
- •1. Қазақстан – егеменді ел
- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •1. Әбілхан Қастеев
- •1. Заман кереметі – радио
- •О қшау сөздер
- •1. Қазақтың салт-дәстүрлері
- •1. Білім туралы заң
- •1. Мектептегі үйірмелер
- •1. Музыкалық бағдарламалар
- •1. Абайдың мұражай – үйі
- •1. «Атамекен» Қазақстан картасы этномемориалдық кешені
- •1. Отан отбасынан бастал ады
- •1. Тіл туралы заң
- •1. Белгілі күйші-сазгерлер
- •1. Ұстаз
- •1. Сәулет өнері
- •1. Жексенбілік мектептер
- •1. Менің мектебім
- •2. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар.
- •1. Әуезовтың мұражай үйі
- •1. Президенттік мәдениет орталығы
- •1. Теледидардың пайдасы мен зияны
- •1. Ананың орны ерекше
- •1. Менің болашақ мамандығым
№1 билеті
1. Киіз үй
Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қос қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.
Халқымыз ХVIII ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.
Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат болып бөлінеді.
2. Сөйлем-сөздердің лексика-грамматикалық байланысынан тұратын,біршама тиянақты ойды білдіретін,белгілі бір интонациямен ерекшеленетін синтаксистік құрылым.Сөйлемнің түрлері: 1)сөйлем құрылысына қарай жай және құрмалас болады.М.:Күн бұлттанды.Күн бұлттанып,жауын жауды.
2)айтылу мақсатына қарай: хабарлы: Ауылға барғанда суға түстік; сұраулы: Ауылға барғанда суға түстің бе? Лепті: Шіркін,ауылға барғанда суға түссек! Бұйрықты: Ауылға барғанда суға түссін.
№2 билеті
1. Қазақстан – егеменді ел
Қазақстан – егеменді мемлекет. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан егеменді мемлекет боп санала бастады. Егемендік мемлекеттік биліктің бірлігін үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні боп табылады.
Қазақстан – менің туылған жерім. Мен Қазақстанда тұратына мақтаныш етемін. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Бұл тарихтағы ең маңызды күндердің біреуі. Біздің еліміз егеменді болу үшін біздің аталарымыз, бабаларымыз өздерінің өмірлерін берді. Олар керімегінбеуі, ақырына дейін тұрды, тек қана алға жүрді. Бір мақал бар: «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің». Мен осы мақалбен келесемін. Біз бұны ұмытпау керекпіз. Сол батырлардан біз үлгі алу керекпіз. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды дүниежүзілік деңгейге жеткізіп алыс көтеру.
2.Салалас құрмалас сөйлем. Оның түрлері. Мысал келтіру. Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады. Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Ыңғайлас салалас. Да, де, та, те, және, әрі. Мысалы: Қадырдың киімі жұқа, әрі денсаулығы да мықты емес.
2. Қарсылықты салалс. Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтседе, сөйтсе де. Мысалы : Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім.
3. Себеп – салдар салалас. Сондықтан, себебі, өйткені, неге десең. Мысалы : Мен мектепке бармадым, себебі ауырып қалдым.
4. Талғаулы салалас. Не, немесе, я, яғни, әлде, бірде, біресе, кейде, бірде. Мысалы: Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың.
5. Кезектес салалас.біресе, кейде, бірде. Мысалы : Клубта кейде кино болады , кейде қызықты баяндамалар болады.
6.Түсіндірмелі: сонша, сондай, сол, соншалық, мынау,мыныдый т.б. Мысалы : Саған айтарым сол: мен Астанада қаламын.
№3 билеті
1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының байырғы тұрғындары қазақтардың ұлттық, мемлекеттік, әдеби тіл.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Қазақ тілі – өте бай, көркем тілдерінің бірі. Оған ауыз әдебиетінің бай мұралары (салт–дәстүрлер, халық өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, т.б.) өзіндік рөлін атқарды. Сонау көне заманнан бері жалғасып келе жатқан куә.
Қазақ тілі түркі тілдер тобының қыпшақ – ноғай тілдері деп аталатын тобына енді.
Қазақ тарихы жалпы түркі тілдерінің тарихымен ұқсас. Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір–біріне жақындықтары, ортақ қасиеттері мол.
Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Н.Ә. Назарбаев солай айтты: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».
2. Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
1. Жақты сөйлем |
2. Жақсыз сөйлем |
Бастауышы бар сөйлем. |
Бастауыш мүлдем жоқ сөйлем. |
1.Мен ауылға бардым. Кітап – білім бұлағы. Екі жердегі екі – төрт. Оның айтайын дегені – осы. |
Менің оқығым келеді. Оны сенің оқуыңа болады. Оны айтуыдң не қажеті бар. Оған хабар беру керек. Басымның ауырып тұрғаны. Оның айтқандарын түсініп болмайды. Ағашты былай жарар болар. Енді бізге оқымасқа болмайды. |
2.Бастауыш кейде айтылмайды. Бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады. Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел) |
5. Толымды сөйлем |
6. Толымсыз сөйлем |
7. Атаулы сөйлем |
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. |
Айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем. |
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. |
Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады. Биылғы бітіруші түлектер өздерінің арттарына ұмытылмастай із қалдырды. |
-Балам, қайдан келдің? -Астанадан Толымды түрі: -Балам, (сен) қайдан келдің? -(Мен) Астанадан (келдім). |
Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан. |
3. Жалаң сөйлем |
4. Жайылма сөйлем |
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. |
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. |
Ол келді. Жаңбыржауып тұр. Бала-шағасы келіп кетті. Той думан болып тұрады. |
Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр. Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті. Той-думанды қызықты өткізді. Менің қаламымды алып қойыпты. |
№4 билеті