі.
№ 25 билеті