Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Жексенбілік мектептер

Қазақстан аумағында тұрып жатқан барлық диаспорлар тіліне мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Ана тілі мен мәдениетін дамыту мақсатында елімізде ана тілін оқытудың жексенбілік мектептер жүйесі құрылған. 1999/2000 оқу жылында жексенбілік мектептерде 14 тіл ана тілі ретінде оқытылды, олар – корей, еврей, неміс, түрік, шешен, ұйғыр, армян, әзірбайжан, чуваш, поляк, курд және дүнген тілдері.

Жексенбілік мектептерге арнап үлгі–ереже әзірленген. Оқытудың мұндай түрі өзін жақсы жағынан көрсетіп үлгерді және келешегі де бар. Елімізде диаспоралар тілінде 11 газет шығарылып, 12 тілде телехабарлар жүргізіледі.

Жексенбілік мектептерге мүмкіндігінше одан әрі қолдау көрсету қажет, соның ішінде кітап және оқу–әдістемелік қорын құруға көмек беру керек.

2. Заттың қимылын, амалын, жай-күйн білдіретін сөздерді етістік дейміз. Болымсыз етістіктер болымды етістіктердің түбіріне ма, -ме, (-ба, -бе, -па, -пе) жүрнағын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бар — барма, көтер — көтерме, сөйле — сөйлеме, сөйлес — сөйлеспе, шық — шықпа, шығар — шығарма, жаз — жазба, жалғыз — жазғызба.

Етістіктің болымсыздық жұрнағы — сөзде көсемше, есімше, рай жұрнақтарын, жіктік жалғаудан бұрын қолданылатын қосымша. Мысалы: көрме-й-ді, кел-ме-ген, айт-па-й-мын, ал-ма-ғай-сың, бер-ме-се. Етістіктің жүрнағы өзі жалғанған сөзіне болымсыздық мағына береді.

20 билеті

1. Менің мектебім

Менің атым Арғынова Қорлан. Мен Астана қаласындағы №59 лицей мектебінде 9 В сыныпта оқимын. Мектеп қаласының сол жақ жағалауында, Сауран көшесінде орналасқан. Бұл жаңа мектеп боп есептеледі, ол тек 2007 жылы ашылды. Бірінші уақытта оқушылардың және мұғалімдердің саны аз болған. Бірақ қазір біздің мектепке көп мұғалімдер келе бастады. Оқушылар да келе бастады, біздің мектепте 2000 жуық оқушы оқиды. Оның себептері көп. Біріншіден мектеп өте үлкен және жарық. Екіншіден оның орналасқан орны ыңғайлы. Үшіншіден жылдан–жылға бізге көп жақсы мұғалімдер келгеннен білімнің деңгейі жақсара бастады. Одан басқа мектептегі асханасы , мәжіліс залы, дене шынықтыру залы, футбол өрісі, баскетбол өрісі өте үлкен және ыңғайлы. Мектеп үш қабатты және мектепте 60 кабинет бар. Мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Мысалы: спорт, би, домбыра т.б. үйірмелер бар. Енді директордың еңбегімізбен біздің мектебіміз жаңа деңгейге көтерілді. Қазір №59 мектеп лицей қаламыздың ең жақсы мектептердің санына түсті және жылдан жылға біз одан әрі жақсара береміз.

2. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар.

1) есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:

-шы, -ші: биші, оқушы;

-шылық, -шілік: шаруашылық, адамгершілік;

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: балалық, жеңілдік;

-кер, -гер, -қор: айлакер, сазгер, дәрігер;

-хана: кітапхана, дәмхана;

-стан: Ауғанстан, Қазақстан.

2) етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

-м, -ым, -ім : түсім , ағым;

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе : кеспе, көрме;

-қы, -кі, -ғы, -гі: сүзгі, бұрғы;

-с, -ыс, -іс: жүріс, айтыс;

-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек;

-ыш, -іш: қуаныш;

-н, -ын, -ін: боран, тұйын;

-у: жалау;

-ынды, -інді: үйінді.

21 билеті