Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.41 Кб
Скачать

1. Сәулет өнері

Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Қазақстан да байырғы заманнан бастағанымен сәулет өнерге өте бай.

Көшпелі қазақтардың тәлімдік ой-пікір тарихын үш кезеңге бөлуге болады.

Біріншісі – VI-VIII ғасырлардан бергі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ сананың дүниеге келу кезеңі (Орхон – Енисей жазу ерекшеліктері, Қорқыт ата тағылымдары т.б.).

Екіншісі – ортағасырлар заманынан бастап, Қазақстанның Ресей қоластына кіру процесі аяқталғанға дейінгі демократиялығы басым тәлімдік ой пікірлер кезеңі.

Үшіншісі – ұлттық педагогикалық ой-пікірдің Кеңес Өкіметі жылдарында дамуы.

Қазіргі қазақ руларының ата-тегінен қалған рухани мұра үлгілеріне Орхон-Енисей бойынан табылған тасқа қашан жазылған ескеркіштер жатады. Көне мұралардың ішіндегі бізге мәлім болғандары түркі көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылғой Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Онда ұлы түрік қағанағы халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жаугершілік жортуылдары өсиет сөз үлгісінде баяндалады.

Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелеріне қарағанда дала көшпенділерінің тек малшы, жауынгер ғана емес, тамаша сәулетті, мүсінші болғандығы байқалады. Бұған Манғыстау түбегінен табылған рухани, мәдени мұралар дәлел. Оған барлығына таныс Отырар, Тараз және Түркістан қалалардың ескеркіштері де жатады (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша-Бибі күмбезі, Алаша-Хан, Аяққамыр мұражайлары, т.б.).

ІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап революцияға дейін пайда болған қалаларды көріктендіру шаралары жүргізілді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Усть-Каменогорск (Л.Маковеев, 1965), Қарағанды (А.Хохлов, 1966), Теміртау (1966), Экібастұз (Ф.Гулнев) қалаларын жобалау шаралары іске асырылды. Осы кездегі құрылысқа тән сипат – бірсарынды жоғары қабатты бұқаралық тұрғын үйлердің салынуы.

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге ұшырап, жаңа элементтердің елеулі алғышарттары жасалды.

Тек Астана қаласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында да көз тартар тұрғын үйлер, офистер, банктер, мәдени ескерткіштер, спорт комплекстері мен басқа да ерекше ғимараттар салынды.

Бүгінгі күні Астана еліміздің ең ірі құрылыс алаңдарының бірі. Құрылыстың жоғары жылдамдығын Астанада ашылған жоғары дәрежелі «Интерконтиненталь», «Сұлтан Бейбарыс», «Аққу», «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйлерінен байқауға болады.

Сондай-ақ, Ұлттық мұражай, Музыкалық академиясы, Халықаралық әуежай, кино театрлары «Сары-арқа», «Синема сити», «Бәйтерек» сияқты демалыс және қоғамдық кешендері салынған. Министрліктер үйі, “Қаз Мұнай Газ” Ұлттық компаниясы және т.б. Әкімшілік ғимараттары да үлкен әсер қалдырады.

2. Сөз тіркесінің екі түрі бар: еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі (фразеологизм).

Фразеологизм – құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтас бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркес. Мысалы: Су жүрек — қорқақ, иман жүзді — мейірімді, зықысы шығу — қиналу, аяқ астынан — кенет, ұзын құлақ — хабар, бетінен оты шығу — ұялу, тісі тісіне тимеу — тоңу, қас пен көздің арасында – тез, төбе шашы түк тұру – шошу, қуанышы қойынына сыймау – өте қуанышты, т.б.

Еркін тіркестерінен айырмашылығы: 1) еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады, ал тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орны өзгермейді. Мысалы: ауыл мен қаланың арасында – еркін сөз тіркесі, қас пен көздің арасында – тұрақты сөз тіркесі.

2) Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрастыратын сөздердің мағыналарымен тікелей байланысты, ал тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарын тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: мазмұнды кітап – еркін сөз тіркесі; ит өлген жерде (алыс).

3) Тұрақты сөз тіркесі сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі болады.

19 билеті