
- •1. Қазақстан – егеменді ел
- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •1. Әбілхан Қастеев
- •1. Заман кереметі – радио
- •О қшау сөздер
- •1. Қазақтың салт-дәстүрлері
- •1. Білім туралы заң
- •1. Мектептегі үйірмелер
- •1. Музыкалық бағдарламалар
- •1. Абайдың мұражай – үйі
- •1. «Атамекен» Қазақстан картасы этномемориалдық кешені
- •1. Отан отбасынан бастал ады
- •1. Тіл туралы заң
- •1. Белгілі күйші-сазгерлер
- •1. Ұстаз
- •1. Сәулет өнері
- •1. Жексенбілік мектептер
- •1. Менің мектебім
- •2. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар.
- •1. Әуезовтың мұражай үйі
- •1. Президенттік мәдениет орталығы
- •1. Теледидардың пайдасы мен зияны
- •1. Ананың орны ерекше
- •1. Менің болашақ мамандығым
1. Әуезовтың мұражай үйі
Әуезов Үйі, ғылыми-мәдени орталығы,яғни ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылым-мәдени мекеме Алматы қаласында Жазушының өзі тұрған үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 жылы 10 тамызда қабылданды. М. Әуезовтың мемориалды-әдеби мұражай-үйі 1963 жылдың 28 қараша айында ашылды.
Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді. Бірінші бағыт – жазушының өмірі мен шығырмашылық мұрасын жинақтау. Екінші бағыт – мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды , кино, фотоларды ғылыми жүйеге түсіру , көрме ұйымдастыру. Үшінші бағыты – М. Әуезовтың азаматтық , шығармашылық құқығын қорғау. Орталықта орналасқан мұражай үйі екі қабаттан, сегіз бөлмеден тұрады. Бұл мұражай үйінде жазушының өзінің даусы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Ғылымды жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім жұмыс істейді.
2. Айтушының түрліше көңіл күйін білдіретін оқшау сөздерді одағай дейді. Одағай негізгі және туынды болып бөлінеді.
О дағай
Таңдау
ах, алақай, мәссаған
Жекіру Тәйт, тек, жә
Көңіл күй Ах, ох, ой
Шақыру мох-мох, кә-кә
№ 22 билеті
1. Президенттік мәдениет орталығы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жаңа астананың мәдени және рухани кейіпін арттыру , үлкен қоғамның – Қазақстан халқының тарихи мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы » және «Сәкен Сейфуллин атындағы Республикалық бұқаралық кітапхана » республикалық екі мекеменің бірігуі арқылы құрылған.
Президенттің мәдениет орталығы Астана қаласындағы екі ірі жол торабы Республика даңғылы мен Бараев көшелерінің қиылысында орналасқан. Оның жалпы ауданы -20315 шаршы метр.
Бұл мәдениет орталығы - Астана сәулет өнерінде зәулім ғимараттардың бірі. Биіктіктен қарағанда қазақ халқының мәдениетіне тән сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді. Бүкіл сәулет композициясының осьтік орталық радиусы 19,5 метр ғимаратқа түркілік сипат беретін 16 метрлік күмбезбен бекітілген 5 қабатты мұражай болып табылады.
Президент мәдениет орталығының бірнеше құрылымдық бөлімдері бар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі тарихының мұражайы
Ғылыми кітапхана
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен президенттілігі институтының тарихын зерттеу ғылыми орталығы
Концерттік зал ұлттық дәстүр театры
«Қазақстан музейлері» журналы баспасының орталығы
Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы Қазақстандығы жалғыз мәдени ағарту мекемесі болып табылады . Онда қазақ халқының тарихы мен мәдениеті насихатталады . Қазақ этносының Еуразия даласында ұлы халық ретінде қалыптасу тарихының құнды мәліметтері мен коллекциялары көрсетіледі.
2. Заттың түрін , түсін, сапасын , сипатын, көлемін білдіретін сөздерді сын есім деп аталады. Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Тұлғасына қарай сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі сын есім: қызыл, кәрі, жұмыр, сары, күрең, нашар, сұр, үлкен.
Туынды сын есім: ұялшақ, үлгілі, әсемпаз, өнерлі, күзгі, таулы.(
Туынды сын есім сын есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұрт. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (М. Әуезов).
№ 23 билеті